Жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19022 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 7-бабының 50-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Райымқұлова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 194 бұйрығымен бекітілген

Жеңімпаздары дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат етілетін халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың тізбесі

      Халықаралық спорттық жарыстар:

      1. Олимпиада ойындары.

      2. Азия ойындары.

      3. Дүниежүзілік Универсиада.

      4. Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары.

      5. Жасөспірімдердің Азия ойындары.

      6. Спорт түрлерінен әлем чемпионаты.

      7. Студенттер арасындағы әлем чемпионаты.

      8. Азия чемпионаты.

      9. Әлем кубогы.

      10. Азия кубогы.

      Республикалық спорттық жарыстар:

      1. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы.

      2. Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары.

      3. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады