"Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 мамырда № 18683 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.12.2020 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын, ұсыну мерзімдерін және кезенділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13057 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиясының есеп және қосымша ақпарат беру нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің (бұдан әрі – таратылатын банк) тарату комиссиялары беретін есеп және қосымша ақпарат берудің мынадай нысандары бекітілсін:";

      3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есеп осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      28-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      Н. Айдапкелов

      2019 жылғы "11" наурыздағы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ 71 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 227 қаулысына
3-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп Есепті кезең: 20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша

      Индекс: F3-LKB

      Кезеңділігі: ай сайын, жартыжылдық, жылдық

      Ұсынатындар: ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі:

      ай сайынғы есеп:

      тарату комиссиясының бөлімшелері болмаған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтысынан) кешіктірмей;

      тарату комиссиясының бөлімшелері болған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың 8 (сегізінен) кешіктірмей;

      бірінші жартыжылдық үшін есеп:

      тарату комиссиясының бөлімшелері болмаған жағдайда – 6 (алтыншы) шілдеден кешіктірмей;

      тарату комиссиясының бөлімшелері болған жағдайда – 8 (сегізінші) шілдеден кешіктірмей;

      жылдық есеп:

      тарату комиссиясының бөлімшелері болмаған жағдайда – есепті айдан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) қаңтарынан кешіктірмей;

      тарату комиссиясының бөлімшелері болған жағдайда – есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) қаңтарынан кешіктірмей.

  Нысан

20 ___ жылғы 1 __________ жағдай бойынша ___________________________________ (таратылатын банктің атауы)

Міндеттеме түрі

Кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күні

Өткен есепті күні

Есепті күні

Өзгерістер

кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күніндегі деректермен салыстырғанда

өткен есеп күніндегі деректермен салыстырғанда

1

2

3

4

5

6 (5-баған – 3-баған)

7 (5-баған – 4-баған)

1.

Кредиторлар талаптарының әрбір кезегі бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес бекіткен кредиторлар талаптарының тізіліміне (бұдан әрі - кредиторлар талаптарының тізілімі) сәйкес кредиторлардың алдындағы міндеттемелер






2.

Кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген басқа кредиторлардың алдындағы міндеттемелер






3.

Тарату өндірісінің ағымдағы берешегі, оның ішінде:






3.1

тарату комиссиясы қызметкерлерінің алдында еңбекақы төлеу бойынша






3.2

ағымдағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша банктің тарату комиссиясының берешегі






3.3

басқа берешек






4.

Басқа кредиторлық берешек, оның ішінде талап етілмеген кредиторлық берешек







Міндеттемелер жиынтығы






      кестенің жалғасы:

Есепті кезең үшін (ай, жыл) өтелген, оның ішінде:

Ескерту

ақшамен

мүлікпен

өзара талаптарды есепке алу

нотариустың депозитіне аударумен

8

9

10

11

12






      Тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға)

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Бас бухгалтер

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Орындаушы

      _______________________________________________ _____________

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Телефоны: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Таратылатын банк
міндеттемелерінің
жай-күйі туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Таратылатын банк міндеттемелерінің жай-күйі туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Ай сайынғы есеп қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша үшін жасалады. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні ай сайынғы есептің есепті күні болып табылады. Ай сайынғы есеп үшін өткен есепті күн өткен есептің есепті күні болып табылады.

      Жартыжылдық есеп бірінші жартыжылдық үшін ұсынылады. Жартыжылдық есептің есепті күні жылдың 1 (бірінші) шілдесі болып табылады.

      Жылдық есептің есепті күні есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) қаңтары болып табылады. Өткен есепті жылдың есепті күні жылдық есеп үшін өткен есепті жыл болып табылады.

      4. Есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүзге) тең және одан жоғары сома 1000 (мың теңгеге) дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Бірінші жартыжылдыққа есепті жасау кезінде осы нысан бойынша есеп маусым үшін жеке және жартыжылдық үшін жеке жасалады.

      7. Жылдық есепті жасау кезінде осы нысан бойынша есеп желтоқсан үшін жеке және күнтізбелік жыл үшін жеке жасалады.

      8. 2-бағанда кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес міндеттемелердің түрі көрсетіледі.

      9. 3-бағанда кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күндегі жағдай бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      10. 4-бағанда өткен есепті күндегі жағдай бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      11. 5-бағанда есепті күндегі жағдай бойынша міндеттемелер көрсетіледі.

      12. 6-бағанда кредиторлар талаптарының тізілімі бекітілген күндегі деректермен салыстырғанда 5 және 3-бағандар арасындағы айырма болып табылатын өзгеруі көрсетіледі.

      13. 7-бағанда өткен есепті күніндегі деректермен салыстырғанда міндеттемелер 5 және 4-бағандар арасындағы айырма болып табылатын өзгеруі көрсетіледі.

      14. 8-бағанда есепті кезең (ай, жыл) үшін міндеттеменің өтелгені ақшамен көрсетіледі.

      15. 9-бағанда есепті кезең (ай, жыл) үшін (таратылатын банктің міндеттемелерін өтеуге берілген мүліктің баланстық құны) көрсетіледі.

      16. 10-бағанда есепті кезең (ай, жыл) үшін өзара талаптарды есепке алу арқылы міндеттемені өтеу көрсетіледі.

      17. 11-бағанда есепті кезең (ай, жыл) үшін нотариустың депозитіне аудару арқылы міндеттемені өтеу көрсетіледі.

      18. 12-бағанда басқа да қосымша ақпарат көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ 71 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 227 қаулысына
11-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есеп Есепті кезең: 20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша

      Индекс: F11-LKB

      Кезеңділігі: ай сайын, жартыжылдық, жылдық

      Ұсынатындар: ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі:

      ай сайынғы есеп:

      тарату комиссиясының бөлімшелері болмаған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтысынан) кешіктірмей;

      тарату комиссиясының бөлімшелері болған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың 8 (сегізінен) кешіктірмей;

      бірінші жартыжылдық үшін есеп:

      тарату комиссиясының бөлімшелері болмаған жағдайда – 6 (алтыншы) шілдеден кешіктірмей;

      тарату комиссиясының бөлімшелері болған жағдайда – 8 (сегізінші) шілдеден кешіктірмей;

      жылдық есеп:

      тарату комиссиясының бөлімшелері болмаған жағдайда – есепті айдан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) қаңтарынан кешіктірмей;

      тарату комиссиясының бөлімшелері болған жағдайда – есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) қаңтарынан кешіктірмей.

  Нысан

20 ___ жылғы 01 __________ жағдай бойынша ____________________________________________ (таратылатын банктің атауы)

  (мың теңгемен)

Шығыстардың атауы

Кредиторлар комитеті бекіткен (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген) тарату шығыстары сметасына сәйкес шығыстар сомасы

Нақты жұмсалған шығыстар сомасы

Өзгерістер (4-баған – 3-баған)

1

2

3

4

5

Ай




1.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу




1.1

Тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне сыйақы, оның ішінде:




1.1.1

сыйақы




1.1.2

жеке табыс салығы




1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары




1.2

Еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оның ішінде:




1.2.1

лауазымдық еңбекақы




1.2.2

жеке табыс салығы




1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары




1.3

Ақысы төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетуге тартылған қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оның ішінде:




1.3.1

көрсетілген қызметтерге ақы төлеу




1.3.2

жеке табыс салығы




2.

Зейнетақы жарналары




2.1

Әлеуметтік салық




2.2

Әлеуметтік аударымдар




2.3

Мүлік салығы




2.4

Көлік құралына салық




2.5

Жер салығы




2.6

Қосымша құн салығы




2.7

Жер телімдерін пайдалану үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем




2.8

Өзге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер




3.

Әкімшілік шығыстар




3.1

Қызметтік және шаруашылық қажеттілік үшін көлік жалдау қызметі




3.2

Байланыс қызметі




3.3

Үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация қызметі




3.4

Көлікті күзету қызметі




3.5

Көлік тұрағын ұсыну қызметі




3.6

Көлікті тіркеу қызметі




3.7

Көлікті техникалық тексеру қызметі




3.8

Көлікті сақтандыру қызметі




3.9

Қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметі




3.10

Коммуналдық қызмет




3.11

Негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, оларға техникалық, сервистік қызмет көрсету (тексеру) жұмыстары




3.12

Үй-жайды жалдау




3.13

Жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу қызметі




3.14

Мүлікті бағалау қызметі




3.15

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметі




3.16

Жылыту жүйесін іске қосуға дайындау қызметі




3.17

Сантехникалық жұмыстар




3.18

Мүлікті сақтау қызметі




3.19

Мемлекеттік бажды төлеу




3.20

Нотариалдық куәландыру қызметі




3.21

Мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметі




3.22

Терезелерге темір тор, есіктер дайындау және орнату қызметі




3.23

Аукциондар өткізу қызметі




3.24

Инкассация қызметі




3.25

Сараптама жүргізу қызметі




3.26

Аудит жүргізу қызметі




3.27

Құжаттарды аудару қызметі




3.28

Телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату




3.29

Орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметі




3.30

Банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпай жүзеге асырылған ақша аударымдары мен төлемдері бойынша қызмет




3.31

Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды мұрағатқа тапсыру қызметі




3.32

Таратуды тіркеу үшін алым төлеу




3.33

Коллекторлық қызмет




4.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары




4.1

Офис жабдықтарын жұмыс бабында ұстау шығыстары




4.2

Көлік құралдарын ұстау шығыстары




4.3

Үй-жайларды ұстау шығыстары




4.4

Қағаз және бланкілік өнімдерін сатып алу шығыстары




4.5

Кеңсе тауарларын сатып алу шығыстары




4.6

Жанар-жағар май материалдарын сатып алу шығыстары




5.

Іссапар шығыстары




6.

Өзге шығыстар




7.

Болжанбаған шығыстар




Бір айдың жиынтығы




Жыл ішінде барлығы




      Тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға)

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Бас бухгалтер

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Орындаушы

      _______________________________________________ _____________

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Телефоны: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Таратылатын банктің
тарату комиссиясы жасаған
шығыстар туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Таратылатын банктің тарату комиссиясы жасаған шығыстар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Ай сайынғы есеп қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша үшін жасалады. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні ай сайынғы есептің есепті күні болып табылады. Ай сайынғы есеп үшін өткен есепті күн өткен есептің есепті күні болып табылады.

      Жартыжылдық есеп бірінші жартыжылдық үшін ұсынылады. Жартыжылдық есептің есепті күні жылдың 1 (бірінші) шілдесі болып табылады.

      Жылдық есептің есепті күні есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) қаңтары болып табылады. өткен есепті жылдың есепті күні жылдық есеп үшін өткен есепті күн болып табылады.

      4. Нысанға Тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Бірінші жартыжылдыққа есепті жасау кезінде осы нысан бойынша есеп маусым үшін және жартыжылдыққа жиынтық деректерді қорытындылай отырып жасалады.

      6. Жылдық есепті жасау кезінде осы нысан бойынша есеп желтоқсан үшін және күнтізбелік жыл үшін жиынтық деректерді қорытындылай отырып жасалады

      7. 2-бағанда таратылатын банктің тарату комиссиясы жұмсаған шығыстардың атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда кредиторлар комитеті бекіткен (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген) тарату шығыстары сметасына сәйкес шығыстар сомасы көрсетіледі.

      9. 4-бағанда нақты жұмсалған шығыстар сомасы көрсетіледі.

      10. 5-бағанда таратылатын банктің тарату комиссиясы жұмсаған шығыстар бойынша, 4 және 3-бағандардың айырмасын білдіретін өзгерістер көрсетіледі.

      11. 1.1.3-жол ерікті таратылатын банктің тек тарату комиссиясы толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ 71 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 227 қаулысына
26-қосымша 

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі Есепті кезең: 20__жылғы "___" _________________

      Индекс: F21-LKB

      Кезеңділігі: біржолғы

      Ұсынатындар: ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: аралық тарату балансын жасау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде

  "Бекітілді"
(қолы)
20__ жылғы "__" _________
мөр орны
Нысан

20 ___ жылғы 01 __________ жағдай бойынша _________________________________ (таратылатын банктің атауы)

Кредиторлар талаптарының әрбір кезегі бөлігінде кредиторлардың атауы

Тарату комиссиясымен танылған талаптар

Тарату комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні

Танылған сома

Баланстық шот нөмірі

ұлттық валютада (теңгемен)

шетел валютасында

АҚШ доллары

еуро

ресей рублі

өзге шетел валютасы

1

2

3

4

5

6

1.

1-кезек, оның ішінде:









1.









2.

















1-кезек бойынша жиынтығы:








2.

2-кезек:









1.









2.

















2-кезек бойынша жиынтығы:








3.

3-кезек:









1.









2.

















3-кезек бойынша жиынтығы:








4.

4-кезек:









1.









2.









…..









4-кезек бойынша жиынтығы:








5.

5-кезек:









1.









2.

















5-кезек бойынша жиынтығы:








6.

6-кезек:









1.









2.









…..









6-кезек бойынша жиынтығы:








7.

7-кезек:









1.









2.









…..









7-кезек бойынша жиынтығы:








8.

8-кезек:









1.









2.









……









8-кезек бойынша жиынтығы:








9.

9-кезек:









1.









2.

















9-кезек бойынша жиынтығы:








10.

10-кезек









1.









2.









10-кезек бойынша жиынтығы:








Барлығы:

1+2+3+4+5+6+7+8+9+10








      кестенің жалғасы:

Кредитор талаптарын тануға негіз болған құжаттардың атаулары

Кредиторға оның талабының танылғаны туралы жіберілген жауап

Ескерту

күні

нөмірі

7

8

9

10

























      Тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға)

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Бас бухгалтер

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Орындаушы

      _______________________________________________ _____________

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Телефоны: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Таратылатын банктің
аралық тарату балансына
енгізілген кредиторлар
талаптарының
тізілімі нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аралық тарату балансымен бірге 2 (екі данада) ұсынылады.

      4. Нысанға тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

      5. Нысан тігіледі, нөмірленеді және Нысанның соңғы парағының сыртқы жағына "____ парақ тігілді және нөмірленді" деген жазба жазылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысан таратылатын банктің бас офисі мен тарату комиссиясының бөлімшелері бөлігінде толтырылады.

      7. 2-бағанда кредиторлардың атауы (кезектілік тәртібімен) көрсетіледі.

      8. 3-бағанда банктің тарату комиссиясының кредиторлар талаптарының танылғаны туралы тарату комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      9. 4 және 5-бағандарда тарату комиссиясымен танылған ұлттық және шетел валюталарындағы талаптар туралы ақпарат көрсетіледі.

      10. 6-бағанда баланстық шоттардың нөмірі көрсетіледі.

      11. 7-бағанда тарату комиссиясының кредитордың талаптарын тануына негіз болған құжаттардың атаулары көрсетіледі.

      12. 8 және 9-бағандарда кредиторға оның талаптарының танылғаны туралы жіберілген жауап (күні мен нөмірі) көрсетіледі.

      13. 10-бағанда таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізілімі туралы өзге қосымша ақпарат көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 2 мамырдағы
№ 71 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 227 қаулысына
28-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар Есепті кезең: 20__жылғы "___" _________________

      Индекс: F23-LKB

      Кезеңділігі: деректердің көрсеткіштері өзгерген жағдайларда

      Ұсынатындар: ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссиялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: аралық тарату балансын жасау мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 

  "Бекітілді"
(қолы)
20__ жылғы "__" _________
мөр орны
Нысан

20 ___ жылғы 01 __________ жағдай бойынша ________________________________ (таратылатын банктің атауы)

Кредиторлардың атауы (кредиторлар талаптарының әрбір кезегі бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес бекіткен кредиторлар талаптарының тізіліміне (бұдан әрі - кредиторлар талаптарының тізілімі) сәйкес)

Алдында бекітілген кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес сома



ұлттық валютада (теңгемен)

шетел валютасында

АҚШ доллары

еуро

ресей рублі

өзге шетел валютасы

1

2

3

4















      кестенің жалғасы:

Өзгерілуі не толықтырылуы тиіс талаптар

тарату комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні

өзгерістер не толықтырулар ескерілген сома

Баланстық шот нөмірі

ұлттық валютада (теңгемен)

шетел валютасында

АҚШ доллары

еуро

ресей рублі

өзге шетел валютасы

5

6

7

8

      кестенің жалғасы:

Пайда болған айырма (тиісінше 6 немесе 7-бағанның және 3 немесе 4-бағанның
арасындағы)

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздемесі (оның ішінде құжаттардың атаулары)

Кредиторға оның талабының танылғаны туралы жіберілген жауаптың күні мен нөмірі

Ескерту

ұлттық валютада (теңгемен)

шетел валютасында

АҚШ доллары

еуро

ресей рублі

өзге шетел валютасы

9

10

11

12

13

















      Тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға)

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Бас бухгалтер

      _______________________________________________ _____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             (қолы)

      Орындаушы

      _______________________________________________ _____________

                  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)

      Телефоны: ______________

      Есепке қол қойылған күн 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      Ескерту: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген

  Таратылатын банктің аралық
тарату балансына енгізілген
кредиторлар талаптарының
тізіліміне өзгерістер және
(немесе) толықтырулардың
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар болған кезде ұсынылады.

      4. Нысанға тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 2-бағанда кредиторлардың атауы (кезектілік тәртібімен) көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағандарда кредиторлар талаптарының тізіліміне барлық өзгерістерді ескере отырып кредиторлар талаптарының жалпы сомасы ұлттық және шетел валюталарында көрсетіледі.

      7. 5-бағанда өзгертілуі не толықтырылуы тиіс талаптарға қатысты тарату комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      8. 6 және 7-бағандарда өзгерістер не толықтырулар ескерілген сома ұлттық және шетел валюталарында көрсетіледі.

      9. 8-бағанда баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.

      10. 9 және 10-бағандарда өзгертілуі не толықтырылуы тиіс талаптардың және алдында бекітілген кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес сома арасында туындаған айырма көрсетіледі.

      11. 11-бағанда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздемесі (оның ішінде құжаттардың атаулары) көрсетіледі.

      12. 12-бағанда кредиторға оның талабының танылғаны туралы жіберілген жауаптың күні мен нөмірі көрсетіледі.

      13. 13-бағанда таратылатын банктің аралық тарату балансына енгізілген кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар бойынша өзге қосымша ақпарат көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады