"Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 700 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 19011 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

      2 "Күрделi шығындар" деген санатында:

      04 "Негiзгi капиталды сатып алу" деген сыныбында:

      430 "Дамуға бағытталған күрделі шығындар" деген кіші сыныбында:

      431 "Жаңа объектілерді салу және қолдағы бар объектілерді реконструкциялау" деген ерекшелігі бойынша:

      7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: айырбастау және кейiннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі шоттарға, әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шотына сомаларды аудару кезiнде.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады