"Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18923 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10562 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Авиация персоналына жататын адамдар өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықты жүргізеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Авиация персоналын кәсіптік даярлау авиациялық оқу орталықтарының және азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналын кәсіптік даярлаудың әзірленген, уәкілетті ұйыммен келісілген бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Авиация персоналын кәсіптік даярлау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) тиісті құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ұйымдарында немесе сертификаттары уәкілетті ұйым таныған шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында) жүзеге асырылады.

      10. Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында ғана жүргізіледі.

      11. Авиация персоналының кәсіптік деңгейін қолдау уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және/немесе техникалық және әдістемелік мүмкіндігі мен тиісті мамандардың және/немесе оқытушы ұйымның тиісті саладағы кәсіптік даярлауды жүзеге асыруға заңды құқығы болған жағдайда, азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.

      12. Шетелдік азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын уәкілетті ұйым танығаннан кейін ғана олар азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және олардың біліктілігін қолдауға жіберіледі.

      13. Уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарымен шарт бойынша жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың авиация персоналын оқытуына рұқсат етіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімдерінің шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындауға құқық беретін, уәкілетті ұйым әзірлеген және келісілген авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша авиациялық оқу орталықтары және азаматтық авиация ұйымдарындағы кәсіптік даярлау аяқталғаннан кейін оқудың аяқталғандығын растайтын құжат беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады