"Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 28 қарашадағы № 970 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 28 қарашадағы № 93 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30831 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 350 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 61 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18998 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков
     
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
А. Муканова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 93 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 970 Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 350 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 61 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) тексеру парақтарының нысандарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі - салық салу объектісін тіркеу орны бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі-тіркеуші орган);

      2) болмашы бұзушылықтар – тіркеу іс-әрекеттері кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

      3) елеулі бұзушылықтар – тіркеу іс-әрекеттері кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар - тіркеу әрекеттерінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерiн елеулi бұзуға әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тіркеу әрекеттері – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу; заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, коммерциялық ұйымдарға жататын филиалдар мен өкілдіктерді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығаруды тіркеу.

      3. Бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне тіркеуші орган жатады.

      Кодекстің 28-бабының 13-тармағында айқындалған, заңды тұлғалар туралы ақпаратты заңсыз таратуға әкеп соғуы мүмкін деректерді қоспағанда, бақылау субъектілерінің заңды тұлғалар туралы ақпараттың (дербес деректердің) сақталуын қамтамасыз етуге байланысты бақылау субъектілерінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығына қарай тіркеуші органның қызметі тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады, бұл заңды тұлғалар (дербес деректер) және құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) туралы ақпаратты заңсыз таратуға әкеп соғуы және мемлекет кепілдік берген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін

      5. Тіркеуші органдарға қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      7. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне бару арқылы алдынғы профилактикалық бақылау нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

      5) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;

      6) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.

      8. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде реттеуші мемлекеттік органдар бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.

      Бақылау субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу пайдаланылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,

      мұнда:

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары осы Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі екі реттен аспайды.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

  Коммерциялық ұйымдар болып
табылатын заңды тұлғаларды,
филиалдар мен өкілдіктерді
тіркеу саласында тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары

Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

1. Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1)

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тізілімді дәйексіз толтыру

Өрескел

2. Бақылау субъектілеріне бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптардың сақталмау кезінде белгіленеді)

1)

ұсынылған құжаттар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

2)

сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, тыйым салулары) болған кезде тіркеу іс-қимылдарын жүргізуге жол бермеу

Өрескел

3)

заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

4)

өткізу актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

5)

егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) әрекетсіз заңды тұлға болып табылса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

6)

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

7)

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

8)

егер жеке тұлға, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

9)

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 237, 238-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

10)

егер мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы, атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

11)

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген болса және сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

12)

басшылардың/ құрылтайшылардың (мүшелердің, қатысушылардың) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттармен тіркеу кезінде тіркеу іс-қимылдарын жүргізуге жол бермеу

Өрескел

13)

тіркеу іс-әрекеттеріне қажетті құжаттар пакеті толық болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу

Өрескел

14)

тіркеу іс-әрекеттерінен негізсіз бас тартуға жол бермеу

Өрескел

15)

тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу мерзімдерін сақтамау

Өрескел

16)

көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол бермеу

Елеулі

17)

көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін сақтамауы

Елеулі

18)

тіркеу іс-әрекеттері мерзімін негізсіз үзуге жол бермеу

Елеулі

19)

тіркеу істерін тиісінше жүргізбеуі және сақтамау

Өрескел

20)

бір және одан да көп расталған шағымның немесе өтініштің болуы

Елеулі

3. Мемлекеттік органдардың ресми интернет - ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын

1)

ресми интернет - ресурстары мен баспа шығарылымдарда заңды тұлғаларды заңсыз тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу фактілері туралы ақпараттың болуы

Болмашы

2)

ресми интернет - ресурстары мен баспа шығарылымдарда заңды тұлғаларды заңсыз тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу кезінде азаматтардың жеке деректерін, оның ішінде жеке өмірінің құпиясын, ақпараттың болуы

Өрескел

4. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1)

соттың бақылау субъектіге қатысты жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы

Өрескел

2)

кінәсі көрсетіліп, тіркелу фактісін жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімді шығаруы фактісінің болуы

Өрескел

3)

соттың бақылау субъектіге қатысты лауазымды адамдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне негізделген шағымға сәйкес заңды күшіне енген шешімді шығару фактісінің болуы

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 93 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 970 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 350 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 9 шілдедегі
№ 61 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      Заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарының (бұдан әрі - тіркеу органдары) қызметіне қатысты

      _________________________________________________________________

      (бақылау субъектілерінің бірыңғай тобының атауы)

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған

      мемлекеттік орган _______________

      ________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт

      _________________________________________________________________

      (№ , күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      _________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      _________________________________________________________________

      Орналасқан мекен-жайы

Талаптардың тізімі

Талаптарға сай

Талаптарға сай емес

1

2

3

4

1

ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



2

қызмет алушылардың ақпараттық жүйлерден алған құжаттарын талап етуді болдырмау



3

сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, тыйым салулары) болған кезде тіркеу іс-қимылдарын жүргізуге жол бермеу



4

заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары сәйкес келмеген кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



5

өткізу актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



6

егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



7

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



8

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, тіркеу әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



9

егер жеке тұлға, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға хабар-ошарсыз кеткен деп танылса, қайтыс болды деп жарияланса, қайтыс болған ретінде тіркелсе не оның мәртебесі айқындалмаса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



10

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлғаның қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



11

егер мемлекеттік тіркеу кезінде құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), оның құрылтайшылары, заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) болып табылатын заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы, атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және үш айдан астам мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша берешегi жоқ тұлғаны қоспағанда, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



12

егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса және сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) қоспағанда тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



13

басшылардың/құрылтайшылардың (мүшелердің, қатысушылардың) жеке басын куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттармен тіркеу кезінде тіркеу іс-қимылдарын жүргізуге жол бермеу



14

тіркеу іс-әрекеттеріне қажетті құжаттар пакеті толық болмаған кезде тіркеу іс-әрекеттерін жүргізуге жол бермеу



15

тіркеу іс-әрекеттерінен негізсіз бас тартуға жол бермеу



16

тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу мерзімдерін сақтамау



17

көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін сақтамауы



18

тіркеу іс-әрекеттері мерзімін негізсіз үзуге жол бермеу



19

тіркеу істерін тиісінше жүргізбеуі және сақтамау



20

бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тізілімінде мәліметтерді дәйексіз толтыру



21

бір және одан да көп расталған шағымның немесе өтініштің болуы



      Лауазымды тұлға: _________________________________________________

      лауазым                   қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бақылау субьектісінің басшысы _____________________________________

      лауазым             қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады