БҰЙЫРАМЫН:
1. "2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17645 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2019 жылғы 16 мамырдағы | |
№ 209бұйрығына қосымша | |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2018 жылғы 30 қазандағы | |
№ 594 бұйрығына қосымша |
2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
№ | Өнім берушінің атауы | Жатақханалардағы жаңа орындардың саны |
1 | "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ Университеті" акционерлік қоғамы | 560 |
2 | "Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | 262 |
3 | "Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 188 |
4 | "Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы" мекемесі | 300 |
5 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 800 |
6 | "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы | 250 |
7 | Жеке кәсіпкер Кайпова Гульслу Сайдуллаевна | 350 |
8 | Жеке кәсіпкер Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы | 210 |
9 | Жеке кәсіпкер Г.А. Рыспаева | 100 |
10 | "Югстройсервис-Н" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 |
11 | "R`n R Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 164 |
Барлығы | 3384 |