"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 маусымда № 18862 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 135 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.03.2022 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13453 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант М.М. Алтынбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "___" __________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 12 маусымдағы
№ 457 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жинағының атауы

Өзектілендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы)

Жауапты адам

1.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының атына келіп түсетін Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері бойынша статистикалық деректер, санаттары бойынша

3 ай

20 наурызға дейін
20 маусымға дейін
20 қыркүйекке дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті

2.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

3 ай

20 наурызға дейін
20 маусымға дейін
20 қыркүйекке дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

3.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бар бос орындары туралы ақпарат

3 ай

20 наурызға дейін
20 маусымға дейін
20 қыркүйекке дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті

4.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты үшін мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу қорытындылары

3 ай

20 наурызға дейін
20 маусымға дейін
20 қыркүйекке дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

5.

Запастағы офицерлерді келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тәртібі

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

6.

Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларын бітірушілерге запастағы "лейтенант" офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беру тәртібі

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

7.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ведомстволық медальдарының тізімі, медальдар туралы ережелер

6 ай

20 мамырға дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

8.

Әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі

12 ай

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

9.

Әскери қызметшілер үшін демалыстар (қосымша демалыстар)

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

10.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштері түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтарының басшылығы туралы ақпарат

3 ай

20 наурызға дейін
20 маусымға дейін
20 қыркүйекке дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

11.

Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары туралы ақпараттық материалдар мен мәліметтер (әскери оқу орындарының жалпы ақпараты, тарихы мен дәстүрлері, оқуға түсу тәртібі, мамандықтар тізбесі)

12 ай

1 наурызға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

12.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік қызметі

6 ай

20 мамырға дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті

13.

Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған өткізілген іс-шаралар тізбесі

12 ай

20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті

14.

Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер үшін өткізілген мәдени-бос уақыт іс-шараларының тізбесі

12 ай

20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

15.

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер туралы ақпарат (атауы, жұмыс режимі, байланыс жасау, электрондық пошта, мекенжайы)

6 ай

20 маусымға дейін
20 желтоқсанға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті

16.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

17.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

18.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

19.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша статистикалық мәліметтер

12 ай

20 қаңтарға дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

20.

Әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету

12 ай

20 қыркүйекке дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы

21.

Әскери қызметшілерді заттай мүлікпен қамтамасыз ету

12 ай

20 қыркүйекке дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

22.

Әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз ету

12 ай

20 қыркүйекке дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

23.

Мемлекет есебінен жол жүру құқығы

12 ай

20 қыркүйекке дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

24.

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету

12 ай

20 қыркүйекке дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы

25.

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру

12 ай

20 қыркүйекке дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО арқылы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы

      Ескертпе: "Ашық деректер" интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментіне жолдансын. Жолданатын ақпарат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бас басқармасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысымен келісілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады