"Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 наурызда № 18440 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14312 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шартты жасасу үшін тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында:

      11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Осы Қағидалардың 11-1 тармағымен айқындалған ерекшеліктертерді ескере отырып, Уәкілетті компанияның мердігермен (бас мердігермен) жасасқан құрылыс мердігерлік шартының негізгі ережелерін талдау;";

      мынадай редакциядағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Егер тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысының жобасын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі – АЭА қатысушысы) қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға болып табылатын Уәкілетті компания жүзеге асыратын болса, онда құрылыс мердігерлік шарты Уәкілетті компанияның жобалау-сметалық құжаттамасымен қарастырылған материалдардың және (немесе) жабдықтардың бөлігін сатып алуынан тұруы мүмкін.";

      2-қосымшада:

      Құжаттар тізбесіне:

      3-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Заңмен айқындалған мөлшерде құрылыс мақсаттарына жұмсау үшін жоспарланған ақшаның бар екенін растайтын банк шоты бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы туралы үзінді немесе аяқталмаған құрылысы бар (басталған құрылыс кезінде) жер учаскесін бағалау туралы тәуелсіз бағалау компаниясының есебі және құрылыстың басталғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері (құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон, аяқталмаған құрылыс объектісін (бар болған жағдайда) консервациялау, авторлық және техникалық қадағалау шарттары; конструкциялардың және ғимараттардың тұрақтылығы мен инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің сенімділігінің жай-күйіне жобаны техникалық тексеру туралы есептің түпнұсқасы не инжинирингтік компанияның қорытындысы); конструкциялардың және ғимараттардың тұрақтылығы мен инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің сенімділігінің жай-күйіне жобаны техникалық тексеру жүргізуге және Кепілдік беру қорының өкілдерімен (аяқталмаған құрылыс бар болған жағдайда) аяқталмаған құрылысқа бағалау жүргізуге құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның келісім-хаты;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) тұлғаның мердігерлік шартқа (уәкілетті органның шешімі/ бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық) қол қою өкілеттігін растайтын, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса ұсына отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің бекітілген жоспарымен уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) арасында жасалған шарт көшірмесі.

      Егер құрылыс мердігелік шартының тарапы болып Уәкілетті компания – АЭА қатысушысы, сұранымға сатып алынатын материалдардың және (немесе) жабдықтардың көлемі, осындай сатып алуды қаржыландыру дереккөздері туралы ақпарат қоса тіркеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады