"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі бекітілсін" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы № 515 бұйрығына (Әділет органдарында нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу нөмірі № 5871 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды (бұдан әрі – аттестатталатын тұлға) аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдарды алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) дәрілік заттармен, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген медицина қызметкерлері дәрілік заттармен, медициналық бұйымдарды өткізуге жіберілмейді.
5. Аттестаттауды фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі – аттестаттау комиссиясы) жүргізеді.";
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"төраға - фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысы немесе оны алмастыратын;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тест сұрақтарын фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жылына бір рет кезеңділігімен дайындайды және бекітеді.";
20-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аттестатталатын тұлғамен әңгімелесу барысында дәрілік заттармен, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құзыреттілік деңгейі, ұйымдастырушылық міндеттерді шеше білуі, қолда бар ақпаратты талдауы және тиісті шешім қабылдай білуі бағаланады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Аумақтық бөлімшелер фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органға аттестаттау комиссиясының шешімі шығарылған күннен бастап бір ай ішінде өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп береді.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - ТАӘ) _______________________
___________________________________________________________________
Туған күні, айы, жылы ________________________________________________
Білімі, біліктілігін арттырғаны, қайта даярлықтан өткені туралы
мәліметтер _________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілгендегі) мерзімі
____________________________________________________________________
Жалпы еңбек өтілі ____________________________________________________
Осы лауазымдағы еңбек өтілі __________________________________________
Біліктілік санаты мен атағы ____________________________________________
Тестілеудің нәтижесі __________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Әңгімелесудің бағасы _________________________________________________
____________________________________________________________________
Отырысқа аттестаттау комиссиясының ________ мүшесі қатысты
Дауыс саны:
"дауыс беру нәтижесіне қарсы емес" _________
"дауыс беру нәтижесіне қарсы" ______________
"дауыс беру нәтижесі бойынша қалыс қалды" ____________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы _______________________________
Т.А.Ә., қолы
Аттестаттау комиссиясының хатшысы ______________________________
Т.А.Ә., қолы
Аттестаттау комиссиясының мүшелері:
______________________________________________ _________________
Т.А.Ә. қолы
______________________________________________ _________________
Т.А.Ә. қолы
______________________________________________ _________________
Т.А.Ә. қолы
______________________________________________ _________________
Т.А.Ә. қолы
Аттестаттаудың өткізілген күні ____________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым
_______________________________________________________________
(қолы және күні)
Мөрдің орны