Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 наурызда № 18429 болып тіркелді.

      "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әуежайлардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аэронавигациялардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "_____" ___________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 145 бұйрығына
1-қосымша

Әуежайлардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт

      ________________________                   20__ жылғы "___"_________

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі Әуежай деп аталатын,

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің

      атауы, бизнес-cәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________ атынан

      _______________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________ бір тараптан және

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _______________________________

      ___________________________________________________________________

      (реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұтынушының атауы, жеке сәйкестендіру

      нөмері/бизнес-сәйкестендіру

      нөмері)_____________________________________________________ атынан

      ______________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ____________________________________________________ екінші тараптан,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шарттың нысанасы

      1. Әуежай осы Шартқа сәйкес әуежайлардың мынадай

      _____________________________________ реттеліп көрсетілетін қызметтерін

      (реттеліп көрсетілетін қызметтердің атауы)

      жүзеге асырады, ал Тапсырыс беруші осы Шартта белгіленген тәртіппен және

      мерзімдерде Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлейді.

      2. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған

      осы Шарт Тапсырыс берушімен жеке тәртіппен жасалады.

2-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      3. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті. Осы Шартта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

3-тарау. Есеп айырысу тәртібі

      4. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

      5. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді Тапсырыс беруші ақы төлеуге шот ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нақты реттеліп көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу жүргізілетін мемлекеттік авиация үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 562 ҚБП қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшуларды қоспағанда, төлемге шот ұсынылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мәлімделген (келісілген) көрсетілетін қызметтердің көлемі құнының 100 %-ын алдын ала ақы төлеу шартымен жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу іс жүзінде көрсетілген қызметтердің көлемі үшін екі жақты актілер мен шот-фактуралардың негізінде қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

      7. Тапсырыс беруші шотты алған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Әуежайды сол даулы мәселелер туралы жазбаша нысанда хабардар етеді, оларға байланысты көрсетілген мерзімде шот төленбейді. Тараптар дәлелді бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіспеушілікті реттеуге тиіс.

      8. Басқа тараптың алдында дебиторлық берешегі бар тарап өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің негізінде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредитор алдындағы берешек сомасын төлеуді жүзеге асырады.

      9. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша Тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындауы деп есептелген төлемдердің барлық сомаларын Тапсырыс берушінің енгізу фактісі немесе Әуежайдың шотына есептелген төлемдердің барлық сомаларының түсу фактісі танылады.

      10. Әуежайдың шоттарына ақы төлеу кезінде ақша қаражатын аударуға байланысты шығындарды Тапсырыс беруші төлейді.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Әуежай:

      1) Тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;

      2) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге уақтылы ақы алуға;

      3) Тапсырыс берушінің кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      12. Әуежай:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, Тапсырыс берушіге әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтерді тең пайдалану жағдайларын ұсынуға;

      2) Әуежаймен келісілген Тапсырыс беруші рейстерінің қозғалыс кестесіне сәйкес әуе кемелерін әуежай аумағына қабылдауды кейіннен шығарумен қамтамасыз етуге;

      3) Тапсырыс берушіні реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге арналған тарифтердің өзгеруі туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;

      4) Тапсырыс беруші ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді уақытша тоқтату немесе шектеу шешімінің себептері мен мерзімі туралы хабардар етуге;

      5) Тапсырыс беруші өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының әуе көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      13. Тапсырыс беруші:

      1) осы Шартқа сәйкес белгіленген сапада реттеліп көрсетілетін қызметтерді алуға;

      2) Әуежайдан тарифтердің өзгеруі туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ақпарат алуға;

      3) Әуежайдың кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      14. Тапсырыс беруші:

      1) Әуежаймен рейстердің қозғалыс кестесін алдын ала келісуге, әуе кемесіне (жүкті, поштаны, жолаушыларды, багажды) тиеу туралы ақпаратты ұсынуға;

      2) Әуежайдың аймағында жұмыстардың барлық түрлерін ұшулардың қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті, санитарлық режимнің нормаларын қамтамасыз етуді регламенттейтін талаптарға қатаң сәйкестікте жүргізуге, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету, қол жүктерді, поштаны, жүктерді өңдеу жөніндегі қолданыстағы ережелерді сақтауға;

      3) Әуежаймен келісілген рейстердің қозғалыс кестесінің орындалуын қамтамасыз етуге;

      4) Әуежайға талап етілетін барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуға;

      5) Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтердіне ақы төлеуді Шартта белгіленген тәртіппен жүргізуге;

      6) Әуежайды рейстер қозғалысының келісілген кестесінің бұзылуы және оны бұзудың себептері туралы уақтылы хабардар етуге;

      7) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған кезде әуежайға қолданыстағы пайдаланушы сертификатын ұсынуға міндетті.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу

      15. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      16. Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

6-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Тараптар міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кідірткені үшін, егер мұндайлар еңсерілмейтін күштің (көздеуге немесе жоюға мүмкін болмайтын зілзала апаты немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін әскери іс-қимылдардың, ереуілдердің және өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап басқа тарапқа еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы және аяқталуы туралы 48 (қырық сегіз) сағат ішінде хабардар етуге міндетті.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Егер тараптардың бірeуі еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тарап бірінші тарапқа шартты бұзған күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы хабарлап, Шартты бұзуға құқығы бар.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Пошта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетілген өзгерістер пайда болған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Өзге де ережелер

      21. Шарттың талаптары тараптар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша ескертуге тиіс.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.

      Шарт мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және шарт ол тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа шарттармен толықтырылуы мүмкін.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Шарт 20_ жылғы "___" ______сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді және 20_ жылғы "___" ______ 24 сағат бойы, ал тараптардың міндеттемелері бөлігінде оларды толық орындағанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-тарау. Шартты қолдану мерзімі және қолдануды тоқтату тәртібі

      27. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда не Шарттың талаптары бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда не Шарттың талаптары бойынша мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.05.2021 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша осы Шартқа ажырамас бөлігі ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.

9-тарау. Тараптардың деректемелері

Әуежай:
___________________

Тапсырыс беруші:
____________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 145 бұйрығына
2-қосымша

Аэронавигациялардың реттелетін қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт

      _________________________                         20_ жылғы "___" ___________

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі Орындаушы деп аталатын ____________________________________

                                          (қызметтер көрсетуді ұсынатын

      ___________________________________________________________________

                  субъектінің атауы, құрылтай құжаттары)

      ___________________________________________________________________

      (құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      ____________________________________________________________ атынан

      куәлік* немесе анықтама, берілген күні және берген орган)

      _____________________________________________________ негізінде әрекет

      ететін _____________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын пайдаланушы

      ___________________________________________________________________

      (пайдаланушының деректемелері, құрылтай құжаттары, заңды тұлғаны

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама,

      берілген күні және берген орган)

      ____________________________________________________ екінші тараптан,

      мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Орындаушы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде (ұшу бағытында және әуеайлақ маңайында) Тапсырыс берушінің әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынады.

      3. Тапсырыс беруші аэронавигациялық қызметтер көрсетуге Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ақы төлейді.

3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Орындаушы:

      1) әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау мен үйлестіру процесінде, әуе кеңістігін пайдалану мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдықтарына сүйене отырып, тапсырыс беруші мәлімдеген әуе кеңістігін пайдалану талаптарына қажеттігіне қарай (жер, уақыт пен биіктік) өзгерістер енгізеді. Әуе кеңістігін пайдаланудың мәлімделген талаптарына өзгерістер туралы өтінім (ұшу жоспарын) берген тапсырыс берушіге хабарланады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын қызметтерге тарифтерді өзгертуге;

      3) ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы ақы алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      5. Орындаушы:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін Тапсырыс берушінің мүдделеріне пайдалануды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланудың қолданыстағы талаптарына сәйкес үйлестіруді қамтамасыз етуге;

      2) аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес әуе кемелерінің ұшуын аэронавигациялық қамтамасыз ету құралдарын ұсынуға;

      3) ұшу барысында ерекше жағдайлар туындаған кезде тиісті қызметтерді авариялық хабарлауды қоса алғанда, әуе қозғалысын тікелей басқаруды және ұшу барысында экипаждарға қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етуге;

      4) ұшу уақытында Тапсырыс берушіні метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;

      5) Тапсырыс берушінің әуе кемелерінің экипаждарын әуе қозғалысын басқару арналары арқылы түсетін жедел аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;

      6) авиациялық телеграф байланысы арналары арқылы ұшуларды тікелей орындауға байланысты хабарларды беруге;

      7) Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының авиация саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      8) Тапсырыс берушіні тарифтердің өзгеруі туралы заңнамада көзделген тәртіпте және мерзімде хабардар етуге міндетті.

      6. Тапсырыс беруші:

      1) белгіленген сапада қызметтер көрсетуді алуға;

      2) Орындаушыдан тарифтердің өзгергені туралы заңнамада көзделген тәртіпте және мерзімде ақпарат алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.

      7. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес ұшуларға арналған қажетті жоспарларды және оның өзгерістерін және ұшуларды жоспарлау мәселелерін реттейтін басқа құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ Тапсырыс берушіге осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген Тапсырыс берушінің әуе кемелері тізбесіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлауға;

      2) Орындаушыға ұшулар мен әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынуға;

      3) әуе көлігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

4-тарау. Ақы төлеу тәртібі

      8. Әуе кемелергe аэронавигациялық қызмет көрсетілгені үшін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтерге сәйкес жүргізіледі.

      9. Орындаушы айына бір рет Тапсырыс берушіге орындалған рейстердің тізілімін қоса бере отырып шоттар ұсынады.

      Тапсырыс беруші тұрақты рейстерге қызмет көрсету жөнінде ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеуді берілген шоттың негізінде, Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын есептеу жолымен шотты алған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде жүргізеді.

      10. Тапсырыс берушінің әуе кемелері ұшуларының чартерлік рейстерін орындаған кезде ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеу алдын ала ақы төлеу шартымен жүргізіледі.

      11. Берілген шоттармен келіспеген жағдайда, Орындаушы мен Тапсырыс беруші орындалған рейстердің шоттарына және тізілімдеріне нақтылау жүргізеді.

      Шоттарды қарау мен нақтылау мерзімі бір айдан аспауға тиіс. Шоттар мен тізілімдер бойынша ақы төлеуді нақтылау осы шоттар бойынша ақы төлеу мерзімін тоқтатпайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомаларды Орындаушы Тапсырыс берушіге келесі шотты ұсынған кезде ескереді.

      12. Орындаушының шоттарына ақы төлеу кезінде ақша қаражатын аударуға байланысты шығыстарға Тапсырыс беруші жауапты болады.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      13. Шартта көзделген міндеттемелер орындалмаған немесе тиесілі орындалмаған жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      14. Шартта көзделген ұсынылған қызметтер үшін төлем мерзімі өткен жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға осы сомаларды төлеу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен 1,5 еседен аспайтын мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шартты жасаған кезде жүргізіледі.

      15. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

6-тарау. Форс-мажорлық мән-жайлар

      16. Тараптар міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кідірткені үшін, егер мұндайлар еңсерілмес күштің (көздеуге немесе жоюға мүмкін болмайтын зілзала апаты немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындамауға алып келетін әскери іс-қимылдардың, ереуілдердің және басқа мән-жайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.

      17. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай мән-жайлардың туындағаны туралы олар туындаған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге міндетті.

      18. Егер тараптардың біреуі еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

7-тарау. Өзге ережелер және дауларды шешу

      19. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарап басқа тарапқа бұл туралы күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей ескертуге тиіс.

      20. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.

      21. Шартқа барлық өзгерістер, толықтырулар мен келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      22. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

      23. Тараптар бірін-бірі орналасқан жерінің немесе нақты мекенжайының өзгергені туралы хабардар етуге міндетті.

8-тарау. Шартты қолдану мерзімі

      24. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.

      25. Шарт 20_жылғы "___" ________ сағат 00-00-ден бастап күшіне енеді және 20_жылғы "___" ________ 24 сағат бойы қолданылады.

      26. Шартты қолдану мерзімі тараптардың келісімі бойынша Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын тараптардың біреуінің мәлімдеуі бойынша, аэронавигация қызметтер көрсетуінің көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылуы мүмкін.

9-тарау. Тараптардың деректемелері

Орындаушы:
___________________

Тапсырыс беруші:
____________________

      Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік.

  Аэронавигациялардың
реттелетін қызметтерін
көрсетуге арналған
үлгілік шартына
қосымша

Тапсырыс берушінің әуе кемелерінің тізбесі

№ п/п

Әуе кемесінің типі

Тіркеу номері

Тіркеген ел

Әуе кемесінің максималдық ұшу массасы (тонна)
















      Сертификаты (пайдаланушының ұшуға берілген жалпы белгілеу куәлігі)

      № _______, берілді "___" ____________ жыл.

      Мынадай қызмет түрлеріне рұқсат

      берілген:______________________________________________

      Берілген кодттар: ішкі _____, халықаралық азаматтық авиация ұйымы

      (ИКАО) ______.

Орындаушы:
___________________

Тапсырыс беруші:
____________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады