Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.11.2022 № 970 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 28.11.2022 № 93 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына № 1 қосымша |
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 15.09.2023 № 661 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
3) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы; 4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
9) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
3. Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
6. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
7. Объективті өлшемшарттарды анықтау тәуекелді анықтау арқылы жүзеге асырылады.
8. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары орташа тәуекел дәрежесіне жатады.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
10. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында заңнамасын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау мынадай ақпарат көздері бойынша айқындалады:
1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде "Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімі" ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі – БСН ҰТ АЖ);
2) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы уәкілетті орган талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды осы Өлшемшарттар 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.
13. Субъективті критерийлерді талдау және бағалау бақылау субъектісінің (объектісінің) неғұрлым ықтимал тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылауын шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Талдау және бағалау кезінде белгілі бір бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және қолданылатын субъективті критерийлер туралы деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес қатысты.
3-параграф. Бағалау жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері және тәуекелдерді басқару
15. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын БСН ҰТ АЖ және басқа да ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
16. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебі, сондай-ақ бақылау субъектісі тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен дәрежелеріне жататын тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
17. Бақылау субъектісін осы Өлшемшарттардың 4-тармағына сәйкес тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша профилактикалық бақылау жүргізуге байланысты осы Өлшемшарттардың 11 немесе 12-тармақтарына сәйкес көздерден ақпарат жинайды және субъективті өлшемшарттар бойынша деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC , мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
18. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
19. Осы Өлшемшарттардың 12-тармағында көрсетілген ақпарат өздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші; SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі: SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
20. Осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
21. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Өлшемшарттардың 18-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
4-тарау. Тексеру парақтары
22. Тексеру парақтары бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.
23. Тексеру парақтары осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында бақылау субъектілер (объектілер) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тізілімді дәйексіз толтыру | Өрескел |
2 | Сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, тыйым салулары) болған кезде тіркеу іс-қимылдарын жүргізу | Өрескел |
3 | Заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
4 | Өткізу актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
5 | Егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
6 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
7 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу | Өрескел |
8 | Егер жеке тұлға, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
9 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
10 | Егер мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы, атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
11 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса және сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу | Өрескел |
12 | Басшылардың/ құрылтайшылардың (мүшелердің, қатысушылардың) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттармен тіркеу кезінде тіркеу іс-қимылдарын жүргізу | Өрескел |
13 | Тіркеу іс-әрекеттеріне қажетті құжаттар пакеті толық болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | Өрескел |
14 | Тіркеу іс-әрекеттерінен негізсіз бас тарту | Өрескел |
15 | Тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу мерзімдерін сақтамау | Өрескел |
16 | Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол бермеу | Елеулі |
17 | Тіркеу іс-әрекеттері мерзімін негізсіз үзуге жол бермеу | Елеулі |
18 | Тіркеу істерін тиісінше жүргізбеуі және сақтамау | Өрескел |
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласындағы субъективті өлшемшарттар бойынша тізбесі
Р/с № | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi | Шарттар /мәндер, xi | |
шарттар 1/мәндер | шарттар 2/мәндер | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін | |||||
1 | Тіркеу туралы саны мәліметтердің ұсынылуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингінің нәтижелері | 50 | Уақтылы ұсыну / 0% | Есепті ұсынбау / 100% |
2 | Тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу мерзімдерін сақтамау туралы мәліметтердің ұсынылуы | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингінің нәтижелері | 50 | Уақтылы ұсыну / 0% | Есепті ұсынбау / 100% |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Коммерциялық болып табылатың заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді саласында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 15.09.2023 № 661 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 18.09.2023 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы
заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге
асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық
емес акционерлік қоғамының филиалдарының (бұдан әрі - тіркеу органдары) қызметіне
қатысты
__________________________________________________________________________
(бақылау субъектілерінің бірыңғай тобының атауы)
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған
мемлекеттік орган
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт
__________________________________________________________________________
(№ , күні)
Бақылау субъектісінің атауы
__________________________________________________________________________
(бизнес - сәйкестендіру нөмірі),
Орналасқан мекен-жайы _____________________________________________________
№ | Талаптардың тізімі | Талаптарға сай | Талаптарға сай емес |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тізілімді дәйексіз толтыру | ||
2 | Сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, тыйым салулары) болған кезде тіркеу іс-қимылдарын жүргізу | ||
3 | Заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
4 | Өткізу актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
5 | Егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
6 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізу | ||
7 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу | ||
8 | Егер жеке тұлға, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
9 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
10 | Егер мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы, атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
11 | Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса және сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу | ||
12 | Басшылардың/ құрылтайшылардың (мүшелердің, қатысушылардың) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттармен тіркеу кезінде тіркеу іс-қимылдарын жүргізу | ||
13 | Тіркеу іс-әрекеттеріне қажетті құжаттар пакеті толық болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу | ||
14 | Тіркеу іс-әрекеттерінен негізсіз бас тарту | ||
15 | Тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу мерзімдерін сақтамау | ||
16 | Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол бермеу | ||
17 | Тіркеу іс-әрекеттері мерзімін негізсіз үзуге жол бермеу | ||
18 | Тіркеу істерін тиісінше жүргізбеуі және сақтамау |
Лауазымды тұлға: _________________________________________________
лауазым қолы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау субьектісінің басшысы ______________________________________
лауазым қолы
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)