"Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 397 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 маусымда № 18877 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйекті, сапалы және уақтылы болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.

      9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, дәлдігін және уақтылығын қамтамасыз етуді бақылайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация ұйымдары мен өздерінің құрылымдық бөлімшелері арасында ААҚ Қазақстан Республикасының AIP енгізу, AIP, NOTAM, PIB және AIC-қа толықтыру үшін талап етілетін бастапқы деректерді дайындау міндеттерін бөледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (аэронавигациялық деректерді) ұсынушыларды айқындайды және олар бойынша ақпаратты ААҚ-ға береді.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мынадай:

      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет құрылған;

      2) тізбеге енгізілген ұйым немесе қызметті таратқан;

      3) тізбеде көрсетілген ұйым немесе қызмет туралы ақпарат өзгерген жағдайда бастапқы аэронавигациялық ақпаратты ұсынушыларға қатысты ақпаратты нақтылайды және қажет болған жағдайда толықтырады.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның нұсқауы бойынша қосымша NОТАМ шығару ұшулардың қауіпсіз орындалуына ықпал ететін өзге жағдайларда жүзеге асырылады.";

      8-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және инфрақұрылымдық
  даму министрінің
  2019 жылғы "___"__________
  №____ бұйрығына
  қосымша
  Азаматтық авиацияда
  аэронавигациялық ақпаратпен
  қамтамасыз ету қағидаларына
  8-қосымша

AIP-тың бөлімдеріне сәйкес аэронавигациялық деректердің көздері

Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағының (бұдан әрі - АIP) бөлімдері мен тармақтары

Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшесі

1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер


GEN 0


GEN 0.1 Алғысөз
GEN 0.2 AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу
GEN 0.3 AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу
GEN 0.4 AIP парақтарының бақылау тізбесі
GEN 0.5 AIP-қа қолмен енгізілген түзетулердің тізбесі
GEN 0.6 AIP мазмұны.

АҚК беруші

GEN 1. — Ұлттық қағидалар мен талаптар


GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі

GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі

GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету

GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы

GEN 1.6 Ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны

GEN 1.7 Практика мен ИКАО қағидалары ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары

GEN 2. — Кестелер мен кодтар


GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер

АҚК беруші

GEN 2.2 AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар

GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер

GEN 2.4 Орналасқан жерінің индекстері

GEN 2.5 Радионавигациялық құралдардың тізбесі

GEN 2.6 Аудару кестелері

GEN 2.7 Күннің шығу/бату кестесі

GEN 3. — Қызмет көрсету


GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету

АҚК беруші

GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар

GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

GEN 3.4 Байланыс қызметтері

GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету

GEN 3.6 Іздестіру және құтқару

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

GEN 4. — Әуеайлақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар


GEN 4.1 Әуеайлақ алмыдары

Әуеайлақты пайдаланушы

GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар

АҚК беруші

2-бөлім. (ENR) - Бағыт


ENR 1. — Жалпы қағидалар мен рәсімдер


ENR 1.1 Жалпы қағидалар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу қағидалары

ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу қағидалары

ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы

ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары

ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және қағидалар

ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі

ENR 1.8 Өңірдегі қосымша қағидалар

ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару

ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау

ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу

ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу

ENR 1.13 Заңсыз араласу

ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар

ENR 2. — ӘҚҚ әуе кеңістігі


ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан

АҚК беруші

ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері

ENR 3. — ӘҚҚ бағыттары


ENR 3.1 Төменгі әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары

АҚК беруші

ENR 3.2 Жоғарғы әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары

ENR 3.3 Аймақтық навигация бағыттары

ENR 3.4 Тікұшақтардың ұшу бағыттары

ENR 3.5 Өзге де бағыттар

ENR 3.6 Бағытта күту

ENR 4. — Радионавигациялық құралдар /жүйелер


ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар

АҚК беруші

ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер

ENR 4.3 Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS)

ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері

ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары

ENR 5. — Аэронавигациялық ескертулер


ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚ тану аймағы (ADIZ)

ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері

ENR 5.4 Бағыттағы аэронавигациялық кедергілер

ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары

ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар

ENR 6. — Бағыт карталары

АҚК беруші

3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар


AD 1. — Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе


AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар

AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі

AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру

AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі

AD 2. — Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)


AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер

1) Географиялық деректер бөлігінде – АҚК беруші;
2) әкімшілік деректер бөлігінде – әуеайлақты пайдаланушы.

AD 2.3 Жұмыс сағаттары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары

AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер

AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану:
ылғалды кетіру

AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер

AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер

AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер

АҚК беруші

AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат

AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы

1) нақты пеленг, ҰҚЖ мөлшері, ҰҚЖ шегінің географиялық координаттары, ҰҚЖ шегінің көтерілуі, әр ҰҚЖ еңістігі бөлігінде – АҚК беруші;
2) белгілеу, әр ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілеті (PCN мен тиісті деректер), ТСЖ мөлшері (ондайлар болған жағдайда), кедергілерден тазартылған шегінің мөлшері (ондайлар болған жағдайда), орман алқабының мөлшері, қауіпсіздіктің ақырғы аймағының мөлшері, апаттық тежеу жүйесінің орналасқан жері мен баяндамасы, (ҰҚЖ шегіне байланыстырылған, (ондайлар болған жағдайда), кедергілерден бос аймақтың болуы бөлігінде – әуеайлақты пайдаланушы.

AD 2.13 Жарияланған ара қашықтықтар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар

AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері

AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар

AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі

АҚК беруші

AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары

AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары

AD 2.20 Жергілікті қозғалыс қағидалары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.21 Шуылды басудың пайдаланушылық тәсілдері

AD 2.22 Ұшу қағидалары

АҚК беруші

AD 2.23 Қосымша ақпарат

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар


1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО)

АҚК беруші

2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО)

3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО)

4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)

5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ)

6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар)

7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар)

9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

10) ең төменгі радиолокациялық абсолюттік биіктіктер картасы (ИКАО)

11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр схема үшін)

12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО)

13) масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картасы (ИКАО)

14) бағыт картасы (ИКАО)

15) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер

Әуеайлақты пайдаланушы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады