"Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18653 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11086 болып тіркелген, 2015 жылы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      көрсетілген стандарттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Осы "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар Мемлекеттік корпорациядан көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, және (немесе) уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болғанда көрсетілетін қызметті беруші кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны Мемлекеттік копорация немесе портал арқылы мерзімді ұзарту туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін барынша рұқсат етілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты - 20 (жиырма) минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18392 болып тіркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрі - Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама не архивтік құжаттың көшірмесі немесе Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік үзінді, немесе сұратылған мәліметтердің көрсетілетін қызметті берушіде сақтауда болмауы туралы жауап не стандарттың 10-1-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз немесе электрондық түрде.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетілген хабарлама жолданады.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өкілеттігін растайтын құжат - заңды тұлға үшін не нотариалды куәландырылған сенімхат - жеке тұлға үшін (уәкілетті өкілі жүгінген кезде);

      стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. Сұратылатын мәліметтерді растайтын құжаттар бар болған жағдайда өтінішке олардың көшірмелері қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақшада көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сол күні береді.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінбеген жағдайда, талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сақтау мерзімі ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан сұраныс келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды;

      2) портал арқылы:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Сұратылатын мәліметтерді растайтын құжаттар бар болған жағдайда, өтінішке олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.";

      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Көрсетілетін қызметті көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден мынадай негіздерде бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не Министрлік басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайына беріледі.";

      стандартқа 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      стандартқа 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Архивтік анықтамалар,
архивтік құжаттардың
көшірмелерін немесе архивтік
үзінділер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі: өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлға үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), заңды тұлға үшін - құрылтай құжаттың көшірмесі;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі - Қаулы) 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18392 болып тіркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрі - Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің анықтамасы.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақшада көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сол күні береді.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінбеген жағдайда, талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сақтау мерзімі ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан сұраныс келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды;

      2) портал арқылы:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тізбесі;

      Нысандарға 50-қосымшаға сәйкес нысандағы сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің бар болуы туралы мемлекеттік архивтің электрондық архивтік анықтамасы немесе архивтік анықтаманың электрондық көшірмесі.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, хабарлама көрінеді.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не Министрлік басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайына беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      көрсетілген стандарттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Осы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамаларға, архивтік құжаттардың көшірмелеріне немесе архивтік үзінділерге апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін - 3 (үш) жұмыс күні;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін - пошталық жөнелтілімдерді ескере отырып 10 (он) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

      3) порталда - 3 (үш) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      4) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты - 15 (он бес) минут;

      5) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінен шығатын және шетелге жіберілетін архивтік анықтамалардағы, архивтік құжаттардың көшірмелеріндегі немесе архивтік үзінділердегі апостиль мөртаңбасы, не стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 609-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 (елу) пайызын құрайтын мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді, олармен мемлекеттік бюджетке мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (төлем кұны мен күнін растайтын түбіртек немесе төлем тапсырмасы) беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Құжаттарға апостиль қою үшін төлем жасау реквизиттері: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша салық комитетінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитеті, БСН 081240013779, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БСК kkmfkz2a, ЖСК kz24070105 ksn0000000, КНП 979, КБК 108125.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі: өкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша - жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      жеке тұлға үшін - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), заңды тұлға үшін - құрылтай құжаттың көшірмесі;

      стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;

      апостиль мөртаңбасын қоюды қажет ететін мемлекеттік архивпен берілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18392 болып тіркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезінде ресімделетін (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрі - Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік анықтама немесе архивтік құжаттың көшірмесі немесе Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік үзінді;

      бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақшада көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларына сәйкес Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сол күні береді.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы қолхатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінбеген жағдайда, талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші талап етілмеген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 1 (бір) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін сақтау мерзімі ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан сұраныс келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды;

      2) портал арқылы:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе бір реттік паролін енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      мемлекеттік архивпен берілген Нысандарға 50-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық архивтік анықтама немесе архивтік анықтаманың электрондық көшірмесі, архивтік құжаттың электрондық көшірмесі не Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық архивтік үзінді немесе архивтік үзіндінің электрондық көшірмесі;

      бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа).

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алатын күні, уақыты мен орны көрсетілген хабарлама жолданады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, не Министрлік басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс мекенжайына беріледі.";

      стандартқа 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік архивтерінен
шығатын және шетелге
жіберілетін архивтік
анықтамаларға, архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
немесе архивтік үзінділерге
апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша";

      стандартқа 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік архивтерінен
шығатын және шетелге
жіберілетін архивтік
анықтамаларға, архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
немесе архивтік үзінділерге
апостиль қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 133 бұйрығына
қосымша
  "Архивтік анықтамалар,
архивтік құжаттардың
көшірмелерін немесе архивтік
үзінділер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
____________________________
аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда),
____________________________
Тұрғылықты жері
(жеке тұлға үшін)/
____________________________
заңды мекенжайы
(заңды тұлға үшін),
____________________________
Байланыс телефоны,
____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/
____________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Маған әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау туралы архивтік

      анықтаманы немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік құжаттардан

      архивтік үзінділер беруді сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының қажеттілігіне қатысты сұратылған мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      көрсетіледі жұмыс өтілі, жалақы мөлшері, жасы, отбасының құрамы, білімі,

      ________________________________________________________________________________

      марапатталғаны, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуы,

      ________________________________________________________________________________

      ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуі, жазатайым оқиғалар, емделуде

      ________________________________________________________________________________

      немесе қоныс аударуда болуы, қуғын-сүргінге ұшырағаны, жаппай саяси

      ________________________________________________________________________________

      қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында

      ________________________________________________________________________________

      тұрғаны, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғаны, азаматтық хал актілері)

      ________________________________________________________________________________

      (мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның тегі (қыз кезіндегі тегі), аты,

      ________________________________________________________________________________

      әкесінің аты (ол болған жағдайда, туған күні)

      ________________________________________________________________________________

      (мәліметтер сұратылып отырған кезең)

      ________________________________________________________________________________

      (күн, ай, жыл (-дар)/ ай, жыл (-дар)/ жыл (-дар)

      Қосымша: сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері

      (болған жағдайда):

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20___ жылғы "___" ______________ _________________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады