"Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 18965 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12360 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етудің (әуеайлақ қызметінің) негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

      1) ұшу алаңдары элементтерінің жағдайын бақылау;

      2) осы Қағидаларға, азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттарға, ИКАО құжаттарына сәйкес әуеайлақтың ұшу алаңын тұрақты пайдалану дайындығында ұстау;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес әуеайлақты қауіпсіз пайдалануға жағдайының өзгеруі және/немесе жарамдығы туралы ақпаратты әуе қозғалысын басқару қызметіне және аэронавигациялық ақпарат қызметіне дұрыс және уақытылы ұсыну;

      4) әуеайлақ жанындағы аумақатардың жағдайын бақылау (таңбалау жағдайы мен бар кедергілерді жарықпен қоршау, келісілмеген объектілерді тұрғызу мен құрылысын анықтау).

      Ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезінде адами фактордың аспектілері ескеріледі.";

      9-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектормен бірлесіп, әуеайлақ ауданындағы, сондай-ақ әуеайлақ маңы аумағындағы ұшу қауіпсіздігіне, құрылыс жұмыстары мен басқа қызметтерге қауіп төндіретін кедергілерді, оның ішінде аэронавигациялық емес оттарды бағалау және мониторингілеу (есепке алу) жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және шаралар кабылдайды және қажет болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және (немесе) мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшада:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әуеайлақты пайдаланушы әзірлеген Нұсқаулықты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіседі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қолданыстағы Нұсқаулықтың даналары әуеайлақты пайдаланушыда және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда сақталады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әуеайлақтың пайдалану рәсімдері мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер.

      Әуеайлақта белгіленген аэронавигациялық ақпарат жинағында (бұдан әрі - АІР) көрсетілген әуеайлақ туралы ақпарат пен деректердегі кез келген өзгерістер туралы хабарлама рәсімдері, сондай-ақ NOTAM шығаруға сұрау салуларды ұсыну рәсімдері туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) әуеайлақтағы кез келген өзгерістер туралы және әуеайлақтың жұмыс /жұмыстан тыс уақытында осы өзгерістер туралы хабарламаларды тіркеу туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті аэронавигациялық ақпарат қызметтерін хабардар ету тәртібі;

      2) өзгерістер туралы хабарламаларға жауапты лауазымды адамдар мен олардың функциялары және әуеайлақтың жұмыс/жұмыстан тыс уақытында да олармен байланыста болу үшін телефон нөмірлері;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның көрсеткен мекенжайы мен өзгерістер туралы ақпарат келген жердің телефон нөмірі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әуеайлақтағы кедергілерді бақылау және мониторинг.

      Әуеайлақта белгіленген рәсімдер туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) кедергілерді шектеу жабындыларын бақылау және ұшу жабындыларына кіретін А типті әуеайлақтық кедергілердің карталары;

      2) әуеайлақ ауданында кедергілерді бақылау мен мониторингті өткізудің тәртібі;

      3) кедергілерді шектеу жабындыларының шекарасындағы ғимараттар немесе конструкциялардың биіктігін бақылау мен мониторингтің тәртібі;

      4) әуеайлақ маңындағы жаңа құрылыстарға бақылау жүргізу тәртібі;

      5) қажетті шараларды қабылдау мен AIP жинақтарына өзгерістер енгізу үшін кедергілердің сипаты мен орналасу орны туралы, сондай-ақ кез келген кедергілердің кейіннен пайда болуы немесе жоюы туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті қызметтерді хабардар ету тәртібі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Нұсқаулықта қамтылған мәліметтердің дәлдігін сақтау үшін әуеайлақты пайдаланушы:

      1) Нұсқаулыққа тұрақты түрде және уақтылы өзгерістер мен түзетулерді енгізу;

      2) Нұсқаулыққа енгізілетін кез келген өзгерістер туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті қызметтерді хабардар ету қажет.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуеайлақты пайдаланушыға Нұсқаулыққа тиісті өзгерістерді немесе түзетулерді енгізу туралы жазбаша өкім жіберуі мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      20___ жылғы "____" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады