Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 451 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 мамырда № 18713 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 114339 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру уақыты, тексеру, ұйқыға жату, дәретхана, дене жаттығуы, тамақтану, сейілдеу, тәрбие-алдын алу іс-шараларын өткізуі, кездесу бөлмелерінің, дүкеннің, медициналық-санитарлық бөлімшенің жұмыстары, телефонмен сөйлесу кіреді. Күн тәртібінде сотталғандардың үздіксіз сегіз сағаттық ұйқысы мен оларға жеке уақыттың берілуі көзделеді. Сотталғандардың аптасына кемінде бір рет жуынуы қарастырылады. Жуыну күні мен уақыты камера бойынша кестемен бекітіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Науқас сотталғандарды орналастыру медицина қызметкерлерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Жұқпалы ауруының болуына күдікті адамдар карантинге бөлінген камераларға орналастырылады. Карантин мерзімі медицина қызметкерінің көрсеткіштері бойынша бекітіледі. Жұқпалы аурумен ауыратын немесе ерекше медициналық күтімді және қадағалауды қажет ететін аурулар басқа сотталғандардан бөлек орналастырылады.";

      65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда және жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда өзінің жеке қаражаты есебінен жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу беріледі.

      Сотталған адам еркін нысанда телефонмен сөйлесуге рұқсат өтінім жазады, онда абоненттің мекенжайы, телефон нөмірі, негізі (жеделхат, хат) және сөйлесу ұзақтығы 15 минутқа дейін көрсетіледі. Қалааралық телефон сөйлесулерінің төлемі сотталғандардың жеке есеп шотында қолма-қол ақшалай қаражат болған кезде қолданыстағы тарифтер бойынша жүзеге асырылады. Таксофон бойынша телефонмен сөйлесулердің төлемі сотталғанның таксофондық карточкасымен жүргізіледі. Сотталған камерадан АҚО-ның немесе ТИ-дің бақылаушысының айдауылы арқылы телефон немесе таксофондық аппаратқа шығарылады және телефон сөйлесулері АҚО немесе ТИ әкімшілігінің бақылуымен өткізілетіні туралы ескертіледі.

      66. Телефонмен сөйлесу өткізілгеннен кейін АҚО-ның немесе ТИ-дің сөйлесуді өткізуге жауапты қызметкері өтінімге болған не қандай да бір себеппен болмаған телефонмен сөйлесулер туралы белгі қояды. Одан кейін өтінім тіркеу және тиісті номенклатуралық іске енгізу үшін кездесу бөлменің бақылаушысына беріледі. Егер сөйлесулерді кезекші кешкі уақытта (сағат 19-дан 20-ға дейін) өткізген жағдайда, өтінім кездесу бөлмесіне келесі күні тапсырылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қамаққа алу түріндегі жазаны өтеу кезінде белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін АҚО немесе ТИ бастығының дәлелді қаулысымен осы Қағидағаларға 13-қосымшаға сәйкес сотталғанға жаза қолданылады және қамаққа алу түріндегі жазаға сотталғандардың жазаларын есепке алу журналында осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысана бойынша тіркеледі. Жазалау қолдану туралы материалдар сотталғандардың жеке істеріне тігіледі. Кінәлі сотталғанға сол бір заң бұзушылық үшін біреуден артық жаза қолданылмайды.";

      105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Тамақ өнімдерін, бірінші кезекте қажет заттар мен өндіріс тауарларды сатып алғысы келетін адамдар АҚО немесе ТИ бастығының атына осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жазады.

      АҚО немесе ТИ дүкенінің қызметкері тауар сатып алғысы келген сотталғандардың жеке есеп шоттарында ақшасының бар-жоғын қаржымен қамтамасыз ету қызметінен тексереді. Сатып алынған тауарлар камераларға таратылады және қол қойғыза отырып беріледі.

      106. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін дүкен қызметкері аванстық есеп жасайды және өтінімдермен қоса оны есеп шоттардан ақша алу үшін қаржымен қамтамасыз ету қызметіне тапсырады.

      Тамақ өнімдерін және бірінші кезекте қажет заттарды алуға арналған өтінімнің және қолхаттың негізінде олардың бағасы сотталғандардың жеке шоттарынан шегеріледі.

      АҚО немесе ТИ әкімшілігі сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттарды сатып алуға жұмсаған ақшаның саны туралы жеке ісіне белгі қояды.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Сәлемдемелерді жеткізуші адамдар осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім толтырады және қол қояды. Өтінімдердің екі данасы да, сәлемдемелер, сәлемдемені жеткізуші адамның жеке басын куәландыратын құжат АҚО немесе ТИ қызметкеріне беріледі. Жеке басын куәландыратын құжат салыстыра тексеруден не сәлемдеменің ішіндегіні тексеруден кейін қайтарылады.";

      111 және 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Сауқатты қабылдаған соң АҚО немесе ТИ қызметкері келушілерге жеке құжаттарын және өтінімнің бірінші данасын қабылдап алғаны туралы қолхатпен қайтарады, ал екінші данасын сотталған сәлемдемені қабылдап, қол қойған соң оның жеке ісіне тігеді. Анықтама карточкасында осы адамға сәлемдемелерді қабылдағаны туралы белгі қойылады. Сотталған өтінімге қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда бұл туралы тиісті белгі қойылады.

      112. Сауқаттар мынадай:

      1) адресат босатылған;

      2) сотталған қайтыс болған;

      3) сауқаттардың салмағы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген норма бойынша сәйкес келмеген;

      4) сауқатты жеткізуші адам жеке басын куәландыратын құжаты көрсетпеген;

      5) сауқаттарды қабылдау өтінімін дұрыс ресімдемеген;

      6) сотталғанның өзіне жолданған сауқатты қабылаудан жазбаша бас тартуы болған жағдайларда қабылданбайды немесе келушіге қайтарылады.";

      118-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Сотталғандарға кейіннен табыстау үшін сотталғандардың туыстарына не өзге де адамдарға АҚО-ның немесе ТИ-дің қаржымен қамтамасыз ету қызметі арқылы АҚО-ның немесе ТИ-дің дүкенінде сатылымда бар тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар мен басқа да өндірістік тауарлардың құнын төлеуге мүмкіндік береді.

      Мұндай жағдайда сотталғандардың туысы немесе өзге де адам АҚО-ның немесе ТИ-дің қаржымен қамтамасыз ету қызметіне екі данада өтінім береді, онда тамақ өнімдері мен басқа тауарлардың саны мен салмағы, ол төлегісі келетін құны көрсетіледі және қажетті соманы енгізеді. Сотталғандар сатып алынған тауарды алған соң оның қол қойғыза отырып, бірінші данасы тауардың құнын төлеген адамға қайтарылады, екіншісі данасы сотталғанның жеке істеріне тігіледі. Анықтамалық картотекаға тиісті белгі жасалады.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Сотталғандар өздерінің қалаулары бойынша бар ауруына сәйкес денсаулық сақтау органдары мамандары көрсететін ақылы, қосымша емдеу-профилактикалық көмегін алады.

      Бұл үшін сотталған АҚО немесе ТИ бастығына тиісті өтініммен жүгінеді, онда ол алғысы келген қосымша емдеу-профилактикалық көмегінің түрін көрсетеді.

      Медициналық маман АҚО-ға немесе ТИ-ге келген кезде сотталғанның сырқатының тиісті бейінін емдеуге медициналық қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжатты көрсетеді.

      Қосымша емдеу-профилактикалық көмектің түрі және оның көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес сотталғанның медициналық картасында тіркеледі.

      Қосымша емдеу-профилактикалық көмекті төлеуді сотталғанның жеке есеп шотынан ақшаны сотталғанның өтінімінде көрсетілген сомада медициналық мекеменің не медицина қызметкерінің мекенжайына пошта арқылы аудару жолымен АҚО немесе ТИ әкімшілігі жүзеге асырады.

      Сотталғандардың қосымша емдеу-профилактикалық көмектің төлемін өзге адамдар да жүзеге асырады.";

      2-қосымшадағы бірінші тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жылытуды талап ететін және сақтау мерзімі өткен тез бұзылатын тамақ өнімдерінен, сондай-ақ ашытқы, алкоголь ішімдіктер мен сырадан басқа тамақ өнімдерін. Тамақ өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің нұсқамасы бойынша шектеледі. Күдікті мен айыпталушының өзімен бірге сақталуына болатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік тауарлардың жалпы салмағы 35 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан аспауы тиіс;";

      17-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      19-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;

      2) "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9722 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі нұсқаулығында:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың діни жораларды орындауы үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сотталғандарға салт жораларды мекеменің күн тәртібімен көзделген жеке уақытта өзінің ұйықтайтын орнының жанында жеке орындауға рұқсат етіледі. Бұл мақсатқа үй-жай бөлінбейді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Камералық және қатаң жағдайда жазаны өтеудегі сотталғандарға діни әдебиет және діни мазмұндағы өзге материалдар мекеменің күн тәртібімен көзделген жеке уақытта ұсынылады.";

      3) "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Карантин бөлімшесіне жаңадан келген сотталғандармен тәрбие жұмысы";

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Жасақтарда сотталғандармен тәрбие жұмысы";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сотталғанның мінез-құлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 95-бабына (бұдан әрі - ҚР ҚАК) сәйкес айқындалады.";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген, қатаң және жеңілдікті жағдайларында тәрбие жұмысын жүргізу ерекшеліктері";

      6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Сотталғандарды босатылуға дайындау кезінде олармен тәрбие жұмысын жүргізу";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Босатылғанға дейін бір жылдан кешіктірмей, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір сотталған мекеме бастығының атына өтініш жазады, онда болжамды баратын мекенжайы, жұмыс орны, тұрмыстық және жұмысқа орналасу бойынша оған қандай көмек керектігі көрсетіледі.";

      7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Жасақ бастығының, психологтың құжаттамасы";

      8-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Мекемедегі сотталғандардың ерікті ұйымдары";

      9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Кәмелетке толмаған сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекшеліктері";

      10-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекшеліктері";

      11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуге психологтардың қатысуы";

      8-қосымша алынып тасталсын;

      4) "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Медициналық қызметкер дене жарақаттарын, тері және жұқпалы ауру белгілерін анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарауын өткізеді. Дене жарақаттарын анықтау фактісі туралы жазбаша түрде прокурорға дереу хабарланады. Бұдан әрі сотталғандарды шомылдыру және толық санитарлық тазарту жүргізіледі. Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлімшесіне орналастырылады, онда оларға, сондай-ақ ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға ұзақтығы 15 (он бес) тәулікке дейін медициналық бақылау белгіленеді, медициналық тексеру жүргізіледі. Карантин бөлімшесінде болу кезеңінде сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайында болады. Мекеме психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайға бейімдеу бойынша жұмыс жүргізеді. Өзіне-өзі қол жұмсауға, өз денесіне қасақана қандай да бір зақым келтіруге және басқа да заңға қайшы әрекеттерге бейім адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелері бойынша жаңадан келген сотталғанның әрқайсысына психологиялық портрет жасалады, мекеменің тиісті қызметіне олармен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар енгізіледі. Осы кезеңде жұқпалы аурумен ауыратындар анықталған жағдайда, олар оқшауландырылады, мекемеде эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі.

      Сотталғанды карантин бөлімшесінен тәртіптік изоляторға, жалғыз адамдық камераға немесе медициналық санитарлық бөлімнің стационарына ауыстырған жағдайда осы үй-жайда ұсталуы карантин бөлімшесінде болу мерзіміне есептеледі.

      8. Карантин бөлімшесінде болған уақытта сотталғандарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне және осы Қағидаларға сәйкес белгіленген жаза өтеу тәртібі туралы және шарттары, өздерінің құқықтары және міндеттері туралы жазбаша түрде қол қойғыза отырып, ақпарат ұсынады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Оларға мекемеде қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің техникалық құралдарын, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды және қаруды қолдану, ал сотталғандардың топтық бағынбаушылығы және жаппай тәртіпсіздігі жағдайында мекемеде ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы түсіндіріледі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мекеме қызметкерлерімен, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдармен және мекемелерге барған басқа да лауазымды адамдармен кездескен кезде сотталғандар орнынан тұрады және олармен амандасады.

      14. Сотталғандар мекеме қызметкерлерімен, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдармен "Сіз" деп сөйлеседі, оларды "мырза" немесе "офицер мырза" деп және одан әрі атағы, сондай-ақ аты және әкесінің аты бойынша атайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мекемелер персоналына сотталғандармен және олардың туысқандарымен қызмет мүддесіне байланысты емес қандай да бір қарым-қатынас жасасуға, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасында және осы Қағидаларда регламенттелмеген қызметін пайдалануға жол берілмейді.

      Ешбір сотталған азаптауларға, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлеріне тап болмауы тиіс.

      Мекеме әкімшілігі сотталғандардың, мекеме қызметкерлерінің және мекемеге келушілердің күзетін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Күн тәртібіне ұйқыдан тұру, тексеру, ұйқыға жату, дәретханаға бару, дене шынықтыру, тамақ ішу, жұмысқа тарату, жұмыста, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық іс-шараларда, кездесу бөлмелерінде, дүкенде, медициналық бөлімде болу, телефон арқылы сөйлесу уақыттары кіреді. Сотталғандардың үзіліссіз сегіз сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру көзделеді. Сотталғандардың жасақ бойынша аптасына кемінде бір рет моншада жуынуы қарастырылады. Жасақтардың моншада жуыну күні мен уақыты мекеме бастығы немесе оның міндетін атқарушы адам бекіткен кестемен белгіленеді, бұл ретте, бір сотталғанның жуыну ұзақтығы 1 сағаттан кем болмауы тиіс.

      Сотталғандар күн тәртібінен бос уақытта, мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мекеме бастықтары мекеме аумағында орналасқан кәсіпорындардың бастықтарымен бірлесіп, еңбек жағдайын ескере отырып, сотталғандардың өндіріс объектілеріндегі жүріс-тұрыс тәртібін белгілейді, онда сотталғандардың объектілерге саппен келуі, цех (учаске) бастықтарының немесе шеберлерінің нұсқама өткізулері, жұмыс қорытындысын шығару, жұмыс орындарын тапсыру тәртібі қарастырылады. Мекеме әкімшілігі өндірістік объектілердегі сотталғандарға ұдайы бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Камералық ұстау жағдайында сотталғандарды жұмысқа тарту ҚАК-нің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Сотталғандарды пайдалануға жол берілмейтін жұмыстар мен лауазымдар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ауыз сумен қамтамасыз ету, тамақты қоректік сипаттары мен құндылығы бойынша дайындау санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Туберкулезден емдеуге арналған емдеу-профилактикалық мекемелерінде ұсталатын сотталғандар және мекемелердің медициналық бөлімдерінде стационарлық ем алып жатқан ауыр сырқаттанған сотталғандар медициналық көрсеткіштердің негізінде берілген емдеуші дәрігердің жазбаша рұқсатымен тамақты тұратын жерлерінде (медициналық палаталарда не туберкулездің микробактерияларын бөлетін сотталғандарға арналған бөлімшелердегі ас қабылдау бөлмелерінде) қабылдайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлімдер мен қызмет бастықтары сотталғандарды жеке қабылдауды сотталғандардың назарына жеткізілетін кесте бойынша жүзеге асырады, бірақ кемінде аптасына 1 рет. Қабылдауға жазылған сотталғандарды есепке алуды әрбір жауапты жұмыскер сотталғандар жүгінген мәселелер мен оларды қарау нәтижелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналында жүргізеді. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала жазбаша өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

      Мекеме әкімшілігі сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру үшін Ұлттық ұланның өкілдерін тартады.

      Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеке мәселелер бойынша қабылдауды күн сайын мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлімдер мен қызмет бастықтары жүзеге асырады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мекемеде сотталғандардың бар-жоғын тексеру күн сайын таңертең және кешке күн тәртібінде белгіленген сағатта жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайларда сотталғандарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Біруақытта сотталғандардың сыртқы түрі және киімнің белгіленген нысанға сәйкестігі тексеріледі.

      Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындарды қоспағанда, сотталғандар омырауға және қолға тағатын айырым белгілері бар киімдер киеді. Сотталғандарға арналған омырауға және қолға тағатын айыру белгілерінің үлгілері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.

      Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде сотталғандар әскери нысандағы киімді және басынан басқа дене мүшелерін жаппайтын киімді қоспағанда, азаматтық киім киеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Сотталғандар топтарының мекеме аумағы бойынша жүруі (саппен жүру тек сотталғандарды тексеру және тамақтану кезінде көзделген қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) тек саппен және белгіленген киім нысанында, олардың бірінің не мекеме әкімшілігі өкілінің еріп жүруімен жүзеге асырылады.

      Сотталғандарға жасақтарда телехабарлар көруі, кітапханаға баруы және моншада жуынуы кезінде киімнің үстіңгі бөлігін шешуге не ағытуға рұқсат етіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жалғыз адамдық камераларда, қауіпсіз орында, жазаны өтеудің қатаң жағдайында ұсталатын, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар үшін тамақ өнімдерін, оның ішінде шайды және бірінші кезекте қажетті заттарды олардың өтінімдері бойынша мекеменің тиісті қызметінің қызметкерлері сатып алады. Сатып алынған тауар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде қолын қойғызу арқылы сотталғанға беріледі.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Сотталғандардың өз қаражаты есебінен төленетін қосымша қызметтер олардың мекеме бастығының атына берген жазбаша өтінімі бойынша және мекеме аумағында көрсетіледі.

      Қосымша қызмет көрсету үшін мекеме әкімшілігі тиісті маманды (жұмыскер) шақыртады.

      49. Сотталғанның жазбаша өтінімінде көрсетілген қосымша қызметтерге төлем мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан қызмет көрсеткен тиісті кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның немесе маманның (жұмыскердің) атына пошта (телеграф) арқылы ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Сотталғандарға келіп түскен ақшалай аударымдар мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударылады. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында көзделген сотталғандардың атына жіберуге тыйым салынған заттар мен заттектерді хат-хабарлардан мекеме қызметкерлері коммиссиялық түрде тиісті акті (еркін нысанда) толтыру арқылы алады, оның бір данасы жіберушінің атына жолданады.

      Табылған ақша, бағалы заттар, сондай-ақ Тізбеде көзделмеген басқа да заттар, бұйымдар және заттектер алып қойылады, олар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес шешім қабылданады.

      Жақын туыстарына және өзге де адамдарға аударым жіберу үшін сотталған мекемедегі ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы өзінің ақшасының нақты сомасын аудару туралы өтінішпен өтінім (еркін нысанда) толтырады. Өтінімдерді қабылдауды мекеме әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамдары жүзеге асырады. Ақша аударымының жөнелтілгені туралы түбіртекке сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке ісіне тігіледі.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Сотталғандардың өтініштері адресатқа мекеме әкімшілігі арқылы жөнелтіледі. Шешілуі не түсіндіруі мекеме әкімшілігінің құзыретіне жататын сотталғандардың өтініштерін мекеме әкімшілігі қарайды.

      Лауазымды адам сотталғаннан өтінішті алғаннан кейін оны жасақ бастығына береді.

      Жасақ бастығы сотталғанға өтініштерді қабылдау, есепке алу және адресатқа жөнелту тәртібін түсіндіріп, сотталғаннан өтінішті (өтінішхатты) алғаннан кейін осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналына сәйкес оған жыртылмалы талон береді және өтінішті мекеменің кеңсесіне (хатшылығына) мақсаты бойынша жолдау үшін осы журналда (бұдан әрі – Журнал) қол қоюмен тапсырады.

      Өтініштер адресатқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде жолданады, бұл туралы сотталған қол қою арқылы хабарланады.

      Мекеме әкімшілігі қарастыру субьектісі болып табылмайтын сотталғандардың өтініштері мекеме бастығы не оның міндетін атқарушы адам белгілейтін жауапты қызметкер (жұмыскер) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ілеспе хатты жасамай адресатқа жолдайды. Егер сотталған жүгінген орган (ұйым) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қатысушысы болып табылмаса, осы өтініш адресатқа пошта байланысы арқылы жолданады.

      Басқа мекемеге ауыстыру, кешірім жасау, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы, сондай-ақ үкімді орындауға байланысты басқа да өтініштер ҚАК-тің 162-бабына сәйкес материалдарға қосу және оларды алған күннен бастап он күн ішінде мақсаты бойынша одан әрі жөнелту үшін арнайы есепке алу қызметіне Журналында қол қоюмен беріледі.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер беріледі. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.

      Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу олардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.

      Тиісті техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер бейнебайланыс арқылы ұсынылады.

      Тиісті үй-жайлар болған жағдайда жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей ұсынылады.";

      79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Кездесуге рұқсатты сотталғанның не онымен кездесуге келген адамның өтінімі бойынша мекеменің бастығы немесе олардың міндеттерін бөлуге сәйкес оны алмастыратын адам береді. Кездесу беруден бас тартқан кезде сотталғандармен кездесуге өтінім білдірушінің өтінішіне бас тартудың себебі туралы белгі жасалады.

      Сотталғанмен кездесу ұсынудан бас тартылған жағдайда кездесу бөлмесіндегі қадағалау бойынша бақылаушы не мекеме әкімшілігінің өкілі сотталғанға және кездесуге келген адамдарға бас тартудың дәлелді себебін түсіндіреді.

      Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың сотталғанмен туыстық байланыстарын куәландыру "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген құжаттармен, сондай-ақ неке қию туралы куәлік, қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының құжаттарымен расталады.

      80. Кездесуге келген адамның не сотталғанның өтінімін мекеменің кездесу бөлмесі бойынша жауапты бақылаушысы қабылдайды. Өтінімнің үлгісі келушілерге арналған бөлмеде көрнекі ақпарат тақталарында ілінеді.

      Жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарынан басқа өзге адамдармен қысқа мерзімді кездесулер мекеме бастығының не оның міндетін атқарушы адамның рұқсаты негізінде кездесуге келген адамның жазбаша өтінімі (еркін нысанда) бойынша ұсынылады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Кездесу түрлерін ауыстыру сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша жүргізіледі.";

      100, 101, 102 және 103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Кездесулер беру туралы барлық өтінімдер осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кездесулер беру туралы өтінімдерді тіркеу журналында тіркеледі және сотталғандардың жеке ісінің материалдарына тігіледі. Журналды кездесу бөлмесіндегі қадағалау жөніндегі бақылаушы жүргізеді.

      101. Әлеуметтік байланыстарын сақтау үшін сотталғандарға телефондық сөйлесулер жеке ісінде көрсетілген жақын туыстарымен және өзге де адамдармен олардың өтінімдері бойынша ұсынылады.

      Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сотталғанның жазбаша өтінімі бойынша беріледі, онда абоненттің мекенжайы, телефон нөмірі және 15 минут сөйлесу ұзақтығы көрсетіледі. Телефон арқылы сөйлесулер сотталғандардың немесе олардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстарының жеке қаражаттары есебінен төленеді. Телефон арқылы сөйлесулер алдында мекеме қызметкері сотталғанды сөйлесу бақыланатыны туралы ескертеді және жеке өзі өтінімде көрсетілген телефонның нөмірін тереді.

      102. Телефон арқылы сөйлесулер, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер болған кезде бейнебайланыс жүйесін пайдаланумен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мекеме бастығы не оны алмастыратын адамның атына сотталғанның жазбаша өтінімі негізінде, кезектілігі және кестеге сәйкес ұсынылады.

      Тәуліктің кешкі уақытында жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесулерді кезекші мекеме басшылығынан жауапты адамның келісімі бойынша ұсынады.

      Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ерекше мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, денсаулық сақтау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.

      Телефон арқылы сөйлесу жүргізілгеннен кейін мекеменің сөйлесулерді жүргізуге жауапты қызметкері өтінімге болған не қандай да бір себеппен болмай қалған телефон арқылы сөйлесу туралы тиісті белгі қояды. Осыдан кейін өтінім тіркеледі және тиісті номенклатуралық іске енгізіледі.

      103. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстарын, сотталғанмен некеде жоқ, онымен ортақ балалары бар адамдарды қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесулерге жол берілмейді.";

      148-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Камераларда ұсталатын сотталғандардың телебағдарламаларды көруі және радиобағдарламаларды тыңдауы, мекеменің кітапханасынан алынған көркем және өзге әдебиетті қолдану жұмыстан бос уақытта және күн тәртібінде түнгі демалуға бөлінген уақыттан басқа, міндетті бұқаралық іс-шаралар кезінде жүзеге асырылады.";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар:

      1) мекеменің аумағы бойынша міндетті еріп жүрумен және қолына артқы жағынан тағылған қол кісендерімен, сондай-ақ көзіне киілген селдір емес материалдан жасалған таңғышпен (сейілдеу алаңдарында, монша бокстарында, тұрғын және жұмыс камераларында болу уақыттарынан басқа) алып жүргізіледі;

      2) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға камераларда ұстауға рұқсат берілген Заттар мен нәрселердің тізбесіне сәйкес заттар мен нәрселерді камераларда сақтайды;

      3) мекеменің кітапханасынан алынған көркем және өзге әдебиетті пайдаланады.";

      8-қосымшаның алтыншы тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жасақ бастықтарының есебінде, толық қауіпсіздік мекемесінде сақталатын бекет бақылаушысы есебінде сақталатын электр не механикалық ұстара, қауіпсіз ұстара (бір рет қолданылатын), тырнақ алатын құрал;";

      8-қосымша мынадай редакциядағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында бар қаражат есебінен алынған (құрамындаы порнографиялық материалдар жоқ) газеттер мен журналдар";

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымшаға ескертпенің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оларды сотталғандар өздерімен бірге тұратын үй-жайда (камерада) сақтай алатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың санын жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерге байланысты мекеме бастығы орнатады. Сотталғанға тиесілі тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімдердің және басқа да өндірістік тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 40 килограмнан, оның ішінде кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауы тиіс.".

      9-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 20-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама институты және құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 451 бұйрығына
1-қосымша
  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
17-қосымша
  Нысан

      Жеке есеп шотта _____ теңге ___ тиын бар. № ___ түбіртек

      Бухгалтер ________________ Сотталған _______________

      20_____ж "___" ______________

Өтінім

      Маған мынадай тауарларды сатып алуға рұқсат беруіңізді сұраймын:

№ №

Тауардың атауы

Саны

Босатылған сома

Сомасы

1

2

3

4

5






  Жиыны:
_______________________
_______________________
(сотталғанның қолы)

      Қолхат___________________________________ сомаға тауар алдым.

                        (жазумен)

      Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шегеруді сұраймын.

      ________________________

      (Сотталғанның қолы)

      20___ жылғы ________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 451 бұйрығына
2-қосымша
  Қамаққа алу түріндегі жазаны
орындауды жүзеге асыратын
арнаулы мекемелердің қызметі
мен ішкі тәртіптемесін
ұйымдастыру қағидаларына
19-қосымша
  Нысан

Өтінім

      _____________________________________________________________ мекенжайында

                              (тұрғылықты мекенжайы)

      тұратын азаматтан _________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сотталған _________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туған жылы)

      сауқат қабылдауыңызды сұраймын.

      Сауқаттағы тамақ өнімдерінің (заттардың) тізілімі:

№ р/с

тамақ өнімдері мен заттардың атауы

Салмағы (килограммен, граммен)

Саны

Ескерту






  Өтініш берушінің қолы
________
___ жылғы "___"
______________

      Сауқатты қабылдаған ________________________________________________

                                    (сауқатты қабылдаған қызметкердің қолы)

      Сауқатты алған _____________________________________________________

                                    (сауқатты алған сотталғанның қолы)

      _____ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 451 бұйрығына
3-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің ішкі
тәртіптеме қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сотталғандардың күн тәртібі үлгісі

      Ұйқыдан тұру - таңғы сағат 6-да. (жексенбі және мереке күндері ұйқыдан тұру бір сағатқа кеш жүзеге асырылады)

      Дене шынықтыру - 15 минутқа дейін.

      Дәретхана, төсек жинау - 20 минутқа дейін.

      Таңертеңгі және кешкі тексеру 40 минутқа дейін.

      Таңғы ас - 30 минутқа дейін.

      Жұмысқа тарату - 30 минутқа дейін.

      Жұмыс уақыты - еңбек заңнамасына сәйкес.

      Түскі ас - 90 минутқа дейін.

      Жұмыстан қайту, кешкі туалет - 30 минутқа дейін.

      Кешкі ас - 30 минутқа дейін.

      Жеке уақыты – күн тәртібінде белгіленбеген іс-шаралардан бос уақыт.

      Тәрбие іс-шаралары - жеке кесте бойынша.

      Мәдени-бұқаралық жұмыс, мектептегі, КТУ-дағы оқу - жеке кесте бойынша.

      Ұйқыға дайындалу - 15 минутқа дейін.

      Ұйқы (үзіліссіз) - 8 сағат.

      Ескертпе:

      1. Күн тәртібі әр мекемеде жергілікті жағдайларға, күннің ұзақтығына, жыл маусымына қарай жасалады.

      2. Егер сотталғандар өндірісте бірнеше ауысыммен жұмыс істеген жағдайда, күн тәртібі әр ауысым үшін жасалады.

      3. Емдеу-профилактикалық мекемелерінде, карантин бөлімшесінде, жазаны өтеудің қатаң жағдайында, жалғыз адамдық камераларда, тәртіптік изоляторларда, уақытша оқшаулау үй-жайларында, сондай-ақ камералық ұстау жағдайларында ұсталатын сотталғандардың күн тәртібі жеке белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 451 бұйрығына
4-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің ішкі
тәртіптеме қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

      Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау

      шотында _______ теңге бар

      Түбіртек №____________

      оның ішінде мекемедегі тапқан табысы _____________ теңге

      Бухгалтер__________________ Сотталған_______________________

      20___ жыл _________________

Өтінім

      Маған төмендегідей тауарларды сатып алуға рұқсат беруіңізді сұраймын:

№ р/с

Тауардың атауы

Саны

Босатылғаны

Сомасы

1

2

3

4

5

      Барлығы ___________________

      ____________________________________

                  (сотталғанның қолы)

      ---------------------------------------------------------------

      Қолхат________________________________________ сомаға тауар алдым.

                        (жазумен)

      Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шығаруды сұраймын.

      ___________________

      (сотталғанның қолы)

      20__ жылғы _____________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 451 бұйрығына
5-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің ішкі
тәртіптеме қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Кездесулер беру туралы өтінімдерді тіркеу журналы

Өтініммен жүгінген сотталғанның (не өзге адамның) Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Кездесуге келген адамдардың Т.А.Ә. (ол болған кезде)

Кездесуге кім рұқсат берді

Бас тарту себебі, егер ондай орын алса

Ескертпе

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 451 бұйрығына
6-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің ішкі
тәртіптеме қағидаларына
20-қосымша
  Нысан

Сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналы

№ р/с

Сотталғанның Т.А.Ә. (ол болған кезде)

(түбіртек)
/__/__/__/__/__/__/
күні /___/___/___/
өтініштің шығ. № _____
Өтінішті алушының аты-жөні/фамилия, инициалы принявшего обращение
_____________________
20__ жылғы "___" _______

(жыртылмалы түбіртек)
/__/__/__/__/__/__/
күні /___/___/___/
өтініштің шығ. № _____
Өтінішті алушының аты-жөні/фамилия, инициалы принявшего обращение
_____________________
20___ жылғы "___" _____


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады