Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 мамырда № 18759 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.08.2021 № 784 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайлар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 514 бұйрығына
1-қосымша

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайлар

      Әкелінетін тауарлар сатып алу-сату нысанасы болып табылмайды. Мұндай жағдайлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде:

      1) өтеусіз шарттар бойынша, атап айтқанда сыйға тарту, өтеусіз жеткізу шарттары бойынша (мысалы, жарнама, көрме үлгілерін өтеусіз жеткізу шарты);

      2) жалға алу шарттары бойынша;

      3) делдалдық шарттар бойынша, атап айтқанда бағаны қамтымайтын комиссия шарты, консигнация шарты, агенттік шарты, олар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шығару үшін сатылатын тауарлар бойынша;

      4) қарыз, тауарлық кредит шарттары бойынша, олар бойынша тауарлар немесе оларға балама тауарлар меншік иесіне қайтарылуға жататындар бойынша;

      5) сараптаманы, сәйкестікті бағалауды (растауды) жүргізу үшін (оның ішінде зерттеулер, сынақтар, тексерулер, эксперименттер және қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету);

      6) жарғылық капиталға (қорға) салым ретінде орын алады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 514 бұйрығына
2-қосымша

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.08.2021 № 784 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Алдын ала шешімді беру тәртібі, шарттары мен мерзімдері

      2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – орган) өтініш берушінің органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште өтініш беруші берген, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану бойынша алдын ала шешім қабылдауға өтініш (бұдан әрі – өтініш) алдын ала шешім берудің шарты болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өтініш:

      сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін;

      егер мәміле мен тауарлар өзге органдардың, құқық қорғау органдарының немесе соттардың қарау мәні болып табылмаса;

      тауарлар декларациясын бергенге/тіркегенге дейін органға бір тауарға қатысты беріледі.

      4. Қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда өтініш А4 форматындағы (210 х 297 мм) қағаз парағында, 2 (екі) данада баспа түрінде ресімделеді, оның біреуі органға беріледі, ал екіншісі өтініш берушіде қалады.

      5. Өтініш алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымды төлеу туралы құжатты және осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларда алдын ала шешімдерді беру туралы өтінішпен жүгініс жасауға негіз болатын құжатты қоса бере отырып ұсынылады.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару қажет, бұл ретте аударма тілі өтініш берілген тілге сәйкес келуі тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Алдын ала шешім қағаз жеткізгіште өтініш берілген кезде – өтінішті органның кеңсесінде тіркеген күннен бастап, ал органың ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген кезде – электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылып өтініш жолданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Алдын ала шешім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) тауардың кедендік құнын айқындау әдісіне қатысты өтініш берушіге беріледі және электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште 2 (екі) данада толтырылады, олардың біреуі органда қалады, ал екіншісі өтініш берушіге жіберіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.08.2021 № 784 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Алдын ала шешім беруден бас тартылған кезде орган өтініш берушіге бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мыналар:

      мәміле мен тауарлар өзге органдардың, құқық қорғау органдарының немесе соттардың қарау мәні болып табылса;

      өтініш бірнеше тауарларға қатысты берілсе;

      алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымды төлеу туралы құжат болмаған кезде;

      егер алдын ала шешім беру туралы өтінішпен жүгіну үшін негіз болып табылатын құжаттар берілмесе;

      егер өтінішке қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылмаса алдын ала шешім беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      Бұл ретте өтініш беруші төлеген алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым қайтарылмайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Алдын ала шешім беруден бас тарту алдын ала шешім қабылдаудан бас тартуға негіз болған себептер жойылған жағдайда өтініш берушінің алдын ала шешім алу үшін қайтадан өтініш беруіне кедергі келтірмейді.

      11. Өтініш беруші тиісті өзгерістер енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде алдын ала шешімді берген органға алдын ала шешімді өзгерту туралы өтініш береді.

      12. Өтініш беруші алдын ала шешімді өзгерту туралы өтінішті:

      растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тауардың кедендік құнына әсер ететін сыртқы экономикалық шарттың (келісімшарттың) шарттарының өзгеруі;

      қателерді анықтау (қате басу, грамматикалық және орфографикалық қателер), алдын ала шешімнің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10-бағандарына:

      тауардың кедендік құнын айқындау әдісін таңдау үшін негіздемені өзгертуге;

      өтініш берушінің атауын ауыстыруға;

      алдын ала шешім қолданыс мерзімін өзгертуге әсер етпейтін өзгертулер енгізіледі.

      Өзгертілген алдын ала шешімнің 11-бағанында көрсетілген мәліметтердің өзгерістер енгізілетін алдын ала шешімнің 11-бағанында көрсетілген мәліметтерден айырмашылығы болады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Алдын ала шешімді өзгерту туралы өтініш еркін нысанда:

      алдын ала шешімді өзгерту себептерін көрсетумен және тиісті дәлелдемелерді (құжаттарды) қоса бере отырып;

      алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымды төлеусіз беріледі.

      14. Өзгертілген алдын ала шешім алдын ала шешімді өзгерту себептерін көрсете отырып, алдын ала шешімді өзгерту туралы өтініш тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

      15. Өзгертілген алдын ала шешім өтініш берушіге ол қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей поштамен жіберіледі.

      16. Алдын ала шешімдер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселесі бойынша алдын ала шешімдер органның ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда берілген жағдайда, Алдын ала шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы), алдын ала шешімдер қағаз жеткізгіште берілген жағдайда, қағаз жеткіштегі Тіркеу журналында тіркеледі.

      Қағаз жеткізгіштегі Тіркеу журналы нөмірленеді, тігіледі және органның мөрімен бекітіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әкелінетін тауарлардың
кедендік құнын айқындау
әдістерін қолдану мәселелері
бойынша алдын ала шешімдерді
беру қағидалары, шарттары
және мерзімдеріне
1-қосымша
  нысан

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану бойынша алдын ала шешім қабылдауға өтініш

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Өтініш беруші (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы, заңды мекенжайы)
өтініш берушінің бизнес/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН / ЖСН)
өтініш берушінің электрондық мекенжайы (болған кезде):

Күні:

2. Тауар атауы:
3. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауар коды:

4. Ұсынылған құжаттар:

5. Өзге де ақпараттар (осы бағанда өтініш беруші өтініштің 6-бағанында көзделген кедендік құнды айқындау әдісін растайтын тауардың кедендік құнына қатысты кез келген қосымша ақпаратты бере алады)

6. Өтініш беруші ұсынатын кедендік құнды айқындау әдісі:

7. Сіз қаралып отырған тауардың кедендік құнын айқындау әдісі бойынша алдын ала шешім қабылдауға бұрын өтініш бердіңіз бе?
Егер иә болса, толығырақ көрсетіңіз:


Иә

Жоқ

8. Қаралып отырған тауардың кедендік құнын айқындау әдісі бойынша бұрын алдын ала шешім қабылданды ма?
Егер иә болса, толығырақ көрсетіңіз:


Иә

Жоқ

9. Қаралып отырған тауар кеден құнын тексеру (тергеу) немесе құқық қорғау органының, сот органының немесе өзге де мемлекеттік органның кез келген қайта қарау немесе шағымдану мәні болып табылмайды ма?
Егер иә болса, толығырақ көрсетіңіз:


Иә

Жоқ

10. Мемлекеттік кірістер органының алдын ала шығарылған шешімді жариялауына келісесіз бе: иә жоқ


Иә

Жоқ

Осы нысандағы және қосымшалардағы барлық ақпарат пен өтініштер шын, дәл және толық болып табылатындығын мәлімдеймін.
Өтініш берушінің қолы:
Күні:
Электрондық пошта (болған кезде)):

  Әкелінетін тауарлардың
кедендік құнын айқындау
әдістерін қолдану мәселелері
бойынша алдын ала шешімдерді
беру қағидалары, шарттары
және мерзімдеріне
2-қосымша
  нысан

Әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі

2. Алдын ала шешім қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы

3. Алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні

4. Өтініш беруші

5. Өтініш берушінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы

6. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауар коды

7. Келісім-шарттың нөмірі мен күні

8. Тауардың кедендік құнын айқындау әдісі

9. Алдын ала шешім қабылдаудың негіздемесі

10. Қызметтік белгілер үшін (оның ішінде, өзгертілген алдын ала шешімді беру кезінде "өзгертілген" деген жазба жүргізіледі)

11. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының қолы, мемлекеттік кірістер органының мөрі
___________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда))

  "Әкелінетін тауардың
кедендік құнын айқындау әдісін
қолдану мәселелері бойынша
алдын ала шешім" нысанына
қосымша

Әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімнің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім" нысаны былайша толтырылады:

      1) "Алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі" деген 1-бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылған алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі:

      1-элемент - алдын ала шешім қабылдаған мемлекеттік кірістер органының коды;

      2-элемент - ККААЖЖ (күні, айы, күнтізбелік жылдың соңғы 2 саны) форматында алдын ала шешімді қабылдау күні;

      3-элемент - алдын ала шешімді берген мемлекеттік кірістер органы берген алдын ала шешімнің реттік нөмірі (бір күнтізбелік жыл ішінде толассыз нөмірлеу 0001-ден басталатынын ескере отырып));

      2) "Алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының атауы" деген 2-бағанда алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының толық атауы көрсетіледі;

      3) "Алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні" деген 3-бағанда ККААЖЖЖЖ (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматында алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні көрсетіледі;

      4) "Өтініш беруші" бағанда өтініш беруші туралы мәліметтер көрсетіледі:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға және заңды тұлға болып табылмайтын ұйым үшін – толық атауы, оның заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін (бұдан әрі – дара кәсіпкер) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы (тұрғылықты жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН));

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бар дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекенжайы (тұрғылықты жері), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН));

      шетелдік ұйым үшін-толық атауы және мекенжайы (орналасқан жері));

      5) "Өтініш берушінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы" деген бағанда белгілі бір марканы, модельді, артикулды және модификацияны (ол болған жағдайда) қамтитын тауардың атауы туралы мәліметтер көрсетіледі);

      6) "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауар коды" деген 6-бағанда ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың 10 таңбалы сыныптамалық коды көрсетіледі;

      7) "Келісім-шарттың нөмірі мен күні" деген 7-бағанда келісім-шарттың нөмірі мен күні, сондай-ақ келісім-шартқа қосымша келісімдердің күні мен нөмірі көрсетіледі;

      8) "Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі" деген 8-бағанда әкелінетін тауардың кедендік құнын айқындау әдісі көрсетіледі;

      9) "Алдын ала шешімді қабылдау негіздемесі" деген 9-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің баптары, сондай-ақ олардың негізінде қабылданған алдын ала шешімді растайтын құжаттар көрсетіледі;

      10) "Қызметтік белгілер үшін" деген 10-бағанда оған қатысты алдын ала шешім қабылданған тауарды кедендік декларациялау кезінде мемлекеттік кірістер органы назарға алуға тиіс кедендік мақсаттар үшін (қажет болған жағдайда) қосымша ақпарат көрсетіледі.

      Өзгертілген алдын ала шешім берілген кезде "өзгертілген" деген жазба жүргізіледі.

      11) "Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының қолы, мемлекеттік кірістер органының мөрі" деген 11-бағанда мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамының лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі.

      Алдын ала шешім нысанында көрсетілген мәліметтер органның уәкілетті лауазымды адамының қолы деген бағанға, осындай алдын ала шешімді қабылдаған орган мөрінің бедерін қою жолымен куәландырылады.

  Әкелінетін тауарлардың
кедендік құнын айқындау
әдістерін қолдану мәселелері
бойынша алдын ала шешімдерді
беру қағидалары, шарттары
және мерзімдеріне
3-қосымша
  нысан

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді тіркеу журналы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.08.2024 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Кіріс хат-хабардың №

Өтініш берушінің бизнес/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің мекенжайы

Тауардың атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды

Алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі

Шығыс хат-хабардың №

Төлем сомасы

Чектің, төлем тапсырмасының, квитанцияның нөмірі, күні

Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 514 бұйрығына
3-қосымша

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 09.08.2021 № 784 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім қолдану қағидалары мен мерзімдері

      2. Егер тауар мен мәміленің мән-жайлары (келісім-шарт және өзге де құжаттар) алдын ала шешімде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келген жағдайда, нақты тауарға қатысты кедендік тазарту кезінде мемлекеттік кірістер органы алдын ала шешімді қолданады.

      3. Алдын ала шешімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік кірістер органының кеңсесінде тіркелген сәттен бастап сыртқы экономикалық шарттың (келісімшарттың) талаптары өзгермеген жағдайда күнтізбелік бір жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады