"Дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 мамырда № 18737 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелер беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде: кемінде 3 (үш) мақала (және/немесе шолулар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) кіретін ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда жарияланады.

      Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлану бағытына байланысты ескеріледі, атап айтқанда:

      1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 8D11 Қызмет көрсету кадрларды даярлау бағыттары бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus (Скопус) базасында бар диссертация мазмұнына сәйкес келетін бір ғылыми саладан CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын басылымдар немесе zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Astrophysical journal (Астрофизикал жорнал) деректер базасына кіретін басылымдар жатады;

      2) қалған кадрларды даярлау бағыттары үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) индекстелетін басылымдар; сондай-ақ Scopus (Скопус) базасында бар диссертация мазмұнына сәйкес келетін бір ғылыми саладан CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын немесе JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін басылымдар жатады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдардың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жарияланған кезде немесе қорғау мезгіліне дейін журнал Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль тиісті көрсеткішке ие немесе Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында импакт-факторы бар (немесе индекстеледі) болады.

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдар ретінде саналады.

      Мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация қорғалған жағдайда, диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

      Шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке тапсырылған сәтте жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде 3 (үш) мақала (және/немесе шолулар) Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда және/немесе 3 (үш) мақала шетелдік ғылыми басылымдарда; 1 (бір) мақала рецензияланатын халықаралық ғылыми басылымда. Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептеледі.".

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы "__"__________
№ ___ бұйрығына
1-қосымша
  Дәрежелерді
беру қағидасына
1-қосымша
  Нысан

_______________________________бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      20__ ж. "_____" _________                                     № ________ хаттама

      Тыңдалды:

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________ тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант

      __________________________________________________________________

      (докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі –Т.А.Ә.)

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы

      қолдаухат бойынша 20___ ж. “____” _____________ (№ ___ хаттама)

      ____________________________________________________________________

                              (диссертациялық кеңестің шешімі туралы)

      № __________ іс.

      Сарапшы ___________________________________________ тыңдап және

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске асырылатын

      ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға

      сәйкестігі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Диссертацияны өзі жазу принципінің сақталуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Диссертацияда ішкі бірлік принципінің сақталуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық принципің сақталуы, негізгі ғылыми

      нәтижелері_________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Диссертацияда практикалық құндылығының принципінің сақталуы.

      Диссертацияның қолданбалы немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет).

      Диссертация нәтижелерін _________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      ____________________________________________________________ енгізілді.

      зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      Практикаға ендіру үшін __________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер,

      зияткерлік меншік туралы куәліктер)

      ________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________ұсынылады.

      7. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды

      пайдаланғанының (плагиат) анықталуы _________________________________

                                                (бар немесе жоқ)

      Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзі көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      8. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі:

      диссертация тақырыбы бойынша:

      барлығы ғылыми еңбек _______;

      оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда _______ ;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Scopus (Скопус) деректер базасына кіретін _______ ;

      zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Astrophysical journal (Астрофизика жорнал), JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      басқа жарияланымдар _______ жарияланды.

      Жарияланымдар Қағидалардың 6-тармағына _______________________

                                          (сәйкес келеді/келмейді)

      9. Аттестациялық істің материалдарының Қағидалар талаптарына

      сәйкестігі___________________________________________________________

      Рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздік қағидасының

      сақталуы____________________________________________

      Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге сәйкес қорғау рәсімінің

      сақталуы___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Диссертациялық кеңеске ескертулер____________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Аттестациялық іс және докторанттың диссертациясы Қағидалардың барлық

      талаптарына сәйкес, Сараптау кеңесі Комитетке докторант

      ____________________________________________________________________

      (докторанттың Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ____________________________________________________________мамандық

      бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін

      беруді ұсынады.

      2) Аттестациялық іс және докторанттың диссертациясы Қағидалардың тармағына

      сәйкес келмейді______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Қағидалардың қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке докторант ___________________________________

                                    (докторанттың Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      __________________________________________________ мамандығы бойынша

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас

      тартуды ұсынады.

Дауыс беру нәтижелері:

"жақтап" дауыс бергені ____________


"қарсы" ____________


"қалыс қалғаны" ____________

Төраға

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

Ғалым хатшы

______________________________
(Т.А.Ә ол (болған жағдайда).)

Сарапшы

______________________________
(Т.А.Ә ол (болған жағдайда).)

  Қазақстан Республикасы
Білімжәне ғылым министрінің
2019 жылғы "__"__________
№___бұйрығына 2-қосымша
  Дәрежелер
беру қағидасына
3-қосымша
  Нысан

_____________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      20__ ж. "____" __________                                     № _______ хаттама

      Тыңдалды:

      ________________________________________________ мамандығы бойынша

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ алған

                        (мемлекет, ұйым)

      ____________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі -Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ____________________________________________________________________

      дәреже туралы дипломның баламалылығын тану туралы қолдау хат (жеке өтініш)

      бойынша берілген _____________№ аттестациялық іс.

      Диссертация тақырыбы:_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сарапшы ___________________________________________ тыңдап және

                        (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгіледі:

      1. Диссертация тақырыбының өзектілігін бағалау (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды)______________

      ____________________________________________________________________

      (ғылым мен техниканың дамуына, қоғамдық практика сұраныстарына сәйкестігі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Диссертацияны өзі жазу принципінің сақталуы (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Диссертацияда ішкі бірлік принципінің сақталуы (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық принципінің сақталуы, негізгі ғылыми

      нәтижелері (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін

      толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы (Қағидалардың 21 және

      22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Диссертацияда практикалық құндылығының принципінің сақталуы

      (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      диссертация нәтижелері___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік ендіру ауқымы, тәжірибелік-өнеркәсіптік,

      ____________________________________________________________________

      зертханалық сынақтар, оқу процесінде пайдалану)

      ____________________________________________________________ендірілді;

      практикаға ендіру үшін __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (авторлық куәліктер, патенттер, алдын ала патенттер,

      зияткерлік меншік туралы куәліктер)

      ____________________________________________________________________

      (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде теоретикалық ұсыныстар)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________ұсынылады.

      7. Диссертацияда авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды

      пайдаланғанының (плагиат) анықталуы _________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (бар немесе жоқ)

      Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзі көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.

      8. Диссертация тақырыбы бойынша (Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылмайды):

      барлығы ғылыми еңбек _______;

      оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда _______ ;

      шетелдік ғылыми басылымдарда _________;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Scopus (Скопус) _______ ;

      zbMath (збМат), MathScinet (МатСкайнет), Astrophysical journal (Астрофизикал жорнал), JSTOR (ДЖЕЙСТОР) деректер базасына кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда _______ ;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      басқа жарияланымдар _______ жарияланды.

      Жарияланымдар Қағидалардың 6-тармағына _______________________

      (сәйкес келеді/келмейді)

      9. "Қазақстан Республикасы Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның аспирантураның, докторантураның кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге жіберу туралы анықтаманың болуы (Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін толтырылады):

      ____________________________________________________________________

      23-тармақтың 1), 2), 3), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларына сәйкес

      құжаттар болуы ______________________________________________________.

      10. Диссертация (Қағидалардың 21-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін):

      500 академиялық рейтингтердің тобына (Джао Тонг Шанхай университеті, Таймс, QS (КЮЭС)) немесе News (Ньюс) рейтингінің 200 ұлттық университетінің тобына кіретін

      ЖОО-да_______________________

      ________________________________________________________________;

                        (қажетін сызу, мемлекетті, ЖОО көрсету)

      немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілеріне ұсынылатын ұйымдар тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының ЖОО-да

      ____________________________________________________________________;

                        (ЖОО аталуы)

      немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғалған ______________________

      ____________________________________________________________________

                        (мемлекетті, ЖОО көрсету).

      23-тармақтың 1), 2), 3), 7), 8), 10) тармақшаларына сәйкес құжаттар болуы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. "Құпия" белгісін беру және әскери білім беру арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүйесіндегі білім беру саласындағы уәкілетті органның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберуі туралы анықтаманың болуы (Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тұлғалар

      үшін):_________________

      ____________________________________________________________________.

      Құжаттардың 23 тармақтың 1), 2), 3), 7), 8), 12)-тармақшаларына сәйкес болуы

      ______________________________________________________________.

      12. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Ізденушінің аттестациялық ісі Қағидалардың барлық талаптарына сәйкес,

      Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші ________________________________

                                    (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ____________________________________________________________мамандық

      бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін

      беруді ұсынады.

      2) Ізденушінің аттестациялық ісі Қағидалардың _____ тармағына сәйкес

      келмейді_____________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      ____________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші_____________________________________

                                          (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      дипломының баламалылығын танудан және _____________________

      __________________________________________________________ мамандығы

      бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас

      тартуды ұсынады.

Дауыс беру нәтижелері:

"жақтап" дауыс бергені ____________


"қарсы" ____________


"қалыс қалғаны" ____________

Төраға

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

Ғалым хатшы

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

Сарапшы

______________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады