"Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 784 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 тамызда № 23956 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидаларында, шарттарында және мерзімдерінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – орган) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында органның ақпараттық жүйесі арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) беруі алдын ала шешім берудің шарты болып табылады. Органның ақпараттық жүйесі істен шыққан жағдайда, өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылады, сондай-ақ алдын ала шешім қағаз жеткізгіште беріледі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Алдын ала шешім қағаз жеткізгіште өтініш берілген жағдайда – өтінішті органның кеңсесінде тіркеген күннен бастап, ал органың ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда – электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылып өтініш жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде беріледі.

      7. Алдын ала шешім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) тауардың кедендік құнын айқындау әдісіне қатысты өтініш берушіге беріледі және электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште 2 (екі) данада толтырылады, олардың біреуі органда қалады, ал екіншісі өтініш берушіге жіберіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады