Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 194 және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 161 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 18456 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.М. Алтынбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр
2019 жылғы "____" _________

Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев
2019 жылғы "____" _________


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 161 және
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 28 наурыздағы
№ 194 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 17.01.2022 № 13 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.01.2022 № 30-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Р/с

Объектіні және қолданылу саласын көрсетумен
өлшем атауы

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

өлшем
диапазоны

Рұқсат етілетін шекті қателік
немесе дәлдік сыныбы

1

2

3

4

5

1

Ұзындықты өлшеу – адамның геометриялық параметрлерін өлшеу, жазықтықтағы заттар арасындағы ұзындықты немесе қашықтықты өлшеу үшін

0 мм – 100000 мм

дәлдік сыныбы 1, 2, 3, 4, 5
∆ = 0,1 мкм – 50 мм
d = ± (0,25 - 5) %


2

Ұзындықты өлшеу – дәл топогеодезиялық карталарды жасау үшін

0 мм – 2500 мм

дәлдік сыныбы 1, 2, 3, 4, 5
∆ = 0,1 мкм – 50 мм
d = ± (0,25 - 5) %


3

Қалыңдықты өлшеу – ыдыс, қысыммен жұмыс істейтін қазандар қабырғаларының қалыңдығын, бөлшектердің тозуын өлшеу және қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін қозғалтқыштар мен агрегаттарда өлшеу жүргізу үшін

0 мм – 1000 мм

∆ = ± (30 - 150) мкм


4

Тереңдікті өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін агрегаттар мен механизмдер тораптарының өндірілуін өлшеу үшін

0 мм – 2500 мм

∆ = ± (30 - 200) мкм


5

Бұрыштарды өлшеу – қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде еңкею, құлау, бірігу бұрыштарын және басқа да жазық бұрыштарды өлшеу үшін

00 – 3600

дәлдік сыныбы 0, 1, 2
∆ = 0,5" – 15'


6

Массаны өлшеу – дене массасын өлшеу, қабылданатын немесе берілетін материалдық құралдарды есепке алу үшін

1 мг – 200000 кг

дәлдік сыныбы 1; 2; 2,5; 4
дәлдік сыныбы Е1, Е2, F1, F2, М1, М2, М3
орташа дәлдік сыныбы
∆ = 0,1 мг – 100 кг

масса бірлігі болып табылатын өлшем бірліктері

7

Күш өлшеу (тарту, созу) – қару-жарақ пен әскери техниканың көтергіш механизмдеріне қызмет көрсету және олардың беріктігін куәландыру кезінде күш немесе жұмсалатын күш-жігерді өлшеу үшін

0,01 Н – 2000 кН;
0,5 кгс/м – 250 кгс/м

d = ± (0,1 – 5) %


8

Күш кезін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың тораптары мен агрегаттарының бұрандаларын тартуды жүзеге асыру үшін қажетті күшті өлшеу үшін

1 Нм – д 3000 Нм
0,5 кг/м – 50 кг/м

d = ± (0,5 – 5) %


9

Қысымды өлшеу – материалдық құралдарды есепке алу, жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы авариясыз пайдалану үшін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мақсатында жүйелердегі, ыдыстар мен агрегаттардағы қысымды өлшеу үшін

0 Па – 250 Мпа;
0 – 2500 кг/см2

дәлдік сыныбыы: 0,4; 0,6; 1,0; 1,5; 1,6; 2,5; 4
d = ± (0,005 – 5) %

(май, су, оттегі, сұйықтық пен газ)

10

Вакуумды өлшеу – жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау және қару-жарақ пен әскери техниканы авариясыз пайдалану үшін қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау мақсатында жүйелердегі, ыдыстардағы және агрегаттардағы вакуумды өлшеу үшін

минус 105 Па – 0 Па;
минус 104 кг/см2 – 0 кг/см2

дәлдік сыныбы: 0,4; 0,6; 1,0; 1,5; 1,6; 2,5; 4
d = ± (0,005 – 5) %


11

Айналу жиілігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника қозғалтқыштарының электр және механикалық механизмдері мен агрегаттарының айналу жиілігін өлшеу үшін

0 – 60000 об/мин

дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 4,0
d = ± (0,4 – 5)%


12

Тербеліс (діріл) жиілігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника қозғалтқыштарының электр және механикалық механизмдері мен агрегаттарының тербеліс (діріл) жиілігін өлшеу үшін

5 – 1000 Гц
0 мм/с2 – 1000 м/с2

d = ± (0,4 – 5)%


13

Жылдамдықты өлшеу – тексеру және сынау стенділерінде ұшу аппараттарының қозғалысы жылдамдығының параметрлерін өлшеу үшін

5 – 2000 км/сағ

D = (1 – 50) км/сағ


14

Сұйықтықтар мен газдардың шығысы мен мөлшерін өлшеу – қабылданатын немесе берілетін материалдық құралдарды есепке алу үшін

0,05 мл/с – 10 мл/с;
0,012 м3/сағ – 12500 м3/сағ;
4 л/мин – 250 л/мин

d = ± (0,1 – 5)%

(есептегіштер мен шығыс өлшегіштер) өлшем бірлігі (литр, текше метр және олардың еселігі) болып табылатын өлшем бірліктері

15

Ауа ағынының жылдамдығын өлшеу – метеостанциялардағы ауа ағынының жылдамдығын, сондай-ақ ұшу аппараттарының құрамына кіретін бақылау аппаратурасын өлшеу үшін

0,2 м/с – 30 м/с

∆ = ± (0,1 - 2) м/с
d = ± (0,5 – 10) %


16

Сұйықтықтар мен газдардың мөлшерін өлшеу – резервуарлар мен цистерналардағы сұйықтықтар мен газдардың мөлшерін өлшеу үшін

2 дм3 – 50000 дм3;
100 м3 – 200 000 дм3

d = ± (0,02 -0,5) %


17

Тығыздықты, үлес салмағын және концентрацияны өлшеу – жанар-жағармай материалдарының, улы-техникалық сұйықтықтар мен газдардың құрамына кіретін заттарды өлшеу үшін

4,0×10-7 м2/с – 3 г/см³;
0 % – 100 %;
650 кг/м3 – 2000 кг/м3

∆ = ± (10-5–10-6) г/см³
∆ = ± (0,05-0,5) %
∆ = ± (0,5-20) кг/м3


18

рН өлшеу – жанар-жағармай материалдарының құрамына кіретін рН заттардың деңгейін өлшеу үшін

минус 20 бірл. рН – 20 бірл рН

∆ = ± 0,003 бірл. рН – ± 0,5 бірл. рН


19

Ылғалдылықты өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану және жеке құрамның тұруы объектілеріндегі ылғалдылықты өлшеу үшін

0% – 100 %

∆ = ± 2% – ± 6 %


20

Температураны өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану және жеке құрамның тұруы объектілеріндегі температураны өлшеу үшін

минус 200 °С – 1600 °С

d дов = ± (0,01 – 5,0) °С
d = ± (0,25 – 1,0 )%


21

Температураны өлшеу – жеке құрам болатын объектілердегі температураны өлшеу үшін

минус 80 °С – 100 °С

d дов = ± (0,01 – 5,0) °С
d = ± (0,25 – 1,0 )%


22

Жарық күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарық күшін өлшеу үшін

1 – 100000 лк
1 – 55000кд/м3
0 – 100 %

D = ± (2.0 – 10)%
D = ± (0,2 – 1,0)%


23

Жарық өткізу коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарық өткізу коэффициентін өлшеу үшін

1 % – 100 %

D = ±(1,0 – 5,0) %


24

Жарықтың сыну күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техниканың құрамына кіретін оптикалық аспаптарды теңшеу және пайдалану кезінде жарықтың сыну күшін өлшеу үшін

минус 30 дптр – 25 дптр

D = ± (0,05 - 0,25) дптр
d = ±0,25%


25

Шу мен дірілді өлшеу – мүлікті есепке алу, сақтау, пайдалану объектілерінде шу мен дірілді өлшеу үшін

20 – 140 дБ
1 – 40000 Гц

дәлдік сыныбы 0,5; 1,0; 1,5
D = ± (0,5 – 1,0) дБ


26

Тұрақты ток кернеуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

10-6 – 5000 В

дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
d = ± (0,0002 % - 10) %


27

Ауыспалы ток кернеуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

10-6 – 5000 В

дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
d = ± (0,0002 % - 10) %


28

Ауыспалы ток күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

10-10 – 150 А

дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
d = ± (0,0002 % - 10) %


29

Тұрақты ток күшін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

10-10 – 150 А

дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
d = ± (0,0002 % - 10) %


30

Электр кедергісін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

10-4 – 1015 Ом

дәлдік сыныбы 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
d = ± (0,0002 % - 10) %


31

Электр сыйымдылығын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

10-14 – 0,02 Ф

дәлдік сыныбы 0,5; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5; 4,0
d = ± (0,05 % - 10) %


32

Электромагниттік индукцияны өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

0,1 мкГн – 1000 Гн

d = ± (0,02 – 10) %


33

Электр сигналының қуатын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

0 – 400 Вт

d = ± (1 – 10) %


34

Жиілікті өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде сигналдардың жиілігін өлшеу үшін

0 – 37,5 ГГц

d = ± (0,05-5×10-9) %


35

Уақытты өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде аппаратураның уақытын, жұмыс уақытын өлшеу үшін

0 с – 9 сағат 59 минут 59 с

d = ± (0,005 - 0,05) %


36

Сигналдың әлсіреуін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

0 – 140 дБ

D = ± (0,03 - 5) дБ


37

Амплитудалық модуляция және жиіліктің девиациясы коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

0,1 – 100 %
1 – 1000 кГц

D = ± (0,015 - 3) %
d = ± (2 – 5) %


38

Сіңірілетін қуатты өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

0,1мкВт – 5000 Вт

d = ± (0,1 – 25) %


39

Беру және көрсету коэффициенттерін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

1,05 – 5

D = ± (0,05 - 5) К


40

Фазалардың айырмашылығын өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

0 – 360 °

D = ± (0,1 - 2,5) °


41

Күшейту коэффициентін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

минус 20 – 100 дБ

d =± (4 – 25) %


42

Рентген және гамма сәулелену дозасын өлшеу – жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде

60 нЗв/сағ – 10 Зв/сағ;
0,0272 мкР/с – 830 мкР/с;
0,03 – 4,4 МэВ

d = ± (2,5 - 30) %


43

Альфа-бета-гамма сәулелену спектрін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

20 – 6000 кэВ

d = ± (1 – 60) %


44

Радионуклидтердің белсенділігін өлшеу – қару-жарақ пен әскери техника объектілерін пайдалану кезінде өлшеу үшін

1,5 Бк – 106 Бк

d = ± (4 – 15) %


      Негізгі пайдаланылатын қысқартулар:
А – ампер;
В – вольт;
кВт – киловатт;
кг – килограмм;
мг – миллиграмм;
л/мин – минутына литр;
м – метр;
мм – миллиметр;
мкм – микрометр;
м/с – секундына метр;
кН – килоньютон;
ГОм – гигаом;
МОм – мегаом;
Па – паскаль;
гПа – гектопаскаль;
кПа – килопаскаль;
МПа – мегапаскаль;
ГГц – гигагерц;
дптр – диоптрия;
рН – сутегі көрсеткіші;
нЗв /сағ – сағатына нанозиверт;
мкР / с – секундына микрорентген;
°С – Цельсий градусы;
° – градус;
' – минут;
" – секунд;
% – процент;
D – абсолютті қателік;
d – салыстырмалы қателік.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады