БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11033 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларында:
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібі";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тізілімдер қорғалған дерекқорда электрондық нысанда, заттай көлемде және "тек оқу үшін" деген функциясымен "pdf" форматында жүктелген түсте сақталады және теңізші құжаттарын беру, ұзарту, тоқтату, алып қою, жоғалту немесе жою және қолданылу мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.