Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 желтоқсанда № 21728 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 29) тармақшасына және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      3. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2019 жылғы 6 мамырда № 18629 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 3 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-229/2020
бұйрығымен бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 9-бабының 29) тармақшасына және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі – ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы барлық азық-түлік тізбегі бойынша өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару (НАССР ағылшын транскрипциясында – Hazard Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts);

      2) өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді анықтауға, әкелудің, өндірудің, қолданудың және өткізудің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі;

      3) өтініш беруші – өнімді Тізілімнен шығару мақсатында өнім туралы мәліметті және материалдарды ұсынатын өнімнің импорттаушы-өндірушінің жеке,заңды тұлғалары;

      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізбесі;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган.

      3. Электрондық түрдегі өнім тізбесін көрсете отырып, өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша есепті аумақтық бөлімшелер қалыптастырады және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ай сайын айдың 5-ші күніне мемлекеттік органға жібереді.

      4. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері ұсынылатын мәліметтердің уақтылығын, толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу тәртібі

      5. Тізілімді мемлекеттік орган қалыптастырады және жүргізеді.

      6. Тізілімді жүргізу өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекел тудыратын тиісті емес өнімдердің тізбесін мемлекеттік органның интернет-ресурсында ай сайын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

      7. Тізілімді жүргізу қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      8. Тізілімде қамтылған мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

      9. Өнімді Тізілімге енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп төндіретін өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері;

      2) халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімнің анықталғаны туралы ақпаратты растайтын өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері.

      10. Тізілім өнім туралы жариялануға жататын мынадай мәліметтерді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға кодтауға сәйкес өнім түрлері мен өнімнің штрих коды;

      2) өнімнің атауын;

      3) өнімдерді дайындаушының атауын және орналасқан жерін немесе өнімдерді дайындаушының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) және орналасқан жерін немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның атауын және орналасқан жерін, импорттаушы ұйымның атауын және орналасқан жерін немесе импорттаушы-дайындаушының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) және орналасқан жерін;

      4) өндіруші елді;

      5) үлгілерді алу орнын (нысанның атауы, мекенжайы);

      6) дайындалған күнін, жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын;

      7) партиясын немесе серия нөмірін;

      8) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша зерттеулердің хаттамасын;

      9) қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерінің анықталған бұзушылықтарын (олардың нақты мәні және рұқсат етілген нормаларын қамтиды.

      11. Тізілім оларға қол жеткізу тек мемлекеттік органға берілетін өнім туралы жариялануға жатпайтын мынадай мәліметтерді:

      1) қабылданған шаралар бойынша ақпаратты;

      2) өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар бойынша ақпаратты қамтиды.

      12. Тізілімде жарияланған мәліметтер Тізілімде көрсетілген серияның (партияның) өніміне және дайындалған күніне ғана күші бар және қолданылады.

      13. Кодекстің 95-бабына сәйкес өндірушілердің қауіпсіз және сапалы өнімді айналымға шығаруға кепілдік беретін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын растайтын мәліметтер, ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімді енгізу туралы мәліметтер және өтініш беруші аумақтық бөлімшеге ұсынған зертханалық бақылау нәтижелері мемлекеттік органның шешімі негізінде осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімнен алып тасталуға жатады.

      Өтініш беру, оны қабылдау және өтініш беруші аумақтық бөлімшеге ұсынған өтінішті қарау мерзімдері "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық
актілердің талаптарынасәйкес
келмейтін өнімніңтізілімін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Өнімнің коды

Өнімнің коды

Код бойынша тауы

1

00

Халық тұтынатын өзге де азық-түлік емес тауарлар

2

01

Алкогольді, алкогольсіз сусындар, шырындар, ыдыстарға құйылған ауыз су

3

02

Ет және ет өнімдері

4

03

Құс еті және құс өнімдері

5

04

Балық және балық өнімдері

6

05

Сүт және сүт өнімдері

7

06

Жеміс-көкөніс өнімдері және көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу өнімдері

8

07

Ұн және жарма өнімдері

9

08

Май өнімдері

10

09

Кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері

11

10

Өзге де тамақ өнімдері + аспаздық өнімдер

12

11

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері және балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер

13

12

Жиһаз өнеркәсібінің өнімдері

14

13

Тұрмыстық химия тауарлары және парфюмерлік-косметикалық өнім

15

14

Химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өнімдері

16

15

Ойыншықтар

  Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық
актілердің талаптарынасәйкес
келмейтін өнімнің тізілімін
жүргізу қағидаларына
2 – қосымша
  ПІШІН

р/с№

Өнімдердің түрі

Өнімдердің атауы

Өндіруші

Партия немесе серия нөмірі, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі

Үлгілерді іріктеу орны (объектінің атауы, мекен жайы)

өнімдердің коды/штрих коды

Код бойынша атауы

Елдің коды

Елдің атауы

Өндіруші (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы)

      Жалғасы

Бұзушылықтардың түрлері

Микробиологиялық көрсеткіштер, нақты мәні және НҚ бойынша рұқсат етілетін нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)

физикалық-химиялық, нақты мәні және НҚ бойынша рұқсат етілген нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)

қауіпсіздік көрсеткіштері, нақты мәні және НҚ бойынша рұқсат етілген нормалар (сараптама хаттамасы №, күні)

таңбалау, бұзушылық сипаты (сараптама хаттамасы № күні)

Жалған өнім

      Жалғасы

Қолданылған шаралар

Нұсқама берілді (№, күні,кімге жіберілді, соның мекенжайына)

Сауда объектісі

Өнім беруші

тексеру актісі, күні, нөмірі, бұзушылықты анықтау

шаралар (айып пұл, бабы, айып пұл сомасы, кімге)

сатылымнан алынғаны, барлығы

Оның ішінде өнім берушіге қайтарылғаны (кг, л)

Оның ішінде өнімн жойылды, жою тәсілі (саны, кг, л)

Тексеру актісі, №, күні, анықталған бұзушылықтар

Шаралар (айып пұл, бабы, айып пұл сомасы, кімге)

сатылымнан алынғаны, барлығы (кг, л).

Оның ішінде өнім берушіге немесе өндірушіге қайтарылғаны (саны, кг, л)

Оның ішінде өнім жойылды, жою тәсілі (саны, кг, л)

      Жалғасы

Қолданылған шаралар

өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттың атауы

Өнімнің (тауардың) өнім берушісі (атауы, мекенжайы)

Сот шешімі

Материал сотқа жіберілді

қаралуда

қанағаттандырылғаны (әкімшілік шара, қаулы)

бас тартылғаны

нөмірі

атауы, берілген күні, қолданылу мерзімі, кім берген


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады