"Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 389 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 маусымда № 18844 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде ұшу сағатының өзiндiк құны есебiнiң нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі № 154-155 (26557) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезінде ұшу сағатының өзіндік құны есебінің нұсқаулығында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) лизингтік төлемдер – есептік кезеңдегі қаржылық және операциялық лизинг шарты бойынша жалдау ақысының сомасы.

      Операциялық лизинг басым халықаралық авиамаршруттарды субсидиялау кезінде қолданылады";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұрақты шығыстар – осы шығыстарға өндірістік процеске байланысты барлық шығындар, әуе кемелері және әуе кемелері мен қозғалтқыштар үшін қосалқы бөлшектер қаржылық және операциялық лизинг шарты бойынша жалдау төлемдері, кредит бойынша сыйақы төлемдері, әуе кемесі бойынша барлық тәуекелдерден әуе кемелерін, қозғалтқыштар мен қосалқы бөлшектерді сақтандыру шығыстары, әуе кемелері үшін қосалқы бөлшектер мен компоненттердің жалпы қорын қамтамасыз ету және әуе кемелерін модификациялау шығыстары, әуе кемесі бойынша техникалық инспекциялау, авиация персоналын оқыту шығыстары, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша кедендік баждар мен кедендік тазалау және сақтау қызметтерінің шығыстары кіреді;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу кезінде төмендегі келесі шығыстар есептелмейді:

      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне басқа өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;

      өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      сот шығындары;

      сенімсіз қарыздар;

      шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз төлемдер мен санкциялардың басқа түрлері;

      табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

      ұрлықтан келген залалдар;

      қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу) ұстау жөніндегі шығыстар;

      құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындарына, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға шығыстар;

      сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын-үй қорын ұстауға шығыстар;

      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге шығыстар;

      кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (пайызсыздарын қоса алғанда) өтеуге шығыстар;

      бақшалық серіктестіктерді абаттандыру (оның ішінде жол салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) жөніндегі шығыстар;

      дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға шығыстар;

      өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша шығыстар;

      өндірістік мақсатта пайдаланатындарды қоспағанда, персонал үшін пәтерлерді, тұрғын ғимараттарды және құрылыстарды, жатақханалар мен қонақ үйлердегі орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға арналған;

      қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға шығыстар;

      білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;

      жұмыс корытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына шығыстар;

      кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, авиакомпания қаражаттарының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      міндетті төлемдерді қоспағанда, сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төленетін жарналар);

      қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жалақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеуге шығыстар;

      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;

      еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа қызметкерлерге (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;

      мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автокөлік, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің жеке есептерінің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру) сыйлықтарды сатып алуға шығыстар;

      мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге шығыстар;

      ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;

      тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгілерді жасауға және сынауға (реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б. байланысты шығыстар;

      өндірістік қызметті жүзеге асыруға қатысты шығыстарды қоспағанда, консультациялық шығыстар;

      өндірістік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады