"Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 18472 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 429-432 (26275) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жылжымалы КББ-де көліктік бақылауды жүргізу кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі іске қосылып тұруы керек.

      КББ қызметкерлері автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киюге, олардың нөмірлі омырау белгілері және қызметтік куәліктері болуы тиіс.

      Осы Қағидаларың 15, 16, 32 және 34-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде аудио, бейнежазба бейнежетон арқылы, ал ол болмаған жағдайда аудио, бейнежазба құралдарымен (фото, -бейнекамера, аудио, бейнежазба функциясы бар ұялы байланыстық абоненттік құрылғысы) жүргізіледі. Бейнежетондарды немесе аудио, бейнежазба құрылдарын пайдалану процесінде КББ қызметкері құрылғыларда белгіленген күні мен уақытының, аккумулятор зарядының жеткілікті деңгейінің дәлдігіне көз жеткізеді.";

      16-тармақ мынандай мазмұндағы 6) тармақшамен толтырылсын:

      "6) жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы немесе тексеріске қажетті құжаттарды ұсыну туралы не көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерді өлшеу туралы талаптарды орындамаған жағдайда, ӘҚБтК көзделген тәртіпте және мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкеріне көлік құралының және жүргізушінің (болған жағдайда) деректерін хабарлайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Үй-жайдағы немесе арнайы автокөлік салонындағы КББ-нің қызметкері:

      1) жүк тасымалдарын автомобиль көлігімен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;

      2) тексерілген барлық көлік құралдары туралы мәліметтерді көліктік дерекқордың ақпараттық-талдамалық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді;

      3) әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, ӘҚБтК белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізеді;

      Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 10 минут.

      Осы тармақтың 3) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 60 минут.

      Осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген іс-әрекеттерді орындау үшін азаматтық қызметшілерді жұмылдырылуы мүмкін.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бақылаудан өту бақылау нәтижелері туралы актінің нысанын толтыру, оған және жүргізуші ұсынатын рұқсат құжаттарына (бар болған жағдайда) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мөртабан үлгісіне сәйкес мөртабан қою арқылы ресімделеді.

      КББ-нің аға қызметкері мен жүргізушінің қолдары қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі тексерілген көлік құралының жүргізушісіне беріледі.

      Жүргізушіде мөртабан қойылған бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының автомобиль қозғалысы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес басқа КББ-де қосымша тексеріс жүргізілмейді.

      20. Бақылаудан өту туралы мөртабан:

      1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес шетел тасымалдаушылары үшін рұқсат құжаттарының екінші жағына (бар болған жағдайда), сонымен бірге бақылау нәтижелері туралы актісіне;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері болатын отандық тасымалдаушылар үшін бақылау нәтижелері туралы актісіне қойылады.

      Бақылаудан өту туралы мөртабан көлік құралын жүк жөнелтуші пломбалаған жағдайда қойылады.

      Пломба үзілсе және жүргізушіде мөртабан қойылған бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі болған жағдайда, көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлері басқа КББ-де бақылау жүргізіледі.";

      24-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толтырылсын:

      "7-1) кестеден ауытқып кеткен жағдайда демалуға және тамақ ішуге арналған үзілістің басталуы мен аяқталуы туралы.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеу мынадай ретпен өткізіледі:

      1) көлік құралын өлшеуді жүзеге асыру алдында оның мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын және (немесе) жылжымалы мобильді таразыларға енгізіліп, сондай-ақ онда өлшеу күні мен уақыты белгіленеді;

      2) мобильді таразыларда көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің дөңгелектерін мобильді таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;

      3) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында көлік құралының алдыңғы және артқы біліктерінің немесе біліктер тобының (екі және үш білікті) дөңгелектерін таразылардың платформаларына кезекпен мінгізу арқылы кезеңмен өлшеу жүзеге асырылады;

      4) өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларда бейнеленетін мәндердің ауытқуын болдырмайтын күйде таразылардың платформаларында көлік құралы толығымен тоқтаған кезде ғана тіркеледі;

      5) көлік құралын өлшеу нәтижелері қағаз тасығышқа шығарылады, көшірмесі жүргізушінің талабы бойынша беріледі.

      Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін мобильді таразыларда өлшеу Комитеттің келісімі бойынша Инспекция басшысы бекеткен тізбеге сәйкес алдын ала дайындалған алаңдарда жүргізіледі.

      Көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге арналған алаң жол жабындысында орналасуы керек, жолдың жарықтандырылған учаскелерінде, сонымен қатар көлік құралының барлық осьтері бірқалыпты деңгейді сақтайтындай болуы керек.

      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында орналасқан көлік құралының нақты салмақтық параметрлерін өлшеуге арналған алаңдар мобильді таразының платформасының биіктігі енетіндей тереңдікте болу қажет.

      Елді мекендердің көшелерінде біліктер топтарына көлік құралдардың салмақ өлшеуі нақнұсқаларды қолдана отырып жүргізіледі.

      Осы тармақтың 4-бөлігінде көрсетілген алаңдар болмаған жағдайда, мобильдық таразыларын көмегімен көлік құралының нақты салмақтық көлемін өлшеу көлік құралының барлық біліктерінің біркелкілігін қамтамасыз ететін жол жабынында біліктер топтарына нақнұсқаларды қолдана отырып жүргізіледі.

      Стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразылары дұрыс жұмыс істемеген кезде немесе олардың техникалық сипаттамалары сол уақыттағы ауа-райы шарттарына сәйкес келмеген кезде көлік құралының нақты салмақтық параметрлері өлшеу жүргізілмейді.

      Осы тармақтың 1-5) тармақшасымен көзделген КББ қызметкерлерінің іс-әрекетіне арналған ең ұзақ уақыт – 20 минут, ал 6 (алты) және одан көп білікті автокөлік құралына көліктік бақылау жүргізілген кезде мұндай іс-әрекеттерге арналған максималды рұқсат етілген уақыт – 30 минут.";

      33, 34, 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Егер стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе жылжымалы мобильді таразыларда ақпаратты қағаз тасымалдағышқа басып шығару функциясы болған жағдайда, КББ қызметкерлері оларда белгіленген күні мен уақытының, сондай-ақ тексеріліп жатқан көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің дәлдігіне көз жеткізеді.

      Сұйық жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарын өлшеу нәтижелері стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығының және (немесе) жылжымалы мобильді таразылардың платформаларына көлік құралының дөңгелектерін қою салдарынан пайда болатын төгілу және (немесе) толқындарды болдыртпайтын жағдайларды қамтамасыз еткеннен кейін тіркеледі.

      Егер нақты салмақтық параметрлері жол берілетін параметрлерден артық анықталған жағдайда қағаз тасымалдағышқа басып шығарған ақпарат әкімшілік іс жүргізу материалдарына қосылады.

      34. Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) мынадай:

      1) жүргізушінің талабы бойынша онымен Актіде көлік құралының салмақтық немесе габариттік параметрлерін айқындау нәтижелерімен келіспеу туралы белгі жасалған кезде;

      2) жүргізушінің талабы бойынша арнайы автоматтандырылған өлшеу құралында электронды тақтада (болған жағдайда) көрсетілген рұқсат етілген салмақтық габариттік параметрлерінің асқандығы туралы ақпаратпен келіспеген жағдайда;

      3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылдаған және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлеріне сәйкес келтірілгеннен кейін;

      4) осы тармақтың 2-тармақшасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралының жол берілген параметрлерінің асқанын, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы дұрыс өтпеу тіркелген жағдайда, жүргізіледі.

      Осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) Актімен танысу сәтінен бастап 40 қырық минуттан ұзақ болмауы керек.

      Осы тармақтың 2) тармақшасымен көзделген жағдайда көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) бағдардағы жақын КББ-де және арнайы автоматтырылған өлшеу құралдары арқылы жүріп өту үш сағаттан ұзақ болмағанда өткізіледі.

      Көлік құралын КББ аумағына кіретін арнайы алаңшаларда, тұрақтарда немесе алаңшаларда уақытша жеткізу (эвакуациялау) кезінде қорытынды салмақ өлшеу жүргізілмейді.

      Автокөлік құралына қатысты бақылаулық өлшеу (өлшем) жүргізілген жағдайда бақылаулық өлшем негіз ретінде алынады.

      35. Көлік құралының параметрлерін бақылаулық өлшеу Қағидалардың 28, 29, 31, 32, 33-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Көлік құралын бақылаулық өлшеу (өлшем) көлік құралының КББ бейнебақылау камераларының көру аймағында болған жағдайда жүргізіледі.

      36. Көлік құралының салмақтық параметрлерін өлшеу жылжымалы мобильді таразыларда жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, дөңгелектердің платформаларда тұруын, сондай-ақ жылжымалы мобильді таразылардың әр платформасына шығарылған біліктік жүктемелерінің цифрлық деректерін тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      Көлік құралының салмақтық параметрлерін өлшеу стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығында жүргізілген кезде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ дөңгелектердің платформаларда тұруын тіркеу арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте стационарлық КББ ғимаратында көрінетін біліктік жүктемелерінің цифрлық деректерінің жазбасы Ахуалдық орталық қызметкерімен телевизиялық бейнебақылау жүйесі көмегімен тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      Көлік құралының габариттік параметрлеріне бақылаулық өлшем жүргізген кезінде аудиобейнежазба көлік құралының жалпы түрін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін, сондай-ақ өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін пайдалана отырып, өлшеу барысын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасымен көзделген жағдайда бастапқы өлшеу (өлшем) мен бақылаулық өлшеу (өлшем) өткізу арасында аудиобейнежазбады үздіксіз (тоқтаусыз) өткізу қажет.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін басқа КББ-мен өлшеу, осы Қағидалардың 34-тармағымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушымен мөртабаны қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі, не жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын ұсынған кезде жүргізілмейді.";

      4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымшадағы ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: Осы ұйғарымды орындамаған немесе тиісті түрде орындамағаны үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен жауапкершілік көзделген.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымбық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 30 наурыздағы
№ 173 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағындағы көліктік
бақылау бекеттерінің жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Тексеру нәтижелері туралы акті

      Көліктік бақылау бекеті __________________

      Тексерілетін АКҚ-ның мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері

      ____________________________________________________________

      Тексеруді жүзеге асырған қызметкердің (Т.А.Ә. (болған жағдайда),

      (лауазымы)

      _____________________________________________________________

      "Жүк жөнелтушінің атауы: _________________________________________.

      Тасымалдаушының атауы: __________________________________________.

      Жол жүру бағыты _________________________________________________.

      "Жүкті пломблау туралы ақпарат:

      _________________________________________________________________.

      (бақылаулық (сауда) белгілері немесе тисктің нөмірі)

      *Жоспарланған келу күні " " _______ 20__ж.

      *Жоспарланған келу күні тағайындалған пунктке дейінгі арақашықтыққа байланысты анықталады.

Тексеру өткізу кезінде қолданылатың заңнама талаптары

Сәйкестігі (иә/жоқ)

Ескертпе

1

Алып жүретін жүкке арналған ілеспе құжаттардың болуы (жол парағы, ТКЖ/CMR, коносамент, МДП/ТИР карнет, автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы, рұқсат бері куәлігі, жолаушылар тізімі)



2

Ауысым алдындағы техникалық және медициналық қарап тексерудің болуы



3

ҚЖХЖТ талаптарына сәйкестігі



4

Қауіпті жүктің әрбір түріне жүргізушілерге арналған нұсқаулықтың болуы



5

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсаттың болуы



6

Арнайы рұқсаттың болуы (салмақ-габариттік параметрлер асқан жағдайда)



7

Авариялық жағдайда іс-қимыл жасау жоспарының болуы



8

Тасымалдау маршрутының сәйкестігі



9

ҚЖХЖТ және ЖҚҚ-ға сәйкес тану белгілерімен жабдықталуы туралы



10

Жүргізушілердің қолданыстағы тексеру сертификаттарымен еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуы



11

Көлік құралының салмақ-габариттік параметрлерінің жол берілетін параметрлеріне сәйкестігі



12

Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде АКҚ-ның ТБТҚ талаптарына сәйкес куәлігінің болуы



13

ЕАЭО-ның мүше мемлекеттерінің бақылау органдарымен берілген хабарламалардың болуы



14

Толтырылған отандық рұқсат бланкісінің болуы



15

Тауардың шығарылған сертификатының болуы (шот-фактура, инвойс)



16

ҚР заңнамасында белгіленген максималды рұқсат етілген массаларынан асатын өзі аударғыштарына қатысты ҚР қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау



17

Билетсіз жолаушылардың жүруін, ҚР елді мекендерінің арасында жолаушыларды тасымалдау фактісін және каботажды тасымалдауды жүзеге асыруды тексеру



18

"Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 12463 болып тіркелген) сәйкес жүктердің жеке түрлерін тасымалдауға қойылатын талаптар



      Инспектордың қолы _________________________________________

      Тексерілген АКҚ-ны жүргізушінің қолы ___________________________

                                          Мөртабанға арналған орны

      Осы тексеру нәтижелері туралы акт автокөлік құралы тауар-көлік жүкқұжатында және (немесе) жол парағында жүк алушымен белгіленген жүкті түсіру пунктіне келген күнге жарамды".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады