"Әдiлет органдарының Қазақcтан Республикасының мемлекеттiк органдарын нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруды, қолдануды, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауды реттейтiн заңнаманы сақтау бойынша тексерулердi жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 112 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18517 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 112 (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5196 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады