Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19059 болып тіркелді.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 18 шілдедегі
№ 519 бұйрығымен
бекітілген

Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;

      2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңға және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      4) бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-тарау. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру тәртібі

      3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығына және мемлекеттік кіріс органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасу туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады.

      4. Бірыңғай үйлестіру орталығы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік береді.

      5. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын куәлікті Бірыңғай үйлестіру орталығы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдейді.

      6. Төлнұсқа (тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда қалпына келтіру бірыңғай үйлестіру орталығының тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәліктің телнұсқасын беруі арқылы жүргізіледі.

      7. Бірыңғай үйлестіру орталығының тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелуін куәландыратын куәліктің телнұсқасын беруі тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелуін куәландыратын куәлік төлнұсқасының күшін жойғанын растайды.

      8. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын куәліктің телнұсқасы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына немесе оның уәкілетті өкіліне ғана беріледі.

      9. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын куәліктің телнұсқасын алу үшін бірыңғай үйлестіру орталығына мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) бүлінген немесе жоғалған жағдайда арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтініші;

      2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесі.

      10. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына өзгеріс кезінде жаңа куәлік берілуі мүмкін:

      1) арнайы экономикалық аймақтың атауы;

      2) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының атауы;

      3) арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орналасқан жері.

      Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын телнұсқаны немесе жаңа куәлікті беру кезінде арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың бірыңғай тізіліміне тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу туралы мәліметтерді енгізу күні мен тіркеу нөмірі өзгертілмейді.

      11. Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуді куәландыратын берілген куәлікті арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары қайтарады және тиісті мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді:

      1) арнайы экономикалық аймақ таратылған кезде;

      2) қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімі аяқталғаннан кейін немесе мерзімінен бұрын бұзу бойынша.

  Тұлғаның арнайы экономикалық
аймақтың қатысушысы ретінде
тіркелгенін куәландыратын
куәлікті беру қағидаларға
қосымша
Нысан

      ___________________________________________________________

      (бірыңғай үйлестіру орталығының атауы)

Тұлғаны арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын КУӘЛІК

      ___________________________

      (тіркеу нөмірі)

      20__жылғы "__" __________

      (Тұлғаны арнайы экономикалық, аймақ қатысушысы ретінде

      тіркеу туралы мәліметтерді тізілімге енгізген күн)

      20__жылғы "__" __________

      (куәлік берілген күн) _______________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймақтың атауы)

      ________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы)

      ________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймаққа қатысушының орналасқан жері)

      Жауапты бөлімшенің басшысы _

      ______________________                                     ___________________

      (тегі, аты, әкесінің аты ол бар болған жағдайда)                         (қолы)

      № ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады