"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 19085 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
1-қосымша";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор - "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      2) баланс ұстаушы - объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      3) басқару органы - акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      4) бастапқы баға - Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда тендерлік комиссия белгілейтін объектінің құны;

      5) жабық тендер - қатысушылардың шектеулі тобы қатысатын тендер;

      6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) - "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      7) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі - құрылтайшы) - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;

      8) объект - мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге мемлекеттік мүлік;

      9) объектінің нарықтық құны - мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет еткен жағдайда бәсекелестік жағдайындағы мәміле негізінде ол бойынша сенімгерлік басқару объектісі кейіннен сатып алу құқығымен иеліктен шығарылуы мүмкін болатын есептік ақшалай сома;

      10) құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісі - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде айқындалатын салықтық кезеңдегі сенімгерлік басқарудың кірістері мен шығындары арасындағы оң айырма;

      11) сенімгерлік басқарушы - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      12) сыйақы - объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асыратылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;

      13) тендер - бұл тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттықтар нысаны, мұнда құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді;

      14) тендер жеңімпазы - объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объект үшін ең жоғары баға ұсынған тендерге немесе жабық тендерге қатысушы немесе объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде ең төмен сыйақы мөлшерін ұсынған тендерге не жабық тендерге қатысушы;

      15) тендерге қатысушы - тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      16) тендерлік комиссия - объектіні беру жөніндегі тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы құрған комиссия;

      17) тендерлік ұсыныс - объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақы мөлшерін қамтитын (құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруынан түскен таза кіріске пайыздық арақатынаста) қатысушының ұсынысы;

      18) тізілімнің веб-порталы - Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасына бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      19) шарт - осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сай үлгілік шартқа сәйкес құрылтайшы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты;

      20) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      21) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушыға мынадай:

      1) акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту туралы;

      2) акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;

      3) акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауларын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтары берілмейді.

      Акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін мемлекеттің дивидендтерге құқығынан бас тартумен сенімгерлік басқаруға беруге жол берілмейді.

      Сенімгерлік басқарушы акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза кірісінің бір бөлігін Заңның 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган проценттік арақатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтер (кірістер) төлеуге жұмсауды қамтамасыз етеді.

      3-2. Сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын өтеу:

      1) кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетте көзделген қаражат есебінен;

      2) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сеніп берілген мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады.

      Объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде сенімгерлік басқарушының мүлікті сенімгерлік басқару кезінде жүргізген қажетті шығыстарын бюджет қаражаты есебінен өтеуді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.

      3-3. Сенімгерлік басқарушы мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді мына жағдайларда:

      1) мемлекеттік кәсіпорынның балансына бекітілген республикалық және коммуналдық меншік сенімгерлік басқаруға берілген кезде;

      2) мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлік кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген кезде орындауға тиіс.

      Мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлік кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерді сенімгерлік басқарушы орындамайды.

      3-4. Сенімгерлік басқарушының есеп беруінің тәртібі мен мерзімдері шартпен белгіленеді, оның ішінде:

      "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысында белгіленген тәртіппен берілетін мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есеп;

      басқарудың аралық нәтижелері көрсетілетін жылдық есеп;

      мемлекеттік мүлікті басқарудың нәтижелері көрсетілетін сенімгерлік басқару шартының барлық қолданылу кезеңінің есебі.

      Жылдық есеп мынадай ақпаратты:

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде алынған кірісі туралы;

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару нәтижесінде шеккен шығыстары туралы;

      сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқару шеңберінде қабылдаған іс-қимылдары туралы;

      құрылтайшының жазбаша өтініші бойынша берілетін мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге де мәліметтерді қамтиды.

      Шарттың барлық кезеңі ішіндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет туралы есепте мынадай ақпарат:

      мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың барлық кезеңі ішіндегі жиынтық қаржылық көрсеткіштер;

      сенімгерлік басқарушының барлық кезең ішіндегі сыйақы мөлшері;

      барлық кезең ішіндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың нақты көрсеткіштерінің салыстырма талдауы;

      құрылтайшының жазбаша өтініші бойынша берілетін барлық кезең ішіндегі мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарумен байланысты өзге де ақпарат қамтылған.

      Есептерде қамтылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелері есепке қоса беріледі.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мыналарды:

      1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге бергенге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның оны заңды тұлғаның жарғылық капиталын төлеуге беру туралы шешімі болған кездегі;

      2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін;

      3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

      5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

      6) қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының балансына бекітілген объектілерді беру;

      7) заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларға, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына беру;

      8) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беру;

      9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың мемлекеттік акциялар пакетін беру;

      10) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы алаңы кемінде 40 000 шаршы метр ғимараттарды, құрылыс-жайларды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі мәдениет объектілерін беру;

      11) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтініші (бұдан әрі - өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініш мынадай құжаттарды:

      1) заңды тұлғалар үшін:

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      2) жеке тұлға және дара кәсіпкер үшін - салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсыну арқылы объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Басқару органы объектіні сенімгерлік басқаруға беру үшін құрылтайшыға мына ақпаратты береді:

      1) объектінің қысқаша сипаттамасы, оның баланстық құны туралы мәліметтер және баланс ұстаушының атауы;

      2) акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттары;

      3) акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның соңғы үш қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат;

      4) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің орындылығының негіздемесі;

      5) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру шарттарын және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу бойынша ұсыныстар;

      6) объектіні сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептері;

      7) сыйақының шекті мөлшерін белгілеу бойынша ұсыныстар (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қарағанда проценттік арақатынаста);

      8) осы Қағидалардың 3-2-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін белгілеу туралы ұсыныстар.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) объектіні сенімгерлік басқаруға берудің шарттарын (бұдан әрі - тендердің шарттары) және тендерге немесе жабық тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды айқындайды;

      2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;

      3) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын белгілейді;

      4) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақының шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты проценттік арақатынаста) белгілейді;

      5) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі қажетті шығыстарын өтеу көзін айқындайды.

      14. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялайды, ал кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендер өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-тарауларына сәйкес құрылтайшы конкурс өткізу арқылы айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және мынадай мәліметтерді:

      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;

      2) объектінің қысқаша сипаттамасын;

      3) тендерді өткізу күнін, уақытын;

      4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беру мерзімін;

      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді);

      6) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын;

      7) объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде сыйақының шекті мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста);

      8) осы Қағидалардың 3-2-тармағына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруы кезіндегі сенімгерлік басқарушының қажетті шығыстарын өтеу көзін;

      9) тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды қамтиды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Құрылтайшы хабарлама жарияланғанға дейін тізілімнің веб-порталында объект туралы мынадай ақпаратты:

      1) объектінің иесі мен баланс ұстаушы туралы мәліметтерді (пошталық мекенжай, телефон, факс, е-maіl);

      2) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілетін (жылжымайтын мүлік үшін ) объектінің техникалық жай-күйі туралы түсінікті қамтамасыз ететін саны кемінде 5 дана фотосуретті;

      3) акциялары (қатысу үлестері) не мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша мынадай құжаттардың:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

      жарғы;

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);

      есепті кезеңнің алдындағы үш жылғы қосымшаларымен бухгалтерлік баланстар көшірмелерін;

      4) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлік басқаруға беру кезінде осы Қағидалардың 3-1-тармағында көрсетілген аударым шарттарын;

      5) тендер талаптары ескеріле отырып, жасалған шарт жобасын орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Хабарлама жарияланғаннан кейін бірыңғай оператор барлық ниет білдірушілерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған объект туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні көруге мүмкіндікті қамтамасыз етеді.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Тендер шарттарымен келісуді қамтитын өтінімге:

      1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде электрондық конвертке жүктелген тендерлік ұсыныс (объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде);

      2) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде электрондық конвертке жүктелген баға ұсынысы (объект кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген кезде);

      3) қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық ("PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) көшірмелері қоса беріледі.

      28. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде:

      сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуына;

      мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік деректер базасында 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің және салықтық берешегінің болмауына автоматты түрде тексеру жүргізеді.

      Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі және/немесе мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік төлемдер бойынша берешек және салықтық берешек туралы мәліметтердің болуы тізілім веб-порталының қатысушы өтінімінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі және мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік деректер базасында Салық кодексінің 6-тарауына сəйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі және салықтық берешегі туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды жүзеге асырады.

      Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      29. Тендер немесе жабық тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі - жұма аралығында тізілімнің веб-порталында өткізіледі. Тендер Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі және тендерді өткізген күні аяқталады.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды.

      Қатысушы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде құрылтайшы себебін көрсете отырып, қатысушыны тендерге немесе жабық тендерге жібермейді.

      34. Объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге жіберген қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындайды.

      Ең төмен сыйақы мөлшерін (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста) ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Тендерге немесе жабық тендерге қатысушылардың сыйақы мөлшері сәйкес келген (тең болған) жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.";

      41-тармақ алып тасталсын;

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Тендер немесе жабық тендер мынадай:

      1) тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылар болмаған;

      2) жеңімпаз тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

      45. Егер тендер немесе жабық тендер өтпеді деп жарияланса, құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген тендер немесе жабық тендер күні мен уақытынан кейін жиырма төрт сағат ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге қол қояды.

      Жеңімпаз тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда құрылтайшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендер нәтижелерін жою туралы актіге қол қояды.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылардың болмауына байланысты тендер өткізілмеді деп танылған кезде тендерлік комиссия қажет болған жағдайда тендер шарттарын, бастапқы бағаны өзгертеді.

      48. Объектіні сенімгерлік басқару шарттың негізінде туындайды (құрылады).

      Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берілетін объектілерді қоспағанда, құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам және жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында шартқа қол қояды.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Сенімгерлік басқарушының мыналарға:

      1) объектіге инвестициялардың көлеміне, түрлеріне және мерзімдеріне;

      2) табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;

      3) қазіргі жұмыс орындарының санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға;

      4) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;

      5) объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;

      6) сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;

      7) мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға;

      8) объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;

      9) объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері қажеттілігіне қарай объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болып табылады.";

      Қағидаларға 2-қосымша алып тасталсын.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2019 жылғы 24 шілдедегі
№ 68 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

      Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе

      жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті

      атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" _________ № ____

      бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

      және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы

      министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__жылғы "___"

      ___________________ № ________________________ бұйрығымен бекітілген

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы

      ереженің немесе Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган,

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты коммуналдық

      меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін

      басшы __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      атынан 20__ жылғы "__" ______ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың негізінде әрекет

      ететін __________________________________________________________________________

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

      1. Шарттың нысанасы

      1.1. Құрылтайшы бұдан әрі "Объект" деп аталатын Сенімгерлік

      басқарушыға_____________________________________________________________________

      (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      1.2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

      1.3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлік басқарушы жылжымалы мүлікке билік етуге құқылы.

      1.4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      1.5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      1.6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      1.7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объект Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаны енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      2. Тараптардың құқықтары

      2.1. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      2.2. Сенімгерлік басқарушының:

      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі жүргізген қажетті шығыстарды:

      кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен немесе осы Шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сенімгерлік басқару объектісі бойынша шығыстарды өтеу актісін (бұдан әрі - Акт) ұсынған кезде тиісті қаржы жылына арналған бюджетте бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің ___________________ (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) ағымдағы __________________ (бюджеттік бағдарлама атауы) бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен өтеуге;

      кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген объектілер бойынша сенімгерлік мүлікті пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеуге;

      3) бар болған жағдайда кейіннен сатып алу құқығынсыз объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде және құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза пайданың есебінен (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан алынған таза кіріске қатысты пайыздық арақатынаста) сыйақы алуға;

      4) өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

      3. Тараптардың міндеттері

      3.1. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      3.2. Сенімгерлік басқарушы:

      1) объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) объектіні іс жүзінде иеліктен шығаруға әкеп соғатын кез келген заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасамауға;

      7) сенімгерлік басқаруға алған Объектіні өз меншігінен оқшаулауға міндетті. Объект сенімгерлік басқарушының жеке балансында көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі;

      8) объектіні сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу үшін жеке банк шотын ашу;

      9) __________ бюджет кірісіне_________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________ құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кірісін (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі сыйақыны шегере отырып) аударуды қамтамасыз етуге;

      10) мемлекеттік мекеменің балансына бекітілген республикалық және коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беруді қоспағанда, мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша Объект бойынша салықтық міндеттемелерін орындауға;

      11) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті Қаулыда айқындалған тәртіппен _____________________ беруге; (ұсыну мерзімдері)

      12) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      13) құрылтайшыға жылдық есепті жазбаша түрде _____________________ беруге; (ұсыну мерзімдері) 14) құрылтайшыға ____________________________________ шарттың (ұсыну мерзімдері) барлық қолданылу мерзімінің есебін жазбаша түрде беруге;

      15) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысында (бұдан әрі - Қаулы) айқындалған тәртіппен беруге;

      16) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті Қаулыда айқындалған тәртіппен _____________________ беруге; (ұсыну мерзімдері)

      17) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      18) объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;

      19) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

      4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      4.2. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Форс-мажор

      5.1. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін жауапкершіліктен босатылады.

      5.2. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

      5.3. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

      5.4. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      5.5. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 (екі) күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

      6. Құпиялылық

      6.1. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      6.2. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

      7. Дауларды шешу

      7.1. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      7.2. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

      8. Шарттың қолданылу мерзімі

      8.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

      Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға жол берілмейді.

      9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      9.1. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

      Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

      10. Өзге де талаптар

      10.1. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      10.2. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      10.3. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

      10.4. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

      10.5. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша күнтізбелік он күн ішінде объектіні Құрылтайшыға қайтарады.

      10.6. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

      11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

Құрылтайшы
________________________
______ __________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Сенімгерлік басқарушы
_____________________________
_______ _____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

  Мемлекеттік мүлікті
сенімгерлік басқарудың
үлгілік шартына
қосымша
Нысан

Сенімгерлік басқару объектісі бойынша шығыстарды өтеу актісі

      20__ жылғы "___" _______________ №____

      Объектінің атауы ___________________________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ № ___ сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сома __________________________ теңге

      Бюджеттік бағдарлама бойынша ______________________________________________

р/с

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстар сомасы

Төленетін сома

Ескерту








Жиыны:






      Сенімгерлік басқару объектісімен байланысты шығыстар

      сомасы:____________________________________________________________________ теңге.

      (цифрмен, жазумен)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
______________________________
________ _____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Сенімгерлік басқарушы
______________________________
_______ _______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады