Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 наурызда № 18430 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру ережелерін және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13342 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру ережелерін және жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кешенді тексерулер нәтижелері ӘОО әкімшілік кеңесінде талқыланады және ӘОО бастығының бұйрығында жарияланады. Кешенді тексерулер талдауы оны өткізгеннен кейін бір ай ішінде әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге ұсынылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше жыл сайын 1 наурызға дейін ӘОО-ларға Қорғаныс министрі бекіткен мамандықтарға және тиісті біліктіліктерге қабылдау жоспарын ұсынады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. 1 тамызға дейін ӘОО бастығының жаңа оқу жылына әзірлік туралы әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің бастығына баяндауы жүргізіледі.";

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘОО негізгі іс-шараларының оқу жылына арналған күнтізбелік жоспарын ӘОО штабы факультеттермен, кафедралармен (циклдермен), бөлімдермен, қызметтермен және басқа да бөлімшелермен бірлесіп әзірлейді, әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің бастығымен келісіледі және оқу жылы басталғанға дейін екі апта бұрын ӘОО бастығы бекітеді.";

      24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӘОО негізгі іс-шараларының келесі айға арналған күнтізбелік жоспарын ай басталғанға дейін, 5 жұмыс күннен кешіктірмей ӘОО бастығы бекітеді, факультеттер, кафедралар (циклдер), бөлімдер, қызметтер бастықтарына және оқу бөлімшелерінің командирлеріне олардың жұмысын жоспарлау үшін жеткізіледі. ӘОО негізгі іс-шараларының бір айға арналған күнтізбелік жоспарының бір данасы әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге ұсынылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) аралық және қорытынды аттестаттаулар қорытындылары бойынша оқу процесіне талдау жасайды, ол есептерде көрсетіледі. Есептер Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) аралық және қорытынды аттестаттаулар аяқталғаннан кейін екі аптадан кешіктірілмей ұсынылады. Ұлттық қорғаныс университеті барлық ӘОО-лардың есептеріне жалпы талдау жасайды және оларды әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге ұсынады.";

      2. "Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13294 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖӘОО-лар және Кадет корпусы үшін оқулық басылымдарын ресімдеуді әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше айқындайды.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рецензияны уақтылы ұсынбаған жағдайда ЖӘОО әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге ақпарат жолдайды.";

      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оң шешім болған жағдайда ЖӘОО-ның оқу-әдістемелік кеңесі Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің (бұдан әрі – ҰҚУ) оқу-әдістемелік кеңесіне оқу-әдістемелік кеңес отырысының хаттамасынан үзіндіні, сараптамалық қорытындыны, рецензияларды, үш данада оқулық қолжазбасын жолдайды. Оқулық қолжазбасы ҰҚУ-да дайындалған және оқу-әдістемелік кеңестің оң шешімі болған жағдайда отырыс хаттамасынан тиісті үзінді жасалады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Оқулыққа белгі беру жөніндегі комиссияның оң қорытындысын бекіткен кезде ҰҚУ оқу-әдістемелік кеңесі отырысының хаттамасынан тиісті үзінді мен материалдар (ҰҚУ оқу-әдістемелік кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді, оқулыққа белгі беру жөніндегі комиссияның қорытындысы, рецензиялар, үш данадағы оқулық қолжазбасы) әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге жолданады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше материалдар келіп түскен сәттен бастап бір ай ішінде оқулыққа белгі беру жөнінде өз қорытындысын ұсынады. Әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше қажет болған кезде келіп түскен материалдарды қарау жөнінде тиісті комиссия құрады, сондай-ақ осы оқулық басылымының қолжазбасына қатысты басқа да материалдарға сұрау салады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Оң шешім болған жағдайда әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше шығару нысанын, таралымын және шығаруға ұсынылған мерзімді көрсете отырып, ҰҚУ-дың оқу-әдістемелік кеңесіне тиісті қорытындыны жолдайды. Оқулыққа "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жоғары әскери оқу орындарына арналған оқулық ретінде ұсынады" деген белгі беріледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің оң шешімінің негізінде тиісті материалдармен бірге (әскери білімді жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше қорытындысы, рецензиялар) оқулық қолжазбасы баспа және электрондық түрде ЖӘОО баспаханасына (редакциялық-баспа бөліміне) немесе Кадет корпусының оқу бөліміне жолданады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Редакциялық-баспа бөлімі оқулық басылымдарын оқу-әдістемелік кеңестің (педагогикалық кеңестің) не әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің тиісті шешімдерінде көрсетілген таралыммен және мерзімдерде басып шығаруды жүзеге асырады.";

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады