БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11144 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты "Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл" автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан - Щучье" 18+772 километр (бұдан әрі - км) – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) баламалы жол жүріп өту: "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан – Атбасар" учаскесі, "Көкшетау – Атбасар" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Атбасар – Зеренді" учаскесі", "Щучье – Зеренді" республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін; ";
1, 2 және 3 қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес редакциясында жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Шортанды ауданы | |
44 км + 000 | Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) |
70 км + 500 | Дамса кенті |
75 км + 200 | Шортанды қаласы |
82 км + 300 | Мықтыкөл ауылы (Барышевка) |
Ақкөл ауданы | |
94 км + 700 | Еңбек ауылы (Трудовое) |
107 км + 800 | Ақкөл қаласы |
117 км + 000 | Барап кенті |
124 км + 600 | Красный Горняк кенті |
Бұланды ауданы | |
143 км + 100 | Алакөл ауылы (Богдановка) |
150 км + 000 | Жаңаталап ауылы |
160 км + 500 | Алтынды кенті (Даниловка) |
Біржан сал ауданы | |
170 км + 500 | Қоғам кенті |
179 км + 900 | Макинка ауылы |
Бұланды ауданы | |
196 км + 700 | Макинск қаласы |
Бурабай ауданы | |
208 км + 900 | Қаражар кенті (Черноярка) |
212 км + 100 | Атамекен ауылы (Климовка) |
216 км + 500 | Жасыл кенті |
222 км + 000 | Жаңажол ауылы |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Шортанды ауданы | |
1. | Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) |
2. | Мықтыкөл ауылы (Барышевка) |
Новокубанский ауылдық округі | |
3. | Дамса кенті |
Бозайғыр ауылдық округі | |
4. | Бозайғыр кенті |
Кеңес ауылдық округі | |
Ақкөл ауданы | |
5. | Барап кенті |
6. | Красный Горняк кенті |
Еңбек ауылдық округі | |
7. | Еңбек ауылы (Трудовое) |
Даниловка ауылдық округі | |
8. | Алакөл кенті |
Бұланды ауданы | |
9. | Боярка кенті |
10. | Жаңаталап кенті |
11. | Елтай кенті |
12. | Алтынды кенті (Даниловка) |
Ақсу ауылдық округі | |
Біржан сал ауданы | |
13. | Қоғам кенті |
Бурабай ауданы | |
14. | Атамекен ауылы (Климовка) |
15. | Қаражар кенті (Черноярка) |
16. | Жаңажол кенті |
17. | Жасыл кенті |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары
І-а санатты "Көкшетау арқылы Нұр-Сұлтан - Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан – Щучье" 18+772 км – 230+250 км учаскесі:
теңге |
Р/с № | Аймақтар | жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар | ||
Жергілікті көлік | Алдын-ала төлем бойынша транзит | Қолма-қол ақшамен, төлеген де транзит | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1. |
Шортанды, | 60 | 60 | 120 | 310 | 650 | 950 | 1 300 | 1 500 |
2. |
Ақкөл | 50 | 50 | 100 | 250 | 500 | 750 | 1 000 | 1 250 |
3. |
Бұланды | 20 | 20 | 40 | 100 | 220 | 320 | 440 | 600 |
4. |
Біржан сал | 50 | 50 | 100 | 210 | 460 | 680 | 920 | 1 250 |
5. |
Бурабай | 20 | 20 | 40 | 130 | 270 | 400 | 540 | 600 |
6. | Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (211,5 км) | 200 | 200 | 400 | 1 000 | 2 100 | 3 100 | 4 200 | 5 200 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк котергіштігіне және түріне байланысты жүріп откені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолдарындағы (учаскедегі) жол кесіндісі;
2) алдын-ала төлеу – пайдаланушының ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) ақы алу пунктері арқылы жүріп өткенге дейінгі төленген ақысы;
3) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
4) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ көлік;
5) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.