Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 және "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 19126 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т . қараңыз

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында:

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      6-8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құрылыс аяқталған соң, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге ұсыну үшін құрылыс салушы мамандандырылған ұйымнан құрылыс объектісінің дәл координаттары мен биіктігін 1984 жылғы дүниежүзілік геодезиялық координаттар жүйесінде (бұдан әрі - WGS-84) алады.

      7. Әуеайлақ (тікұшақ айлақ) ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі белгіленгеннен соң ғана азаматтық әуе кемелерінің пайдалануына беріле алады. ҚР АА ӘПЖН талаптарынан уақытша ауытқуларға ұшулар қауіпсіздігінің эквиваленттік деңгейін қамтамасыз ететін өтемақы шаралары қарастырылған жағдайларда, жол беріледі. Мұндай жағдайда әуеайлақтың (тікұшақ айлақтың) иесі (пайдаланушысы) ұшу қауіпсіздігі эквиваленттік деңгейінің қамтамасыз етілгенін растайтын қорытынды дайындап азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) бекіту үшін арнайы мамандандырылған ұйымдарды тартады.

      8. Әуежайлар (тікұшақ айлақтар) әкімшілігі әуеайлақтың (тікұшақ айлақтың) дұрыс аэронавигациялық деректерін аэронавигациялық ақпарат қызметіне ұсынады.

      Аэронавигациялық деректер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ұсынылады.";

      11-тармақтың 1), 3), 16), 30), 31), 42), 43), 44), 48), 53), 55), 61), 73), 80), 82), 83), 137), 138), 139), 140), 141), 151), 152), 153), 154), 155), 156), 158), 159), 160), 161), 162), 163), 164) және 165) тармақшалары алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жабдықталмаған ҰҚЖ-ын, қосалқы топырақ ҰҚЖ-дан басқа, қамтитын ұшу жолағы ҰҚЖ осінен екі жағына қарай бірдей көлденең бағытта (ҰЖ-ның бүкіл ұзына бойымен) кем дегенде:

      1) А, Б, В, Г класты немесе 3, 4 кодтық нөмірлері ҰҚЖ үшін 75 м;

      2) Д, Е класты немесе 1, 2 кодтық нөмірлері ҰҚЖ үшін 40 м қашықтыққа созылуы керек.";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Осы ҚР АА ӘПЖН жазылмаған оттардың кіші жүйелері, қажет болған жағдайларда халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес болады және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі.";

      4-бөлім Әуеайлақтардың радиотехникалық жабдығы алып тасталсын;

      5-бөлім Әуеайлақтардың метеорологиялық жабдығы алып тасталсын;

      460-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "460. ӨҚТД бойынша 4-10-санаттағы әуеайлақтарда шассиі істен шыққан ұшақтарды апаттық қондыру кезінде ҰҚЖ-ын көбікпен жабу (көбікті жолақты жағу) мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Осы ҚР АА ӘПЖН 60-қосымшаның кестесінде келтірілген мөлшерден кем емес өлшемдермен көбікті жолақты жағу көбікті ҰҚЖ-ға беруді бастаған уақыттан 10 минуттан аспайды.";

      667-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "667. Осы ҚР АА ӘПЖН 626-тармағында сипатталған өлшемшарттарды пайдалану 2100 барлық секторында отырғызу аумағынан жоғары деңгейде қолайсыз кедергілердің болмауын қамтамасыз етеді, бірақ сонымен бірге отырғызудың соңғы кезеңінде немесе ұшудың бастапқы кезеңінде қозғалтқыштың бұзылуынан тікұшақтың биіктікті жоғалту мүмкіндігін ескеру қажет. Тиісінше барлық тіркелген және мобильді құрылыстарда тікұшақ палуба деңгейінен төмен теңіз және тікұшақ палуба деңгейі арасында еркін аумақ қамтамасыз етіледі (белгіленеді). Бұл қорғалған бет кемінде 1800 секторда белгіленеді және "D" шеңберінің ортасынан басталып барлық ШКС 2100 жабуы тиіс. Бұл сектор қозғалтқыш бұзылған жағдайда кедергісіз траекторияны қамтамасыз ету және көлденең жазықтықта бес бірлікке көлденең жазықтықта бір бірлікті азайту градиентіне ие болу үшін, отыру аумағы шекарасынан осындай қашықтықта орналасқан (Осы ҚР АА ӘПЖН 71-қосымшасындағы сурет). 1 және 2-санатты ұшу-техникалық сипаттағы тікұшақтар үшін тікұшақ алаңынан осы қашықтықтың көлденең ұзындығы бір жұмыс істемейтін қозғалтқышы бар тікұшақ сипаттамасына байланысты.

      Егер қосалқы теңіз қондырғылары (қалқымды баржа, крандар) тікұшақ палубаның жанында жұмыс істесе, онда кедергіден қорғалған көлденең және жазық бет/секторлар бойынша барлық талаптарды әркез қамтамасыз етуге болмайды. Бұл жағдайда тікұшақты (тікұшақ палуба) пайдаланушылар теңіз қондырғыларын және кемелерін орналастыру комбинациясын жоспарлау кезінде барлық талап етілетін өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Тікұшақты (тікұшақ палуба) пайдаланушылар уәкілетті ұйымға тікұшақты одан әрі пайдалануды бағалау және келісу үшін тікұшақты жобалаудың бастапқы сатысында теңіз қондырғыларын/кемелерін болжалды орналастыру конфигурациясының сызбалары мен схемаларын ұсынады.

      Егер орнату бойынша эксплуатациялық немесе техникалық себептермен тікұшақтарды пайдалануға тыйым салу қажет болса, онда тікұшақ палуба осы ҚР АА ӘПЖН 97-қосымшасындағы 5-суретте көрсетілген сияқты белгілермен маркерленеді. Бұл дабыл қонуға тыйым салу үшін стандартты дабыл болып табылады.";

      690-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "690. Түнде немесе шектеулі көріну жағдайында пайдалануға арналған тікұшақ айлағы атауының таңбалануы ішінен немесе сыртынан жарықтандырылады.

      Тікұшақ айлағының (тікұшақ палубаның) атауы кедергілерден бос сектор мен көздеген шеңберді білдіретін шеврон арасында қону бетіне салынады (таңбаланады). Қону желісі тікұшақ айлағының (тікұшақ палубаның) атауын және тікұшақ айлағының басқа тану таңбасын жаппайды. Егер көрсетілген орында тікұшақ айлағының (тікұшақ палубаның) атауын таңбалау үшін жеткілікті кеңістік болмаса, оның орналасуы уәкілетті ұйыммен келісіледі.";

      864-тармақ алып тасталсын;

      954-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "954. Тікұшақ айлағында (тікұшақ палубада) негізгі және резервтік авиациялық радиостанциямен, барлық жаққа бағытталған жетекті радиомаякпен және сөйлеу ақпаратын цифрлық жазу жүйесімен жабдықталады. Қосымша, ТҚМ негізгі және резервтік тасымалды авиациялық радиостанциялармен жарақтандырылады. Авиациялық стационарлық радиостанциялар және барлық жаққа бағытталған жетекті радиомаяк үздіксіз қоректендіру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15554 болып тіркелген) белгіленген.";

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына 50, 52, 53, 54, 55 және 56-қосымшалар алып тасталсын.

      2. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12408 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесінде:

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Талаптар ҚР АА ӘПЖН-да сипатталмаған оттардың кіші жүйелерін орнатқан жағдайда олардың ИКАО стандарттарына сәйкестігі және оларды орнату азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) келісілуі тексеріледі.";

      267-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "267. Төмендетілмейтін авариялық қордың бар болуы тексеріледі. ҚР АА ӘПЖН-да талаптары көрсетілмеген оттардың ішкі жүйесі қондырылған жағдайда олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі және олардың қондырылуы уәкілетті ұйыммен келісімі тексеріледі.";

      300-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "300. Қону аймағынан жоғары орналасқан барлық объектілер ШКС шегінің жанында орналасқан объектілердің жақындығы мен биіктігі туралы тікұшақ экипажына көзбен шолынатын ақпаратты беретін 10 кандельден кем емес қарқындылығымен барлық жаққа бағытталған қызыл оттармен таңбалануы тиіс. Бұл талап құрылғыда орналасқан барлық крандарға қатысты болады. Қону аймағын 15 м-ден жоғары асып өтетін объектілер әр 10 м сайын жоғарыдан төмен қарай қону аймағына дейін бірдей қарқындылықпен барлық жаққа бағытталған қызыл оттармен жабдықталуы қажет (басқа объектілермен қоршалған оттар орналасқан жерлерден басқа). Өңделген жерлердің және мінбелердің қайырмалы сызықтары сияқты кейбір объектілер үшін барлық аралық жаққа бағытталған қызыл оттарды орнату орнына жалпы прожекторлық жарықтануын орнату тиімді болады. Бұл жағдайда прожекторлық жарықтануы тікұшақ экипажының көзін шағылыстырмайтындай бүкіл қырылымға жарық түсіретіндей етіп орнатылуы тиіс. Прожекторлық жарықтанудың орналасуы уәкілетті ұйыммен келісілуі қажет.";

      1-бөлімнің Радиотехникалық жабдықтардың сәйкестігін бағалау деген 4-тарауы алып тасталсын;

      1-бөлімнің Метеорологиялық жабдықтың сәйкестігін бағалау деген 5-тарауы алып тасталсын;

      әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесіне 20, 21 және 22-қосымшалар алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алтыншы, он бесінші, жиырма екінші және жиырма алтыншы абзацтарын және 2-тармақтың төртінші, алтыншы, сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      2019 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      2019 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "___"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      2019 жылғы "___"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады