Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 28 мамырдағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 маусымда № 18775 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Шпекбаев

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2019 жылғы " ___" __________
№ __ бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 57 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10109 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған).

      2. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14636 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14753 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады