Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18940 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11299 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 маусымдағы № 106 (28834) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Субсидия алушылар";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялауды жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11332 болып тіркелген).";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Субсидия алу шарттары";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші:

      1) 1 ақпанға дейін облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс немесе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың (халықтың) тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларын қоспағанда су пайдаланушыларын қоспағанда) ұсынады;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы үшін) жасалған ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер көрсету актілерімен қоса бере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай субсидиялауды ескере отырып, су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтердің жиынтық тізілімін (бұдан әрі - жиынтық тізілімі) ұсынады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Субсидияны есептеу тәртібі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Субсидияны төлеу тәртібі";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы:";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Субсидиялау жөнінде есеп беру";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне қарай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төленген субсидиялар көлемдері туралы есепті ұсынады.";

      жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) "Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және/немесе су бұру коммуналдық көрсетілетін қызметтерді су тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11017 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 шілдеде жарияланған):

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      Есептеу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тұтыну нормаларын есептеу тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке тұлғалар жыл сайын суды белгіленген нормадан артық нақты тұтынған жағдайда, сумен жабдықтау жөніндегі ұйым тұрғын үй секторында заттай өлшем деректерінің статистикасы бойынша есептелген қолданыстағы тұтыну нормаларын қайта қарау жөніндегі ұсынысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне енгізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрымдылық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрымдылық даму
министрінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 445 бұйрығына
1-қосымша
  Ауыз сумен жабдықтаудың
баламасыз көздерi болып
табылатын ерекше маңызды
топтық және оқшау сумен
жабдықтау жүйелерiнен ауыз су
беру жөнiндегi көрсетілетін
қызметтер құнын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан
  "БЕКІТЕМІН"
Облыстық (республикалық
маңызы
бар қалалардың, астананың)
Энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы
___________________________
20____ жылғы "____"
_______________

Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiнде 20____ жылғы _______________ішінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі (су берушінің атауы) (ай)

р/с №

Су пайдаланушылардың атауы

Су беру лимиті мың текше метр

Берілген су, мың текше метр

Бекітілген тариф, 1000 текше метр үшін теңге

Жыл басынан бері

оның ішінде есептік ай ішінде

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Көрсетілген қызметтердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері (тарифтік сметаларда ескерілген шығындардың %-ы) теңге

Жыл басынан бері субсидиялар төленді, теңге

Төленуге тиіс, теңге

Жыл басынан бері

оның ішінде есептік ай ішінде

Жыл басынан бері

оның ішінде есептік ай ішінде

7

8

9

10

11

12







      Су беруші _____________________________________________________

      Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей тәртіпте келтіріледі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрымдылық даму
министрінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 445 бұйрығына
2-қосымша
  Ауыз сумен жабдықтаудың
баламасыз көздерi болып
табылатын ерекше маңызды
топтық және оқшау сумен
жабдықтау жүйелерiнен ауыз су
беру жөнiндегi көрсетілетін
қызметтер құнын субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Төленген субсидиялар көлемі туралы 20 жылғы "__"_____________

      Мемлекеттік органның атауы:__________________________________

      Нысаналы трансферттің атауы: Ағымдағы нысаналы трансферттер

      Есеп кезеңі:________ жыл

      Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы: ___мың теңге

      Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды:______________________

      ____________________________________________________________

Тікелей нәтиже

р/с

Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)

Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

Жоспар мың теңге

Нақты мың теңге

Ауыт-қуы мың теңге

1

Ауыз судың ___ мың м3 көлемінде субсидиялаудың сараланған мөлшері бойынша ауыз суды үздіксіз беру






Түпкілікті нәтиже

р/с

Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)

Нәтижелерге нақты қол жеткізу

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

1

_______ облысы бойынша _______ елді мекеннің тұрғындарын кепілдендірілген сапада және қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету (қолайлы бағалар бойынша)



2

_______ адамды қамти отырып, ______ тұрғындары үшін ауыз суды беру бойынша қызметтің құнын төмендету



      М.О.

      ___ облысының (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімі

      Бірінші басшы

      Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады