Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 сәуірде № 18510 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 59-бабы 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі БҰЙЫРАДЫ:

      1. Бекетілсін:

      1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптар осы бірлескен қаулы мен бұйрықтық 1 қосымшасына сай;

      2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтірілетін аурулардың тізбесі бекітілсін осы бірлескен қаулы мен бұйрықтық 2 қосымшасына сай.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2019 жылғы 13 сәуір
№ 12/236 бірлескен нормативтік
қаулысы және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 13 сәуір
№ ҚР ДСМ-32 бұйрығына
бекітілген 1 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптар

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйін медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (бұдан әрі - кандидат) ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың бар немесе жоқ екендігі фактісін анықтау немесе растау үшін қарап-тексеру мақсатында жүргізіледі және кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді (бұдан әрі – медициналық қорытынды).

      2. Кандидатты медициналық куәландыру оны ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің хаттамасы үзіндісінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

      3. Медициналық куәландыру медициналық қорытынды бере отырып кандидаттың тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.

      4. Медициналық қорытынды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарға қосымшаға сай нысан бойынша жасалады.

      5. Денсаулық сақтау ұйымдары берілген медициналық қорытындылардың есебін жүргізеді. Медициналық қорытындыға қолжетімділікке денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ие.

      6. Медициналық қорытынды кандидаттың медициналық куәландыру жүргізу үшін жүгінген уақытынан бастап күнтізбелік үш күн мерзімде беріледі және Қазақстан Республикасының Президенттін сайлау мерзімі ішінде жарамды.

      7. Кандидатта Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын кандидат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабында көзделген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде тіркеу үшін ұсынады.

  Қазақстан Республикасының
Президенттігіне кандидаттың
денсаулығының жай-күйі
туралы медициналық
қорытындыға қойылатын
талаптарға қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі туралы 20____ жылғы "____" ____________ анықтама

      Жеке тұлғаға берілді (Выдана физическому лицу)

      Тегі (Фамилия) Аты (Имя)______________________________________________

      Әкесінің аты (Отчество) ______________________________________________

                                    (болған кезде / при наличии)

      Тұған күні (дата рождения)________________ Жынысы (пол)_______________

      Үйінің мекенжайы, телефоны (домашний адрес, телефон)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Жұмыс орны (место работы)___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Психиатр дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-психиатра):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ТАӘ) (ФИО) психиатр дәрігердің қолы және мөрі (подпись и печать врача-психиатра)

      Мөр орны (ұйым)

      Место печати (организации)

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2019 жылғы 13 сәуір
№ 12/236 бірлескен нормативтік
қаулысы және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 13 сәуір
№ ҚР ДСМ-32 бұйрығына
бекітілген 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі

1 Симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық

1

Альцгеймер ауруы кезіндегі ерте басталған деменция

2

Кеш басталған Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция

3

Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция, атипиялық немесе аралас түрі

4

Жіті басталған тамыр деменциясы

5

Мультиинфаркт деменциясы

6

Субкортикалдық тамыр деменциясы

7

Аралас қыртыстық және қыртысастылық тамыр деменциясы

8

Басқа тамыр деменциясы

9

Пик ауруы кезіндегі деменция

10

Крейцфельдт-Якоб ауруы кезіндегі деменция

11

Гентингтон ауруы кезіндегі деменция

12

Паркинсон ауруы кезіндегі деменция

13

Адамның иммунтапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған аурулар кезіндегі деменция

14

Басқа бөлімдерде жіктелетін өзге де нақтыланған аурулар кезіндегі деменция

15

Алкогольмен немесе басқа да психикалық-белсенді заттардан туындамаған органикалық амнестикалық синдром

16

Органикалық галлюциноз

17

Органикалық кататониялық бұзылу

18

Органикалық сандырақтау (шизофренияға ұқсас) бұзылуы

19

Органикалық (аффектілік) бұзылулар

20

Жеке басының органикалық бұзылулары

21

Постэнцефалиттік синдром

22

Посткоммоциялық синдром

2 Психикалық-белсенді заттарды тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары

23

Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуелділік синдромы

24

Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

25

Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

26

Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

27

Апиындарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

28

Апиындарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

29

Апиындарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

30

Апиындарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзушылықтары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

31

Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

32

Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

33

Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

34

Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

35

Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

36

Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

37

Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

38

Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

39

Кокаинді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

40

Кокаинді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

41

Кокаинді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

42

Кокаинді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

43

Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

44

Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылыс

45

Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

46

Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылыс және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

47

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

48

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

49

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

50

Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылыс және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

51

Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

52

Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

53

Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

54

Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

55

Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы

56

Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу

57

Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром

58

Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу

3 Шизофрения, шизотипиялық және сандырақ бұзылулары

59

Параноидты шизофрения

60

Гебефрендік шизофрения

61

Кататониялық шизофрения

62

Нақтыланбаған шизофрения

63

Шизофрениядан кейінгі күйзеліс

64

Резидуалды шизофрения

65

Қарапайым шизофрения

66

Шизофренияның басқа жасымдары

67

Латенттік шизофрения

68

Шизофрениялық реакция

69

Жалған неврологиялық (неврозға ұқсас) шизофрения

70

Жалған психопатиялық (психопаттияға ұқсас) шизофрения

71

"Симптамдары нашар" шизофрения

72

Шизотипиялық жеке тұлға бұзылуы

73

Сандырақ бұзылуы

74

Өзге де созылмалы сандырақ бұзылулары

75

Шизоаффектік бұзылу, маниакалды түрі

76

Шизоаффектілік психоз

77

Шизоаффектілік бұзылыс, аралас түрі

78

Өзге де шизоаффектілік бұзылулар

4 Көңіл-күйдің аффектілік бұзылулары

79

Гипомания

80

Психотикалық симптомдары жоқ мания

81

Психотикалық симптомдары бар мания

82

Басқа да маниакалды эпизодтар

83

Биополярлы аффектілік бұзылу, ағымдағы гипоманиакалды эпизоды

84

Биополярлы аффектілік бұзылу, психотикалық симптомдары жоқ ағымдағы мания эпизоды

85

Биополярлы аффектілік бұзылу, психотикалық симптомдары бар ағымдағы мания эпизоды

86

Биополярлы аффективтілік бұзылу, орташа және жеңіл күйзелістің ағымдағы эпизоды

87

Биополярлы аффективтілік бұзылу, психотикалық симптомдары жоқ күрделі күйзелістің ағымдағы эпизоды

88

Биополярлы аффективтілік бұзылу, психотикалық симптомдары бар күрделі күйзелістің ағымдағы эпизоды

89

Биополярлы аффективтілік бұзылу, ағымдағы аралас эпизоды

90

Биополярлы аффективтілік бұзылу, ремиссия жағдайы

91

Өзге де биополярлы аффективтілік бұзылу

92

Циклотимия

93

Дистимия

5 Жетілгенның және ересектердің мінез-құлық бұзылулары

94

Жеке тұлғаның параноидты бұзылуы

95

Жеке тұлғаның шизоидты бұзылуы

96

Жеке тұлғаның диәлеуметты бұзылуы

97

Жеке тұлғаның эмоциялық тұрақсыз бұзылуы

98

Жеке тұлғаның истериялық бұзылуы

99

Жеке тұлғаның ананкаст (обсессивтік-компульсивтік) бұзылуы

100

Жеке тұлғаның үрейлі (жалтару) бұзылуы

101

Жеке тұлғаның тәуекел бұзылуы

102

Жеке тұлғаның өзге де ерекше бұзылулары

103

Жеке тұлғаның аралас бұзылулары

104

Жеке тұлғаның алаңдаушылығын туғызатын өзгерістер

105

Жеке тұлғаның апатты бастан кешкеннен кейінгі созылмалы өзгерістері

106

Жеке тұлғаның психикалық аурудан кейінгі созылмалы өзгерістері

107

Педофилия


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады