"Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 маусымда № 18840 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған,

      мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;

      3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;

      4) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС).";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі";

      9-1 және 10-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мынадай ақпаратты:

      1) осы есепке талдамалық жазбаның электрондық (сканерленген) көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді орналастырады";

      мынадай редакциядағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есеп орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының электрондық мекенжайына есепті мемлекеттік мүлік тізілімінде жариялау не есепті жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.

      Есепті жариялаудан бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болмауы;

      2) тиісті саланың уәкілетті органына, жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбамен есепке қол қою негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есепті жариялаудан бас тартқан жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ескертулерді жояды және есепті туралы жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепті мемлекетті мүлік тізіліміне қайта ұсынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:

      1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;

      2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын тізілімнің веб-порталында қалыптастырады;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есепті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалыптастырады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтауды жүргізеді:

      1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

      тиімділігі жоғары (10-8 балл)

      тиімділігі орташа (7-4 балл);

      тиімділігі төмен (3-0 балл);

      2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

      тиімділігі жоғары (20-18 балл);

      тиімділігі орташа (17-8 балл);

      тиімділігі төмен (7-0 балл);

      мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

      тиімділігі жоғары (18-16 балл);

      тиімділігі орташа (15-8 балл)

      тиімділігі төмен (7-0 балл);

      3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

      тиімділігі жоғары (16-14 балл);

      тиімділігі орташа (13-6 балл);

      тиімділігі төмен (5-0 балл);

      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

      тиімділігі жоғары (16-14 балл);

      тиімділігі орташа (13-6 балл);

      тиімділігі төмен (5-0 балл).";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 29 мамырдағы № 45
бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік мүлікті
басқару тиімділігін бағалау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп

      _________________ (есепті кезең)

Тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Барлығы

оның ішінде:

Мемлекеттік мекемелер

Мемлекеттік кәсіпорындар

Мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар

Мемлекет бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

1

2

3

4

5

6

7

8


Ұйымдар саны

бірлік






Есепті кезең басында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің басы)

бірлік







"Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту" өлшемшарты

қаржылық нәтижесі теріс ұйымдар саны:

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңы)

бірлік







"Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету" өлшемшарты

Оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған ұйымдар саны

бірлік


Х




Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдар саны

бірлік


Х





"Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау" өлшемшарты

Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының артуы анықталған ұйымдар саны

бірлік



Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




Тиісті саланың уәкілетті органдары бекіткен арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны

бірлік


Х


Х

Х


"Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу" өлшемшарты

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілер бар мемлекеттік заңды тұлғалар саны

бірлік




Х

Х


"Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру" өлшемшарты


Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х





Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х





"Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" өлшемшарты


Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х





"Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты


Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) саны

бірлік


Х





Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




      Ескертпе: "Х" белгіленген жолдар толтырылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады