Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 16317 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.

      2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ____________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 11 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығымен бекітілген

Іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Атауы

1

2

1.

ОҚО Түркістан қаласында қосымша суармалы жерлерді қосып ПК888+27-ден ПК 1082+00 қоса алғанда Түркістан магистральдық арнасын реконструкциялау

2.

Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану

3.

Алматы станциясының теміржол торабын айналдыра айналма теміржол желісін салу

4.

Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау министрлігінің ведомстваға бағынысты ұйымдарын біріктіру арқылы Алматы қаласында 1265 төсектік біріккен университеттік аурухана құру

5.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік - мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру

6.

Өңірлік тестілеу орталығы және педагогикалық құзырет

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады