БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес жылына бір рет мекеменің өндірістік зертханасы немесе өзге аккредитацияланған зертхана жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17769 болып тіркелген).";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-40 бұйрығымен бекітілген "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17995 болып тіркелген).".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Д.Т.Қанатбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2019 жылғы "___"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "___"_________