Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 маусымда № 18803 болып тіркелді.

      "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.05.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру және "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу", "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.05.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 371 бұйрығына
1-қосымша

"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.06.2022 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру және "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу", "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалар "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының облыстық филиалдарынан және (немесе) жергілікті атқарушы органнан келісім алады.

      3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру тәртібі

      4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға "Қазавтожол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалдарымен келісім алу;

      2) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жергілікті атқарушы органдармен келісім алу;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру.

      5. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жазылған.

      6. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті жағдайда ұстайды.

3-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілген қызмет көрсету стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 1-стандарт) сәйкес құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жазылған.

      8. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 1-стандартта жазылған.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды олар түскен күні тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 - стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 10-тармақта көрсетілген мерзімдерде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес тексереді және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға жазбаша келісімді берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      13. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1-стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жазбаша келісім беріледі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      15. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 2-стандарт) сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында баяндалған.

      16. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, ол мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын 2-стандартқа сәйкес жазылған.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркейді, олар түскен күні және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      18. Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2 - стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 18-тармақта көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға жазбаша келісу немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданатын, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      21. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2-стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін алдын ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында облыстық, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жазбаша келісім беріледі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

5-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып, отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет қабылданса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және "Сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысаны
  ____________________________
"ҚазАвтоЖол" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамының облыстық
филиалы,
____________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
___________________________
(куәландыратын құжаттың
деректемелерін
___________________________
жеке (жеке сәйкестендіру
нөмірі) немесе заңды тұлғаның
____________________________
тұлғалар (Бизнес сәйкестендіру
нөмірі), байланыс телефоны,
мекенжайы)

Өтініш

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісуіңізді сұраймын.

      Автомобиль жолының атауы (атауы) _____________________________

      Мекен жайы ______ километр_______ +метр, оң/сол жақта _______________

      Күні _______________ Алушы _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      жеке немесе заңды тұлғаның атауы

      __________________________________________________________________

      не уәкілетті тұлғаның қолы)

      "___" ______________ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және "Сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының облыстық филиалдары.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және "Сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны
  ____________________________
Облыстардың, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдары
____________________________
(басшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
(куәландыратын құжаттың
деректемелерін
____________________________
жеке (жеке сәйкестендіру
нөмірі) немесе заңды тұлғаның
____________________________
тұлғалар (Бизнес сәйкестендіру
нөмірі), байланыс телефоны,
мекенжайы)

Өтініш

      Сізден сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолына орналастыруға келісуіңізді сұраймын.

      Жолдың атауы (атауы) ___________________________________________

      Мекен жайы _______ километр ________ + метр, оң / сол __________________

      Күні _____________ алушы ___________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      ___________________________________________________________________

      (бар болса) заңды тұлғаның атауы

      ___________________________________________________________________

      немесе уәкілетті тұлға, қолы)

      "___" ____ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.

  Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық,
республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыру және "Сыртқы
(көрнекі) жарнама объектілерін
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу"

1

Қызмет берушінің атауы

Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет мерзімі

5 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 371 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12099 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12576 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16931 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады