"Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 шілдеде № 18959 болып тіркелді

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қатысушымен кепілдік жарна БЭСА операторының банктік шотында қалдырылуы және бір ай ішінде кезекті элетрондық аукциондарға қатысу үшін пайдаланылуы мүмкін.

      БЭСА операторының банктік шотындағы кепілдік жарнаның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы кепілдік жарнаның жетіспейтін сомасын төлеуі тиіс.

      БЭСА операторының кепілдік жарнаны қайтаруы қатысушы кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінімді растаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады, ол аукцион аяқталғаннан кейін не кейіннен кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінімді беру жолымен қалыптастырылады.

      Кепілдік жарна қатысушыға өтінімде көрсетілген банктік шотқа қайтарылады.

      Егер қатысушы бір ай ішінде кепілдік жарнаны пайдаланбаған жағдайда, БЭСА операторы белгіленген мерзім өткен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қатысушыға кепілдік жарнаны өтінімде көрсетілген банктік шотына қайтарады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Егер лоттың бағасын бір қадамға төмендету басталғаннан бастап бес минут ішінде бір де бір қатысушы лотты сатып алу туралы өзінің келісімін растамаса, лоттың бағасы қадамның белгіленген шамасына төмендеуін жалғастырады, ал аукцион қатысушыларының келісімін растау уақыты келесі бес минутқа ұзартылады. Бұл ретте лоттың бастапқы бағасы қатысушылардың бірі немесе одан да көбі сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендейді, сонымен бірге лотты электрондық аукционға шығарылған бағасының елу пайызынан төмен болмауы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Лоттың жарияланған бағасы қатысушылардың бірі растаған кезде ол аукцион жеңімпазы болып танылады және электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен аяқталады.";

      мынадай мазмұндағы 38-2-тармақпен толықтырылсын:

      "38-2. Егер электрондық аукцион барысында лоттың бағасын төмендету әдісімен лоттың бағасын бір қадамға төмендету басталғаннан бастап бес минут ішінде екі немесе одан да көп қатысушылар лоттың ұсынылған бағасын растаса, аукционға қатысушыларға лоттың бағасын бір қадамға ұлғайту туралы ұсыныс жіберіледі.

      Аукционға қатысушылардың біреуі белгіленген қадамға ұлғайтылған лоттың бағасын растау кезінде электрондық аукцион арттыру әдісімен жалғасады.

      Егер лоттың бағасын ұлғайту туралы ұсынысты қатысушылардың бірде-бірі растамаса, лоттың жарияланған бағасын төмендету әдісімен бірінші растаған қатысушы аукцион жеңімпазы деп танылады және электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен аяқталады..";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Электрондық аукционың қорытындысы туралы хаттамада аукционның әрбір қатысушының атауы, олар ұсынған баға, сондай-ақ әрбір қатысушы ұсынылған лоттың бағасына шерту уақыты көрсетіле отырып, аукционның әрбір қадамының тарихы көрсетіледі.

      Осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді БЭСА веб-порталында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында жалпы қол жеткізу үшін жариялануға тиіс.

      Мүлікті лоттың бастапқы бағасынан жиырма және одан да көп пайыз төмен бағамен өткізілген жағдайда бұл туралы хаттаманың ескертпесінде мәтінді қызыл түсті фонда бөле отырып, тиісті белгі қойылады. Бұл ретте осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы хаттамадан үзінді "Е - Заң көмегі" - Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне" жіберіледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Егер электрондық аукционға қатысушылар лоттың жарияланған бірде-бір бағасын растамаған жағдайда, аукцион өткізілмеді деп танылады.

      Бұл ретте электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион тоқтатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институтына" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады