"Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 7 маусымда № 18807 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6788 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 шілдедегі № 229-230 (27048-27049) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған)) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидасында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.";

      11 және 12 -тамақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әуеайлақтарды (қону алаңдарын) тексеру және зертеу нәтижелері бойынша комиссия осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес әуеайлақ объектілерінің нақты жағдайларын, қорытындыларын, ұсынымдарын, әуеайлақтың (қону алаңының) Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың,қону алаңдарының сипаттамалары бойынша техникалық ұсынымдарға сәйкестігін көрсете отырып, екі данада (әуеайлақтың (қону алаңының) меншік иесі (пайдаланушысы) мен уәкілетті ұйымға бір-бірден) Акт жасайды, сондай-ақ Актінің қолданылу мерзімін көрсете отырып (күзгі-қысқы немесе көктемгі-жазғы навигация кезеңіне) әуеайлақтың (қону алаңының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды көрсетіледі.

      12. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және үш жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады