"Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 мамырда № 18753 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16317 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы " __"
№ __ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығымен
бекітілген

Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

№ р/с

Атауы

1

2

1.

ОҚО Түркістан қаласында қосымша суармалы жерлерді қосып ПК888+27-ден ПК 1082+00 қоса алғанда Түркістан магистральдық арнасын реконструкциялау

2.

Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану

3.

Алматы станциясының теміржол торабын айналдыра айналма теміржол желісін салу

4.

Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау министрлігінің ведомстваға бағынысты ұйымдарын біріктіру арқылы Алматы қаласында 1265 төсектік біріккен университеттік аурухана құру

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік - мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру

6.

Өңірлік тестілеу орталығы және педагогикалық құзырет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады