Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27214 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2022 жылғы 15 наурыздағы
  № 135 бұйрығына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 наурызда № 13453 болып тіркелген).

      2. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 12 маусымдағы № 457 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 18 маусымда № 18862 болып тіркелген).

      3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 440 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 16 қыркүйекте № 21213 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады