"Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына және "Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 536 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 19119 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11603 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. АҚҚ жұмысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі – уәкілетті ұйым), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен олардың құзыретіне сәйкес өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің функциялары";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әуежай АҚҚ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) азаматтық авиация ұйымы қызметін үйлестіреді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша әуежайдағы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) әуежайдағы өткізу және объектішілік режимді жүзеге асырады, оның барысында әуе кемелерін күзетуді және әуежайдың бақыланатын аймағында азаматтық авиация ұйымы объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      3) әуежайдың бақыланатын аймағында шектеулі кіру аймағын ұйымдастырады;

      4) әуежайдың бақыланатын аймағына өту (жүріп өту) құқық беретін әуежайлық рұқсаттамаларды беруді және алып қоюды ұйымдастырады;

      5) мемлекеттік органдармен бірлескен әуе кемелерін басып алу (айдап әкету) әрекеттерін болдырмау және жолын кесу, төтенше жағдайлар және оның салдарларын жою жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысады және уәкілетті ұйымның нұсқауына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асырады;

      6) Заңның 107-бабына сәйкес авиациялық персоналды, жолаушыларды, қол жүгі мен багажды, пошта жөнелтілімдерін, жүк пен борт қорларын (борт тамағын) қарап тексеруді жүзеге асырады және қарап тексеру үдерісінде алынған, әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар мен нәрселерді есепке алады;

      7) әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі бағдарламасын, әуежайда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды және рәсімдерді әзірлейді;

      8) авиациялық персоналдың, әуежайда орналасқан ұйымдардың, оның қызметтерін пайдаланатын тұлғалардың авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін талаптарды регламенттейтін нормативтік актілерді орындауларын бақылауды жүзеге асырады және уәкілетті ұйым мен әуежай басшылығының тапсырмасы бойынша олардағы бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тексерулерге тікелей қатысады;

      9) аса маңызды ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;

      10) әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысады;

      11) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (бұдан әрі – ИКАО) тіркелген азаматтық авиация оқу орындарында АҚҚ қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) қарап тексерудің техникалық құралдарының, күзет және бейне бақылау, байланыс инженерлік-техникалық құралдарының, қарудың сақталуын және пайдаланылуын ұйымдастырады, олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

      13) әуе кемелерін ұшу алдындағы және арнайы тексеруді өткізуге қатысады;

      14) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша материалдар жинақтайды және талдайды, азаматтық авиация ұйымы мен уәкілетті ұйым басшылығы үшін анықтамалық және есеп материалдарын дайындайды;

      15) уәкілетті ұйыммен келісе отырып, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Заңда көзделген тиісті іс-шараларды жүзеге асырады;

      16) уәкілетті ұйымның сұраусалуы бойынша экипаж мүшесінің куәлігін және ұшу және инженерлік техникалық құрамының куәлігі алынып тасталады және одан әрі қайта жібереді.

      10. Тұрақты әуе тасымалын орындайтын авиакомпания АҚҚ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) авиакомпания қызметтерінің жұмысын үйлестіреді және авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және жүктелген міндеттерді орындауда әуежай АҚҚ толығымен көмек көрсетуін қамтамасыз етеді;

      2) авиакомпания экипаж мүшелерінің жеке куәліктерін тіркеуді және есепке алуды ұйымдастырады және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) авиакомпанияның әуе кемелерін басып алу (айдап әкету) әрекеттерін болдырмау және алдын алу, төтенше жағдайлар және оның салдарларын жою бойынша іс-шараларда мемлекеттік органдарға жәрдемдеседі және уәкілетті ұйымның нұсқауына сәйкес, авиакомпания әуе кемесінің бортында авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асырады;

      4) авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздігі бағдарламасын, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтар және рәсімдер әзірлейді;

      5) авиакомпанияның әуе кемелерін пайдалану кезінде аса маңызды ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;

      6) уәкілетті ұйыммен келісе отырып, әуе кемелері бортындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      7) жолаушылар мен жүк жөнелтушілердің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен рәсімдерді орындауын, әуежайлардың авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шарттық міндеттемелердің талаптарын олардың орындауын бақылайды;

      8) ИКАО-да тіркелген азаматтық авиация оқу орындарында авиакомпания АҚҚ қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау мерзімдерінің сақталуын бақылайды;

      9) авиакомпанияның әуе кемелерін ұшу алдындағы және арнайы тексеруден өткізуге қатысады;

      10) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша материалдар жинақтайды және талдайды, авиакомпания мен уәкілетті ұйым басшылығы үшін анықтамалық және есеп материалдарын дайындайды.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылығы";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Авиациялық қауіпсіздік қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету";

      2. "Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсатнамалардың түрлері мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6621 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде "Егемен Қазақстан" № 134-137 (26539) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиациясының авиация инспекторының куәлігі;";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 536 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2010 жылғы 15 қазандағы
№ 457 бұйрығына
1-қосымша

Азаматтық авиациясының авиация инспекторының куәлігі

  Нысан

      Оң жағы (мөлшері 85 х 55 мм)

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

Азаматтық авиациясының авиация инспекторының куәлігі

 
Куәлік иесінің
фотосуреті 


Тегі
Жынысы
Жұмыс орны
Құжаттың нөмірі

Азаматтығы

Аты
Туған жылы
Лауазымы
Қолданылу мерзімі

(Иесінің қолы)

      Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі

  Сыртқы жағы

Машинамен оқылатын аймақ
(егер куәлік машина оқуға аймағына арналмаса, толтырылмайды)
____________________________________________________
Беретін мемлекет
Осы куәліктің иесі әуежайларының барлық бақыланатын аймақтарына,
әуе кемелеріне және азаматтық авиация ұйымдарының объектілеріне
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы"
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының
16-6-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтеді
Берілді азаматтық авиация
(берілген жері саласындағы уәкілетті
және күні) ұйымның лауазымды
тұлғасының колы

      Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 536 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2010 жылғы 15 қазандағы
№ 457 бұйрығына
2-қосымша

Экипаж мүшесінің куәлігі

  Нысан

      Оң жағы (мөлшері 85 х 55 мм)

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым

Экипаж мүшесінің куәлігі

 
Куәлік иесінің
фотосуреті 


Тегі
Жынысы
Жұмыс орны
Құжаттың нөмірі

Азаматтығы

Аты
Туған жылы
Лауазымы
Қолданылу мерзімі

(Иесінің қолы)

      Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі

  Сыртқы жағы

Машинамен оқылатын аймақ
(егер куәлік машина оқуға аймағына арналмаса, толтырылмайды)
____________________________________________________
Беретін мемлекет
Осы куәліктің иесі қолданыстағы куәлікті ұсыну
бойынша____________________________ өтуге құқығы бар
(беретін мемлекет көрсетіледі)
Берілді азаматтық авиация
(берілген жері саласындағы уәкілетті
және күні) ұйымның лауазымды
тұлғасының колы

      Ескертпе: ағылшын тілінде толтыруға рұқсат етіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады