"Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 маусымда № 18804 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 ж. 5 маусымдағы
№ 259 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ)пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларға білім беру бағдарламаларын академиялық күнтізбелікке сәйкес меңгеру үшін жүзеге асырылады.

      3. ҚБТ-ны іске асыру теледидарлық, желілік және кейс-технология бойынша жүзеге асырылады.

      4. ҚБТ-ны пайдалана отырып, оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру да оқу түрлері бойынша уақыт нормаларын білім беру ұйымдары өз бетінше белгілейді.

      5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) білім беру порталы – ҚБТ бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілік-ұйымдастыру өзара байланысқан жиынтығы;

      2) DBA бағдарламасы – DBA бағдарламасы басқарушы кадрларды, практикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ менеджменттің заманауи тұжырымдамалары мен модельдерін меңгеру және дамыту үшін қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүдделі жоғары буын менеджерлерін бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып даярлауға арналған бағдарлама;

      3) executive MBA бағдарламасы (бұдан әрі – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА бағдарламасы;

      4) жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологиялары қолданылатын, жаппай интерактивті қатысуға және Интернет арқылы ашық қол жеткізуге болатын оқыту курсы;

      5) МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, процестер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдана отырып, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;

      6) мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;

      7) оқу нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламаларын және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастарды меңгергендігін көрсететін алған білімі, білігі, дағдылары көлемін дәлелді бағалау;

      8) онлайн прокторинг – тұлғаны верификациялау және ойлайн-емтихандардан өту нәтижелерін растайтын жүйе;

      9) сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) – бұл интербелсенді түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;

      10) тьютор – студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық консультант рөлін атқарушы оқытушы;

      11) формальды емес білім беру – оқу мерзімі мен нысанын ескерместен, оқу нәтижелерін растайтын құжат беретін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың білім беру түрі;

      12) цифрлық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және өзге де маңызды толықтырулар) толықтыру.

      6. ҚБТ келесі қатынастарда пайдаланылады:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары және MBA (ЕМВА) және DBA бағдарламалары бойынша білім алушыларға;

      2) ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға, оның ішінде мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, I және II топтағы мүгедектерге барлық білім беру деңгейлеріндегі топтарға;

      3) жоғары және (немесе) жоғары білім беруден кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс жерлерге шыққан, "Болашақ" стипендиаттарынан бөлек білім алушыларға;

      4) жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді шетелдік іссапардағы (2 айдан астам уақыт) білім алушыларға;

      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларға;

      6) мекемелердегі тиісті техникалық жағдайларға байланысты минималды қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты.

      7. ҚБТ формальды емес, қосымша білім беру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде шет тілдеріне қатысты пайдаланылады.

2-тарау. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

      8. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар осы қағидалардың 6-тармағында көрсетілген білім беру ұйымы басшысының атына оқуда ҚБТ-ны пайдалануға рұқсат беру туралы еркін нысанда өтініш жазады, оның негізінде білім беру ұйымының басшысы бұйрық шығарады.

      9. Бұйрыққа:

      1) білім алушының өтініші;

      2) білім алушының жеке оқу жоспары қоса беріледі.

      10. Білім беру ұйымы білім алушыны білім беру бағдарламасын меңгерудің жеке кестесімен қамтамасыз етеді.

      11. СБР дайындау білім беру бағдарламаларына сәйкес оларды әзірлеушілер арқылы жүзеге асырылады. СБР-дің құрылымы мен мазмұнын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

      12. ҚБТ "on-line", "off-line" режиміндегі қашықтықтан оқыту сабақтарын жүргізу арқылы іске асырылады.

      13. "Оn-line" режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференция, Интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу арқылы) нақты қолдану уақытымен байланысын қарастырады.

      14. "Off-line" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы қатынас бірдей жүзеге асырылатын (электронды пошта, кейіннен аралық және (немесе) қорытынды бақылау тапсыруымен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқудың өзара іс-әрекеті процесін қарастырады.

      15. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес ЖОО-ның өз бетінше әзірлеген қағидаларына сай жүзеге асырылады.

      16. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) онлайн режимде білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізу үшін білім алушыны верификациялауға, білім алушының тәртібін экранмен бақылауға, сондай-ақ бүкіл емтиханды бейнетаспаға жазуға мүмкіндік беретін онлайн прокторинг технологияларын пайдалануды қамтамасыз етеді.

      17. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алатын білім алушылардан басқа жалпы орта білім бағдарламасының базасында ҚБТ-ны қолдану арқылы оқытуға рұқсат берілмейді.

      18. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерне егер жоғары білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келген жағдайда ҚБТ-ны қолдану арқылы оқытуды ЖЖОКБҰ өз бетінше айқындайды.

      19. Хореография, аспапта орындаушылық, авиациялық техника және технологиялар, құрылыс, теңіз техникасы мен технологиясы, денсаулық сақтау, әскери іс, ветеринария салалары үшін кадрлар даярлау білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім беру базасында пәндерді оқу кезінде жалпы көлемде оқудың барлық кезеңінде 30 академиялық кредиттен аспайтын ҚБТ-ны қолдануға рұқсат етіледі.

      20. MBA бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау үшін пәндерді оқу кезінде жалпы көлемде оқудың барлық кезеңінде 30 академиялық кредиттен аспайтын, (ЕМВА) және DBA бағдарламасы бойынша сәйкесінше оқудың барлық кезеңінде 15 кредиттен аспайтын ҚБТ-ны қолдануға рұқсат етіледі.

      21. Білім беру ұйымдарында ЖАОК білім беру ұйымымен бекітілген өзінің немесе басқа да онлайн-платформалары арқылы іске асырылады.

      22. Білім беру ұйымдары ЖАОК-ты онлайн-платформаға орналастырғанға дейін курстарды оқу-әдістемелік сараптау және апробациялауды ұйымдастырады.

      23. Білім беру ұйымдары ЖАОК онлайн-платформаға әзірленген курсты орналастыруды қамтамасыз етеді және оқу процесіне жауап береді, сондай-ақ тыңдаушыға ЖЖОКБҰ атауын, тұлғаның аты-жөнін, курстың атауы мен кредиттер көлемін еркін түрде көрсетіп, сертификат береді.

1-параграф. Білім беру ұйымдары мен ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысушыға қойылатын талаптар

      24. ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру ұйымында мыналар:

      1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілендіру ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру порталы және/немесе ақпараттық жүйе;

      2) телекоммуникациялық желілерге шығатын жабдықтар (Интернет, спутниктік теледидар);

      3) цифрлық білім беру ресурстары;

      4) оқытуды басқарудың желілік жүйесі (Learning Management System) (ЛҰнинг Менежемент Систем) немесе бұлттық есептеу арқылы сервис ("қызмет көрсету ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету");

      5) ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше болуы тиіс.

      25. Білім беру ұйымы ҚБТ бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін:

      1) қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыру бойынша оқытушыларды, тьютерлерді және қызметтерді оқытуды ұйымдастырады;

      2) педагог қызметкерлерге, профессор-оқытушылар құрамына СБР және цифрлық контенттерді әзірлеу және жаңарту үшін жағдай жасайды;

      3) аутентификация жүйесі арқылы білім алушылар мен тыңдаушылар тұлғасын идентификациялайды;

      4) ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысушылар арасында өзара байланысты (форум, чат, бейне және аудиоконференциялар) қамтамасыз етеді;

      5) білім беру ұйымдары мен әріптестердің электронды кітапханаларына білім алушылар мен тыңдаушылардың кіруін қамтамасыз етеді.

      26. ҚБТ бойынша білім алушылар:

      1) осы қағидалардың 24 тармағында көрсетілген құралдар арқылы оқу курстарын өз бетінше оқиды;

      2) ҚБТ "on-line" және (немесе) "off-line" режиміндегі қашықтықтан оқыту сабақтарын оқуды;

      3) жоғары оқу орнының академиялық күнтізбесіне сәйкес (аралық, қорытынды) бақылаудың барлық түрін тапсырады.

2-параграф. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ҚБТ-ны қолдану

      27. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға академиялық ұтқырлық бағдарламалары үшін пәндерді оқу кезінде жалпы көлемде оқудың барлық кезеңінде 60 академиялық кредиттен аспайтын ҚБТ-ны қолдануға рұқсат етіледі.

      28. Қос дипломды білім бағдарламасын және білім алушылардың алмасу бағдарламаларын іске асыру кезінде жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін пәндерді оқу кезінде жалпы көлемде 120 академиялық кредиттен аспайтын және магистратура білім бағдарламасы бойынша 60 академиялық кредиттен аспайтын ҚБТ рұқсат етіледі.

      29. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚБТ-ны қолдана отырып, оқытуға рұқсат беру және ұйымдастыру тәртібін ЖЖОКБҰ өз бетінше айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады