Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 113 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18996 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) және "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігі болуының бір заңды тұлғаның оның лауазымды тұлғасы (тәуелсіз директорды қоспағанда) және (немесе) акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) қаржыландыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымды тұлғалары және (немесе) басшы қызметкері (тәуелсіз директорды қоспағанда) болып табылатын басқа заңды тұлғаны қаржыландыратын заңды тұлғаның меншікті капиталынан асатын мөлшерде қаржыландыру жағдайы белгіленсін.

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) шоғырландырылған негізде қадағалауды жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлғалардан бақылаудағы заңды тұлғаға бақылаудың болуын не оның болмауын айқындауға қажетті ақпаратты сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпарат берілмеген жағдайда, уәкілетті органның сұратуын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде атына сұрату жіберілген тұлға (тұлғалар) заңды тұлғаға бақылауы бар тұлға (тұлғалар) деп танылады.

      Уәкілетті орган заңды тұлғаға бір тұлға тарапынан бақылаудың болуын айқындаған жағдайда, бақылаушы тұлға уәкілетті органның тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктер туралы заңның 17-1-бабында және Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Осы қаулының мақсаттары үшін:

      бақылаудағы заңды тұлға деп шешімдерін қаржы ұйымы дербес не бір немесе бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғамен бірлесіп айқындайтын заңды тұлға, не шешімдерін заңды тұлға дербес не бір немесе бірнеше жеке және (немесе) заңды тұлғамен бірлесіп айқындайтын, қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға;

      заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындайтын тұлғалар деп қаржы ұйымының шешімдерін дербес не бірлесіп айқындайтын заңды тұлға не заңды тұлғаның шешімдерін дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен айқындайтын қаржы ұйымы түсініледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (растайтын құжаттарға) байланысты немесе басқаша айқындау мүмкіндігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 217 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7854 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 622-630 (27701) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады