"Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 наурызда № 18434 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16364 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген, жеке тұлғаның салықтық шегерімді қолдану туралы өтінішінің нысанында:

      алтыншы бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі (нұсқалардың бірінде T белгілеңіз):

      а) жұбайы (зайыбы) кіріс есептелген әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 23 - еселенген мөлшерінде қолданатынын (өтінішке жұбайының (зайыбының) колы қойылуы керек);

      б) жұбайы (зайыбы) кіріс есептелген әрбір ай үшін айлық есептік көрсеткіштің 12 - еселенген мөлшерінде қолданатынын (өтінішке жұбайының (зайыбының) қолы қойылуы керек)";

      аталған бұйрықпен бекітілген, жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысанында:

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басшы ________________                  ___________             _________

                  (Тегі Аты Әкесінің аты (егер       (мөрдің орны,             (қолы)".

                  бұл жеке басын                   жеке кәсіпкерлік

                  куәландыратын құжатта болса)       субъектілеріне жатпайтын

                                                заңды тұлғаларды қоспағанда)

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады