"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 мамырда № 18622 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:

      20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі осы бұйрыққа 5-1 қосымшаға сәйкес белгіленеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-1 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2019 жылғы 30 сәуірдегі
№ 178 бұйрығына
қосымша
  Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу
қағидаларына
5-1 қосымша

Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламаларының тобы

Жалпы кәсіптік пән

Арнайы пән

В001

Педагогика және психология

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Педагогика және психология негіздері

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Құқық және экономика негіздері

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Математика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Физика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Химия

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Биология

В014

География мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

География

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақстан тарихы

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақ тілі

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Орыс тілі

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Шетел тілі

В019

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы

В020

Арнайы педагогика мамандарын даярлау

Педагогика және психология негіздері

Биология

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Музыка теориясы

В022

Эстрада өнері

Шығармашылық емтихан

Музыка теориясы

В023

Аспапта орындаушылық

Шығармашылық емтихан

Гармония

В024

Музыкатану және өнертану

Шығармашылық емтихан

Гармония

В025

Дәстүрлі музыка өнері

Шығармашылық емтихан

Музыка теориясы

В026

Дирижерлеу және композиция

Шығармашылық емтихан

Гармония

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Театр тарихы

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Хореография тарихы

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Физика

Қазақ тілі/Орыс тілі

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Қазақстан бейнелеу өнері

В031

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

Шығармашылық емтихан

Сурет және композиция

В032

Философия және этика

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері)

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

В034

Тарих және археология

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы

В035

Түркітану және шығыстану

Қазақ тілі/Орыс тілі

Дүниежүзі тарихы

В036

Аударма ісі

Қазақ тілі/Орыс тілі

Шетел тілі

В037

Филология

Қазақ тілі/Орыс тілі

Қазақ әдебиеті/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері

В039

Мәдениеттану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру

В040

Саясаттану және азаматтық құқықтану

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері)

В041

Психология

Қазақстан тарихы

Психология негіздері

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Қазақ тілі / Орыс тілі

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ тілі / Орыс тілі

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру

В044

Менеджмент және басқару

Экономика негіздері

Менеджмент

В045

Аудит және салық салу

Қаржы және несие

Ұйым экономикасы

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қаржы және несие

Ұйым қаржысы

В047

Маркетинг және жарнама

Экономика негіздері

Маркетинг

В048

Еңбек дағдылары

Экономикалық теория негіздері

Қаржылық және экономикалық есепті талдау

В049

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Химия

Биология

В051

Қоршаған орта

Химия

Биология

В052

Жер туралы ғылым

География

Физика

В053

Химия

Биология

Химия

В054

Физика

Математика

Физика

В055

Математика және статистика

Қаржы және несие

Математика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Физика

Электроника және схемотехника негіздері

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Жалпы химиялық технология

В061

Материалтану және технологиялар

Физика

Материалтану негіздері

В062

Электр техникасы және энергетика

Электротехниканың теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

В162

Жылу энергетикасы

Жылу техникасының теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері)

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру

В064

Механика және металл өңдеу

Материалтану

Еңбекті қорғау

В164

Аспап жасау

Автоматика негіздері

Технологиялық өлшем және бақылау өлшем жабдықтары

В065

Автокөлік құралдары

Физика

Еңбекті қорғау

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Кеменің теориясы, құрылысы және пайдалану мерзімін арттыру үшін күрес

Кеменің энергетикалық қондырғылары

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Физика

Авиациялық қауіпсіздік

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Химия

Микробиология

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Физика

Материалтану негіздері

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Химия

Тігін өндірісінің материалдары

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Жалпы геология

Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау

В171

Металлургия

Металлтану

Металл өндіру негіздері

В271

Мұнай-газ ісі

Гидравлика

Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Жалпы химиялық технология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Сызу

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Құрылыс материалдары

Еңбекті қорғау

В174

Геодезия және картография

Физикалық география

Геодезия

В075

Кадастр және жерге орналастыру

География

Геодезия

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Физика

Стандарттау

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Агрономия негіздері

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Мал шаруашылығы

В079

Орман шаруашылығы

Ормантану

Дендрология

В179

Аң шаруашылығы және аң аулау

Құстар мен аңдардың биологиясы

Аң шаруашылығы

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Табиғатты қолданудың экологиялық негіздері

В081

Жерге орналастыру

Физика

Ауылшаруашылық машиналары

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

География

Биология

В083

Ветеринария

Биология

Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы

В084

Мейірбике ісі

Биология

Мейірбике ісі негіздері

В085

Фармация

Химия

Фармакология негіздері

В090

Әлеуметтік жұмыс

Қазақстан тарихы

Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру

В091

Туризм

География

Туристік қызметті ұйымдастыру

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Қазақстан тарихы

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Қазақстан тарихы

Мейрамхана мен қонақ үй шаруашылығындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Электротехника

Материалтану негіздері

В095

Көлік қызметтері

Физика

Еңбекті қорғау

В096

Құқық қорғау қызметі

Мемлекет және құқық теориясы

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады