"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2019 жылғы 15 наурыздағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 наурызда № 18407 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) күнтізбелік жылғы 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін;";

      21-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақта көрсетілген шет тілі (ағылшын) бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға республикалық бюждет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш беру кезінде, сондай-ақ ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін 40 балл; қысқартылған оқу мерзімін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін 50 балл есептеледі.

      Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына өтініш берген немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде желілік ЖОО тексереді.";

      33-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) кезекшілер құрамын бекіту және оларға нұсқаулық өткізу.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.І. Ешенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Э. Суханбердиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады