"Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18942 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 151 (1967) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидаларда әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің ұшулар қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында авиациялық персоналды және әуе кемелерін дайындау негізгі қағидаттары баяндалған. Қағидалар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелерінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға беретін пайдаланушы сертификатына (куәлігіне) енгізілетін шетелдік тіркелуі бар әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыруды, қамтамасыз ету мен орындауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауына жатады.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ұшуларға алдын ала дайындау";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Жалпы ережелер";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Халықаралық ұшуларды орындауға дайындау";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ұшу карталарын таңдау және дайындау";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Іздестіру-құтқару ұшуларын орындауға дайындау";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3- тарау. Ұшуларға ұшар алдындағы дайындау";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Жалпы ережелер";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Брифинг бөлмесіндегі ұшар алдындағы дайындалу";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ұшар алдындағы "брифинг" үлгісі бойынша ақпараттық консультациялық қызмет көрсету";

      3-1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1-параграф. Ұшу экипажы мүшелерін, егер пайдаланушы осы мақсат үшiн ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердi пайдалануды алдын ала көздесе, ұшар алдында дайындаудың ерекшелігі";

      48-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-2. Егер пайдаланушының ұшақтарында пайдалану-бақылау және ұшу - диспетчерлiк қамтамасыз ету шараларынуәкілетті ұйымға бекіткен жағдайда, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді пайдалана отырып, ұшу экипажының мүшелерін ұшар алдында дайындау жүргізіледі.

      Бұл жағдайда ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер және әуе кемесінің командирі ұшар алдындағы дайындық жүргізу сапасына және ұшуға басшылық жасауға жауап береді.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Әуе кемесіндегі ұшар алдындағы дайындау";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) дайындау";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Азаматтық авиацияның әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығын қамтамасыз ету";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Жалпы ережелер";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Ұшулардың тұрақтылығын бағалау";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Ұшулар тұрақтылығының есебін жүргізу қағидаттары";

      82-тармақ алынып тасталсын;

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша есептер жасау";

      103-тармақ алынып тасталсын;

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Ұшулардың тұрақтылығы бойынша құжаттама".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады