"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 мамырда № 18629 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.12.2020 № ҚР ДСМ-229/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағиадалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына ай сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау
  министрінің бұйрығымен
  2019 жылғы 2 мамырдағы
  № ҚР ДСМ-59

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексінің 7-1-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін, жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімі (бұдан әрі -Тізілім) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізбесі;

      2) өнім қауіпсіздігінің мониторингі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтауға, әкелінуінің, өндіруінің, қолдануының және өткізуінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Тізілім өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде тұтынушыларды денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қауіп төндіретін анықталған өнім туралы хабардар ету мақсатында жүргізіледі.

      4. Тізілімде қамтылған мәліметтер барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.

2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу тәртібі

      5. Тізілімді жүргізу деп:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы мәліметтерді уақтылы енгізу, сәйкес емес деп заңсыз танылған өнімді одан шығару, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде электрондық форматта жүргізілетін өтініш берушілердің өтініштері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі - Ведомство) интернет - ресурсында сәйкес келмейтін өнімнің тізбесін ай сайынғы негізде орналастыруды және өзектендіруді айтамыз.

      6. Тізілім Ведомствоның аумақтық бөлімшелері жүргізген өнім қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелері бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) осы Қағидалар 1-қосымшаға сәйкес өнім түрлері;

      2) өнімнің атауы;

      3) тамақ өнімдерін дайындаушының атауы және орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін дайындаушы жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және орналасқан жері немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның атауы және орналасқан жері, импорттаушы ұйымның атауы және орналасқан жері немесе импорттаушы жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және орналасқан жері;

      4) өндіруші ел;

      5) үлгілерді алу орны (объектінің атауы, мекенжайы);

      6) дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;

      7) партия немесе серия нөмірі;

      8) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша зерттеулердің хаттамасы;

      9) қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерінің анықталған бұзушылықтары (олардың нақты мәні және рұқсат етілген нормалары).

      7. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тізілімде ұсынылатын мәліметтердің уақтылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      8. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері өнім қауіпсіздігі мониторингі бойынша есеп электрондық түрде өнім тізбесін көрсете отырып, Тізілімде ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қалыптастырылады.

      9. Тізілімге кейіннен енгізу туралы мәселені қарау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді тану өлшемшарттары мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзу анықталған жағдайларда адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп төндіретін өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, жүргізу нәтижелері;

      2) халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімнің анықталғаны туралы ақпаратты растайтын өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижелері.

      10. Тізілімде жарияланған мәліметтер Тізілімде көрсетілген серия (партия) өніміне және дайындалған күніне ғана күші бар және қолданылады.

      11. Тізілімнен өнімді алып тастауды Ведомство өтініш беруші мынадай мәліметтер мен материалдарды ұсынған кезде жүзеге асырады:

      1) өндірушілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын сақтауын растайтын, айналымға қауіпсіз және сапалы өнім шығаруға кепілдік беретін мәліметтер;

      2) ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімдерді енгізу туралы мәліметтердің болуы (НАССР ағылшын транскрипциясында-Hazard Analysis and Critical Control Points);

      3) қажет болған кезде пайдаланылатын шикізатқа қосымша бақылау жүргізе отырып, күшейтілген зертханалық бақылау нәтижелері.

      12. Дұрыс емес ақпарат негізінде немесе бұзушылықпен жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша Тізілімге енгізілген сәйкес келмейтін өнім мұндай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімнен алып тастауға жатады.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық
актілердің, гигиеналық
нормативтер мен техникалық
регламенттердің талаптарына
сәйкес келмейтін өнімнің
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Өнімнің түрлері

      1. Ет және ет өнімдері

      2. Құс еті және құс өнімдері

      3. Балық және балық өнімдері

      4. Тоң-май өнімдері

      5. Сүт және сүт өнімдері

      6. Қант және кондитерлік өнімдер

      7. Шырын өнімдері

      8. Жемістер мен көкөністер, оларды қайта өңдеу өнімдері

      9. Алкогольсіз сусындар

      10. Алкоголь өнімдері

      11. Қаптамаланған ауыз су, оның ішінде минералды су

      12. Балалар өнімдері

      13. Арнайын тамақ өнімдері

      14. Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ)

      15. Ұн және ұн өнімдері

      16. Нан және нан-тоқаш өнімдері

      17. Жарма өнімдері

      18. Аспаздық өнімдер

      19. Шай және кофе

      20. Ас тұзы

      21. Ашытқы

      22. Дәмдеуіштер

      23. Өзге де тамақ өнімдері

      24. Тұрмыстық химия тауарлары

      25. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері

      26. Балалар ойыншықтары мен ойындар

      27. Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер

      28. Жеке гигиена құралдары

      29. Лак-бояу өнімдері

      30. Басқа да өнеркәсіптік бұйымдар

      31. Темекі бұйымдары

      32. Парфюмерлік-косметикалық өнімдер

      33. Жеке қорғаныш құралдары

      34. Жиһаз өнімдері

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық
актілердің, гигиеналық
нормативтер мен техникалық
регламенттердің талаптарына
сәйкес келмейтін өнімнің
тізілімін жүргізу қағидаларына
2 - қосымша

р/с№

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

Өндіруші

Партия немесе серия нөмірі, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі

Үлгілерді алу орны (объектінің атауы, мекен жайы)

өнімнің коды

Код бойынша атауы

Елдің коды

Елдің атауы

Өндіруші (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы)


Бұзушылықтардың түрлері

Микробиологиялық көрсеткіштер, нақты мәні және НҚ бойынша рұқсат етілетін нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)

физикалық-химиялық, нақты мәні және НҚ бойынша рұқсат етілген нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)

қауіпсіздік көрсеткіштері, нақты мәні және НҚ бойынша рұқсат етілген нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)

таңбалау, бұзушылық сипаты (сараптама хаттамасы № күні)

Жалған өнім

      Жалғасы

Қолданылған шаралар

Нұсқама берілді (№, күні,кімге жіберілді, соның мекенжайына)

Сауда объектісі

Өнім беруші

тексеру актісі, күні, нөмірі, бұзушылықты анықтау

шаралар (айып пұл, бабы, айып пұл сомасы, кімге)

сатылымнан алынғаны, барлығы

Оның ішінде өнім берушіге қайтарылғаны (кг, л)

өнімнің жойылғаны, жою тәсілі (саны, кг, л)

Тексеру актісі, №, күні, анықталған бұзушылықтар

Шаралар (айып пұл, бабы, айып пұл сомасы, кімге)

сатылымнан алынғаны, барлығы (кг, л).

Оның ішінде өнім берушіге немесе өндірушіге қайтарылғаны (саны, кг, л)

Оның ішінде өнімнің жойылғаны, жою тәсілі (саны, кг, л)

      Жалғасы

Қолданылған шаралар

өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттың атауы

Өнімнің өнім берушісі (атауы, мекенжайы)

Сот шешімі

Материал сотқа жіберілді

қаралуда

қанағаттандырылғаны (әкімшілік шара, қаулы)

бас тартылғаны

нөмірі

атауы, берілген күні, әрекет ету мерзімі, кім берген


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады