Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19157 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      2019 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 578 бұйрығымен
бекітілді

Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2002 жылғы 17 қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-39) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және кемелерден ластануды болғызбау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін;

      2) Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі суларында олар жүзіп бара жатқан немесе тұған кезде шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін пайдаланудағы теңіз кемелеріне қолданылады.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Әскери-Теңіз Күштерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жүк қалдықтары – жүктің шикі немесе құрғақ жай-күйіне қарамастан тиеу және түсіру кезінде артық қалғанын немесе ұсақтарын қоса алғанда, тиеуден немесе түсіруден кейін палубада немесе трюмдерде қалатын немесе жүктен қалған шаңды қоспағанда, ағынды суда қалған кез келген жүктің қалдықтары;

      2) лас балласт – мұнайдан тазартылмаған кеме танктерінде су балластын қабылдағаннан кейін пайда болатын мұнай-су қоспасы;

      3) кемедегі сарқынды сулар – дәретханалардың, писсуарлардың барлық түрінен, раковиналардың, ванналар мен шпигаттардың, медициналық үй-жайлардан (амбулаториядан, лазареттерден және басқалардан) шығатын ағындар және өзге де қалдықтар, тірі жануарлар ұсталатын үй-жайлардан ағындар немесе егер олар жоғарыда аталған ағындылармен араласқан болса, өзге де ағындар;

      4) қоқыс – зиянды заттарды қоспағанда, кемені қалыпты пайдалану процесінде пайда болатын және тұрақты немесе мерзімдік жоюға жататын азық-түлік, тұрмыстық және пайдалану қалдықтарының барлық түрлері, пластмассаның барлық түрлері, жүк қалдықтары, инсинераторлардан шығатын күл, аспаздық май, аулау құралдары және жануарлардың тұтас еті;

      5) құрамында мұнайы бар қалдық – мұнайы бар кез келген қалдық;

      6) құрамында мұнайы бар қоспа – кез келген мұнай құрамымен қоспа;

      7) мұнай танкері – негізінен жүк жайларында құйылмалы мұнайды тасымалдау үшін салынған немесе бейімделген кеме және зиянды сұйық заттарды тасымалдауға арналған құрамдастырылған кемелер мен танкерлерді қамтиды;

      8) оқыс оқиға – теңізде зиянды заттың немесе осындай заттар бар ағынды сулардың пайда болуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін оқиға;

      9) пластмасса – құрамында негізгі ингредиент ретінде бір немесе одан да көп жоғары молекулалық полимері бар және полимерді өндіру, полимерді дайындау немесе қыздыру және/немесе қысым арқылы түпкілікті өнім алу мақсатында дайындау кезінде түзілетін (қалыптасатын) қатты материал;

      10) порттық қабылдау құрылысы – кемелерде оларды қалыпты пайдалану процесінде жиналатын мұнайды, зиянды заттарды немесе осындай заттары бар қоспаларды, қоқысты кемелерден қабылдауға арналған жағалау, жүзбелі құрылыс немесе олардың біртұтас технологиялық жүйеде үйлесімі;

      11) тамақ қалдықтары – кемеде жиналып қалатын жемістер, көкөністер, сүт өнімдері, құс, ет өнімдері және тамақ қалдықтары сияқты кез келген бүлінген немесе бүлінбеген тамақ өнімдері;

      12) танк – кеме конструкциясының тұрақты элементтерімен құрылған және құйылмалы сұйық жүкті тасымалдау үшін жобаланған жабық үй-жай;

      13) танкер – кез келген құйылмалы сұйық өнім (химиялық танкер) мен зиянды сұйық заттарды жүк ретінде тасымалдау үшін жасалған немесе бейімделген, егер онда жүк немесе жүктің бір бөлігі ретінде құйылмалы зиянды сұйық заттарды тасымалдауға жол берілетін болса "мұнай танкерін" (ЗСЗ үшін танкер) қамтитын кеме;

      14) тұрмыстық қоқыс – тағамның, тұрмыстық қалдықтардың барлық түрлері және кеменің тұрғын үй-жайларында жиналған қалдықтар;

      15) уәкілетті орган – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      16) химиялық заттар тасығыш танкер – кез келген құйылмалы сұйық өнімді тасымалдау үшін жасалған немесе бейімделген кеме;

      17) шикі мұнаймен жуу – жүк ретінде танкермен тасымалданатын шикі мұнайды жуу сұйықтығы ретінде пайдалана отырып, жүк танктерін машинамен жуу;

      18) шикі мұнайға арналған танкер – шикі мұнайды тасымалдаумен айналысатын мұнай танкері;

      19) шланг – жағалау құрылысы мен танкерді қосуға арналған құрылғылары бар иілгіш түтік;

      20) шланг құрылғысы – жылжымалы аспалы құбырлар мен жабдықтардан тұратын танкердің қабылдау құбырына қосылу үшін пайдаланылатын жағалау құрылысының бөлігі. Шланг құрылғысының конструкциясына үнемі жалғанған шланг қосылуы мүмкін;

      21) шығару – кемеден, қандай себептерге байланысты болса да, кез келген шығарынды және кез келген ағып кетуді, жоюды, төгуді, ағуды, ағызуды, лақтыруды немесе босатуды қамтиды.

      5. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 278-бабының талаптарына сәйкес кеме бортында ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыс ашық су айдынына төгінділер мен шығарындыларға мүмкіндік бермейтін құрылғыларда жарақталған тұрмыстық қалдық порттық қабылдау құрылыстарына өткізіледі. Кемені жуу үшін пайдаланылған және жиналатын танкке қайтарылған мұнай мен судың жалпы саны порттық қабылдау құрылыстарына өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Төмен температурада тұтанулатын газдарды немесе отынның өзге түрлерін пайдаланатын кемелерде бункерлеу жөніндегі операциялар Халықаралық теңіз ұйымының MSC 391 (95) қарарымен қабылданған түзетулермен бірге Төмен температурада тұтанулатын газдарды немесе отынның өзге түрлерін пайдаланатын кемелер үшін қауіпсіздік жөніндегі халықаралық кодекстің С-1 бөлігінің 18.4-кіші бөлімінің талаптарына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі – ХГО кодексі).

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-2. Төмен температурада тұтанулатын газдарды немесе отынның өзге түрлерін пайдаланатын кемені бункерлеу жөніндегі кез келген операция басталғанға дейін отын алатын кеменің капитаны және бункерлеушінің өкілі:

      1) салқындатуды және қажет болған жағдайда газ көлемін кеңейтуді, барлық кезеңдерде берудің ең жоғары жылдамдығын және берілетін көлемді қоса алғанда, отынды беру рәсімін жазбаша түрде келіседі;

      2) төтенше жағдайда қолданылуы қажет іс-әрекеттерді жазбаша түрде келіседі;

      3) "Кемелер және теңіз технологиялары. Сұйытылған табиғи газды отын ретінде пайдаланатын кемелерді бункерлеуге қойылатын талаптар" ISO 20519:2017 Халықаралық стандартта көзделген нысан бойынша бункерлеудің қауіпсіздік чек-парағын толтырады және қол қояды.

      Ескерту. Қағида 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-3. Бункерлеу операциялары аяқталғаннан кейін бункерлеушінің өкілі және кеме капитаны ХГО кодексінің C-1 бөлігінде көзделген нысан бойынша отын ретінде сұйытылған табиғи газды жеткізгені үшін бункерлік қолхатты толтырады және оған қол қояды.

      Ескерту. Қағида 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-4. Төмен температурада тұтанулатын газдарды немесе отынның өзге түрлерін пайдаланатын кеменің бортында болуы қажет:

      1) бункерлеуді, отынды сақтауды және отын беру жүйелерінің жұмысын қауіпсіз жүзеге асыру үшін кеме персоналының отынымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық;

      2) техникалық қызмет көрсету рәсімдері және газды пайдалануға байланысты барлық қондырғыларға арналған мәліметтер;

      3) төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар тәртібі;

      4) ХГО кодексінің қағаз немесе электрондық түрдегі көшірмесі.

      Ескерту. Қағида 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-5. Отынмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулыққа ХГО кодексінің С-1 бөлігінің 18.4.2.1-тармағында көзделген ақпарат енгізіледі.

      Ескерту. Қағида 5-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – ПТӘ) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарының бұзылуына байланысты шетел кемесіне қатысты шаралар қолдану жағдайлары туралы уәкілетті органға және шетел кемесі туының әкімшілігіне хабарлайды.

      Ақпаратта:

      1) кеменің атауы;

      2) кеменің орны (координаттары);

      3) кемені күдіктену негізі;

      4) туы және тіркелген порты;

      5) кеменің түрі, көлемі, суға шөгу жағдайы (жүкте немесе балласта);

      6) бағыты және жылдамдылығы;

      7) тастау жүргізілетін кеменің бір бөлігі;

      8) бақылау және құжаттандыру әдісі;

      9) бақылаушылар, бақылаудың уақыты мен күні немесе тануы (болған жағдайда) туралы деректері;

      10) дақ (болған жағдайда) туралы деректер;

      11) өзге де ақпараттар (капитанның түсініктемесі, соңғы кірген порт, кезекті кіретін порт, капитанның және кеме иесінің аты-жөні, кемені шақыру белгісі) қамтылу.

      Ақпарат келесі құжаттармен сүйемелденеді :

      1) сынамаларды алу орны мен уақыты туралы ақпараты, сынамаларды жүргізген зертхана және сынамаларды алған тұлғалардың қолхаты туралы деректерді қоса алғанда, борттан және/немесе судағы дақтан сынамалар алу процедураларына жататын құжаттар;

      2) борттан және/немесе дақтан алынған сынамалардың талдау нәтижелері, талдау әдісінің сипаттамасы, талдау жүргізген зертхана туралы деректер;

      3) іске қатысты кеме құжаттары мен жазбаларының парақтарының көшірмелері;

      4) дақтың фотосуреттері.

      7. 1973 жылғы Қазақстандық кеменің Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі халықаралық конвенцияның 1978 жылғы Хаттамамен өзгертілген түзетулермен бірге (бұдан әрі – МАРПОЛ) талаптарын бұзу фактісі туралы шет мемлекетінен ақпарат және дәлелдемелер алған кезде уәкілетті орган осы кемеге қатысты қабылданған шаралар туралы көрсетілген мемлекетке және Халықаралық теңіз ұйымына (бұдан әрі – Ұйым) хабарлайды.

      8. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында ластану анықталған жағдайда кеме капитаны бұл туралы ПТӘ-ге дереу хабарлайды, ол көрсетілген ақпаратты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органына береді және қажет болған жағдайда жағадағы басқа мемлекетті ластану туралы хабардар етеді.

      9. Кеме капитаны немесе Қазақстан Республикасының аумақтық суларында ластануға алып келетін қандай да бір оқиғаға қатысы бар немесе осындай ластану қауіпін туғызатын кез келген кеме үшін жауап беретін басқа да адам осындай оқиға туралы мәліметті дереу және мүмкіндігінше толық көлемде хабарлайды.

      Хабарлама ПТӘ-ге барынша жылдам және қолжетімді байланыс құралдарының көмегімен барынша шұғыл түрде жіберіледі.

      10. Хабарлама кез келген жағдайда:

      1) жүк контейнерлеріндегі, алмалы-салмалы танктердегі, автомобиль және теміржол көлік құралдарындағы және теңіз баржаларындағы заттарды қоса алғанда, кез келген себеп бойынша және кез келген түрде және қаптамадағы мұнайды, зиянды заттарды және олардың суларын кемеден шығаруға немесе шығарылуы мүмкін жағдайға;

      2) кемені пайдалану барысында жүзеге асырылған, саны немесе жылдам қарқындылығы рұқсат етілген эмиссиялар шегінен асатын мұнайды немесе зиянды сұйық заттарды шығаруға;

      3) соқтығысуды, қайраңға қонуды, өртті, жарылысты, конструкцияның бұзылуын, су басуды және жүктің ығысуын қоса алғанда, кеменің қауіпсіздігіне әсер ететін;

      рульдік механизмнің, күш қондырғысының, электрмен қамтамасыз ету жүйесінің зақымдануын немесе бұзылуын қоса алғанда, теңізде жүзу қауіпсіздігінің нашарлауына және жүзуді қамтамасыз ету үшін басқа кемеге қосымша көмек көрсету қажеттігіне әкеп соғатын ұзындығы 15 метр немесе одан да көп кеменің зақымдануына, сынуына немесе апат болуына алып келетін оқыс оқиға болған жағдайда беріледі.

      11. Хабарлама келесі ақпаратты қамтиды:

      1) кемені сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;

      2) оқыс оқиғаның уақыты, түрі және орны;

      3) оқыс оқиға кезіндегі кеме координаттары;

      4) кеменің бағыты мен жылдамдығы;

      5) оқыс оқиға кезіндегі жел мен теңіздің жай-күйі;

      6) кеменің және экипаждың жай-күйі туралы деректер;

      7) оқыс оқиға ауданында кемелердің болуы;

      8) оқыс оқиғаға қатысы бар зиянды заттың нақты техникалық атауы, негізгі қасиеттері, саны, зияндылық санаты, концентрациясы және типі, буып-түю және таңбалау белгілерінің сипаттамасы;

      9) жүк жөнелтушінің, жүк алушының немесе дайындаушының аты;

      10) көмек көрсету және құтқару жөніндегі шаралар.

      Кеме капитаны қажет болған жағдайда бастапқы хабарламаны толықтырады және кейінгі оқиғалар туралы мәліметтерді береді, сондай-ақ қатысы бар мемлекеттің сұрау салуы бойынша қосымша мәліметтер береді.

      Хабарламаның мазмұны Ұйым Ассамблеясының А 851(20) қарарымен қабылдаған қауіпті жүктері, зиянды заттары және/немесе теңіз ластанушылары болған жағдайда, хабарламалар бойынша басшылықты қоса алғанда, кеме қатынасы жүйелерінің жалпы қағидаттарына сәйкес келуі қажет.

2-тарау. Кемелерден ластануды болдырмау жөніндегі тәртіп

1-параграф. Мұнаймен ластануды болдырмау тәртібі

      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін, жалпы сыйымдылығы кемінде 150 тіркелімдік тонна болатын мұнай танкерлерінде МАРПОЛ I-толықтыруға ІІІ-қосымшаның сәйкес мұнай операцияларының журналын жүргізу қажет;

      13. 1982 жылғы 1 маусымнан кейін салынған 20000 тонна дедвейт шикі мұнайға арналған әрбір танкер, мұнай танкері шикі мұнаймен жууға келмейтін шикі мұнайды тасымалдайтын жағдайлардан басқа, шикі мұнаймен жуу жолымен жүк танктерін тазарту жүйесімен жабдықталады.

      14. Шикі мұнаймен жуу жүйесін (бұдан әрі – ШМЖЖ) пайдаланатын әрбір танкерде Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған немесе шетелдік сыныптау қоғамдарымен танылған осы танкер үшін жуудың жүйесін, жабдықтарын және пайдалану технологиясын егжей-тегжейлі сипаттай отырып, бортта ШМЖЖ жабдықтау және пайдалану жөніндегі нұсқаулық болуы қажет.

      Көрсетілген нұсқаулық Ұйым қабылдаған шикі мұнаймен жуу жүйелерінің конструкциясына, пайдаланылуына және тексеруіне қойылатын техникалық талаптарда жазылған ақпаратты қамтиды. Егер шикі мұнаймен жуу жүйесі өзгеріске ұшыраса, жабдық және пайдалану жөніндегі жаңа нұсқаулық қабылданады.

      15. Барлық танктерді немесе бір бөлігін шикі мұнаймен жуу жүкті ауыстырар алдында танкерді докқа қою алдында жөндеу жүргізу үшін қажет.

      16. Балласты жүк танкілеріне қабылдау қажет болған жағдайда, әрбір балластты рейс алдында жасалатын рейстердің сипатына және күтілетін ауа райы жағдайларына байланысты су балласты алдын ала шикі мұнаймен жуылған жүк танкілеріне ғана қабылдануы үшін жүк танкілерінің жеткілікті саны шикі мұнаймен жуылады.

      17. Кеме капитаны теңіз портының капитанын (немесе басқа кеме капитанын, егер бір кемеден екіншісіне қайта тиеу жүргізілсе) шикі мұнаймен танкті жууды осы операция басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын немесе кез келген басқа келісілген уақытта жүзеге асыру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Шикі мұнаймен жууды жоғарыда аталған адамдармен келіскеннен кейін жүргізу керек.

      18. Болжаммен шикі мұнаймен жуу жүргізілетін портқа келгенге дейін танкті жуу жүйесі әдеттегі жұмыс қысымымен сыналады және ағудың болмауы тұрғысынан қаралалы.

      Сынақтарды жүргізгеннен кейін мұнайдың температуралық ұлғаюынан ағып кету қаупін болдырмау үшін жуу жүйесін кептіру қажет.

      Ағып жатқан жерді жою керек, содан кейін жуу жүйесін қайта сынау қажет және ағатын жердің жоқтығына көз жеткізу керек.

      Шикі мұнаймен жуу кезінде жуу жүйесіне ағып кететін жерін уақтылы анықтау және оны жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тұрақты бақылау жасалады.

      19. Мұнай құю кемелері келетін және кемелерден мұнайды тиеп-түсіру жүзеге асырылатын теңіз порттарында, сондай-ақ кеме жөндеу верфтері немесе танктерді тазалауға арналған құрылыстары бар порттарда Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 болып тіркелген) Теңіз портының міндетті қызметтері тізбесінің 7) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі-теңіз – Теңіз портының міндетті қызметтерінің тізбесі) портқа кіретін барлық кемелердің қажеттіліктері үшін жеткілікті мұнай қалдықтары мен құрамында мұнай бар қоспаларды қабылдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған порттық қабылдау құрылыстары осы кемелердің шамадан тыс бос тұруына әкелместен көзделеді.

      20. Қазақстандық кемеден шетелдік порттағы порт қабылдау құрылыстары МАРПОЛ-ға 1-қосымшаның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган көрсетілген сәйкессіздік туралы Ұйымды хабардар етеді.

      21. Теңізде мұнайды басқа танкерге (бұдан әрі – ККА) кемеден кемеге айдауды жүзеге асыратын, жалпы сыйымдылығы 150 және одан да көп тіркелімдік тонна болатын кез келген мұнай танкерінде ККА бойынша операцияларды жүргізу тәртібін белгілейтін жоспар (бұдан әрі – ККА бойынша операциялар жоспары) болуы қажет. Әрбір мұнай танкерінің ККА бойынша операциялар жоспары кеме қатынасы тіркелімімен немесе шетелдік сыныптау қоғамдарымен танылған. ККА бойынша операциялар жоспары кеменің жұмыс тілінде жасалады.

      22. ККА бойынша операциялар жоспары түзетулері бар Мұнаймен ластануға қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықта және ұйым қабылдаған түзетулері бар Кемеден кемеге мұнай айдау жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратты ескере отырып әзірленеді. ККА жөніндегі операциялар жоспары, егер бұл талап қаралып отырған мұнай танкеріне қолданылатын болса, түзетулері бар 1974 жылғы теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның IX тарауында талап етілетін қауіпсіздікті басқарудың қолданыстағы жүйесіне енгізіледі.

      23. Ұйым қабылдаған Мұнаймен ластануға қарсы күрес жөніндегі нұсқауда және Кемеден кемеге мұнай айдау жөніндегі нұсқауда көрсетілген біліктілікті ескере отырып, ККА бойынша операцияларға жалпы бағдарлы бақылауды жүзеге асыратын адамда тиісті міндеттерді орындау үшін біліктіліктің болуы қажет.

      24. ККА бойынша операциялар туралы тіркелген деректер мұнай операциялары журналында кемеде үш жыл бойы сақталады.

      25. Қазақстан Республикасының аумақтық суларда ККА бойынша операцияларды жүргізуді жоспарлап отырған әрбір мұнай танкері бұл туралы теңіз портының капитанына көрсетілген операцияны жүргізгенге дейін кемінде 48 сағат бұрын хабарлайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. ККА бойынша жоспарланған операциялар туралы хабарлама мыналарды қамтиды:

      1) атауы, туы, шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі және ККА бойынша операцияларға қатысушы мұнай танкерлерінің келу уақыты;

      2) күні, уақыты және ККА бойынша жоспарланған операциялардың басында географиялық орналасуы;

      3) зәкірде немесе жолда тұрған кезде ККА бойынша операциялар жүргізіле ме;

      4) мұнайдың түрі мен мөлшері;

      5) ККА бойынша операциялардың жоспарланған ұзақтығы;

      6) ККА бойынша операцияларды жүргізу үшін көрсетілетін қызметтерді жеткізуші туралы немесе жалпы бағдарлы бақылауды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер және байланыс ақпараты;

      7) мұнай танкерінде ККА бойынша операциялар жоспары бар екенін растау.

      Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген барлық ақпарат берілмеген жағдайда, жүкті түсіретін мұнай танкері теңіз портының капитанына ККА бойынша операция жүргізілгенге дейін кемінде 48 сағат бұрын ККА бойынша операция жүргізілетіндігі туралы хабарлайды және осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ақпарат ККА бойынша операция жүргізілгенге дейін теңіз портының капитанына беріледі.

      27. Егер мұнай танкерінің ККА бойынша операцияларды жүргізу орнына немесе ауданына келуінің есептік уақыты алты сағаттан астам өзгерсе, кеме капитаны, осы мұнай танкерінің меншік иесі немесе агенті теңіз портының капитанына келудің қайта қаралған есептік уақытын береді.

      28. Мұнайды кемеде тиеу немесе орнын ауыстыру, бункерлеу немесе мұнайы бар қоспаларды тапсыру кезінде мынадай шаралар қолданылады:

      1) арқандап байлау кезінде кеме талап етілетін жүктемені көтере алатын жарамды сымарқандармен немесе арқандармен сенімді бекітіледі. Арқандап байлау ұштары үнемі куәландырудан өтуі және кеменің айлақтан немесе айлақтың бойымен кез келген орнын барынша азайту үшін, әсіресе судың біршама көтерілгенде және қайтқан кезде тиісінше созылуы тексерілуі тиіс;

      2) рейдте немесе ашық теңізде екі кеме арасындағы жүк операциялары кезінде арқандап байлау немесе толқында қозғалу кезінде кемелердің зақымдануын болдырмау мақсатында жұмсақ пневматикалық крандарды қолдану қажет. Жүк шлангілері олардың кеме борттарының арасында зақымдану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп ілінеді;

      3) мұнайға немесе мұнайы бар қоспаларға байланысты операциялар басталар алдында, теңізге мұнайдың түсуі мүмкін барлық клапандар тексеріледі, егер клапан пайдаланылмаса, ол пломбалануы тиіс;

      4) операциялар кезінде мұнайдың төгілуін болдырмау үшін мұнай борт сыртына ығыстыруы мүмкін барлық шпигаттар сенімді түрде сөндіріледі. Әртүрлі себептер бойынша палубада жиналатын суды (жаңбыр, қар еритін қар) шпигаттар арқылы кезең-кезеңімен, оларды уақытша аша отырып, алып тастау қажет. Суды алғаннан кейін шпигаттар қайтадан сенімді түрде жабылады;

      5) операциялар басталар алдында және уақытында берілген сұйықтықты қабылдайтын кеме құбырына шлангтарды жалғауды жүргізетін құрылғылардың астында, сондай-ақ тиісті танктердің әуе құбырларының астында қажеттілігіне қарай кептірілетін жеткілікті сыйымдылықтағы тасымалды немесе стационарлық тұғырықтар орнатылады. Шлангілерді және құбырларды дренаждауға арналған құрылғылар жоқ жерлерде олар ажыратылғаннан кейін дереу сөндірілуі тиіс;

      6) төгілген мұнайдың аз мөлшерде жиналуы мүмкін жерлерде мұнайды сіңіретін материалдар (құм немесе сорбенттер) болады. Палубада төгілген мұнай дереу жиналады. Төгілген мұнайды борттың сыртына жууға жол берілмейді;

      7) кеме мен жағалау (бункерлеуші, теңіз терминалы) арасында мұнаймен операциялар жүргізу процесінде сенімді байланыс қамтамасыз етіледі. Байланыс үнемі тексерілуі тиіс. Барлық пайдаланылатын сигналдар операциялар басталғанға дейін анықталады және оның қатысушылары үшін түсінікті болуы тиіс;

      8) ағуды немесе зақымдануды ерте анықтауды қамтамасыз ету үшін шлангілер мен басқа да пайдаланылатын жабдықтар операциялар басталар алдында және операциялар процесінде белгілі бір уақыт аралықтарында тексеріледі. Операциялар кезінде шлангілер нық қосылады және бекітіледі, сондай-ақ кеме мен айлақ арасында немесе кеме түбі мен теңіз платформасының су асты құбыржолдары арасында олардың қысылу мүмкіндігін болдырмауға тексеріледі;

      9) шлангілердің ұзындығы кеменің қалыпты қозғалысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады. Шлангілер рұқсат етілген радиустан аз иілмейді;

      10) шлангты бортқа көтеру әрекеті алдында капитан немесе осы операцияға жауапты басқа командалық құрамның өкілі олардың жалпы салмағы кеме жебесінің немесе шлангты көтеретін кранның жүк көтергіштігінен аспайтынын тексереді;

      11) сыртқы ауаның минустық температурасы кезінде құбырлардың қосылыстарында ылғал сіңіргіш материалдардан жасалған төсемдерді пайдалануға жол берілмейді;

      12) палубаға бункерлеушілер жағынан кеме шығулары жабық болады немесе өтуден кейін дереу жабылады.

      29. Егер ағызуға және құюға арналған жағалау құрылғылары өзінің мақсатына сәйкес келмейтіні және (немесе) қанағаттанғысыз техникалық жай-күйде екендігі анықталса, жағалау персоналы қызмет көрсетпесе не тиісті түрде қызмет көрсетпсе және бұл зиянды заттың төгілуіне әкеп соғуы мүмкін болса, операция орындауға кеме тарапынан жауапты адам бұл туралы жағалау персоналын хабардар етеді. Егер жағалау персоналы шлангілердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамаса, онда кеме капитаны бұл туралы агенттік фирмасының өкілін (шетелдік порттағы операциялар кезінде) немесе порт диспетчерін (қазақстандық порттағы операциялар кезінде) хабардар етуі қажет. Көрсетілген фактілер кеме журналында тіркеледі.

      30. Бункерлеу операциясы (құйылмалы отын мен майларды қабылдау): оны дайындау, өткізу және аяқтау, сондай-ақ бункерлеу операциясы кезеңінде теңіздің ластануын болдырмауға бағытталған шаралар кемедегі барлық бункерлеу операцияларын жеке өзі бақылайтын жауапты адамның (командалық құрам қатарынан арнайы оқытылған экипаж мүшесінің) тікелей басшылығымен орындалады. Бункер жеткізушісінде тиісті жауапты адам болуы қажет. Бұл адамдар арасында барлық бункерлеу операциялары барысында үнемі байланыс сақталады.

      31. Алдағы рейске тапсырма алғаннан кейін отын мен майды қабылдауға жауапты адам бункерлеудің технологиялық картасын жасайды. Технологиялық картаны кеме капитаны бекітеді.

      32. Әрбір кемеде осы операцияларға қатысушы экипаж мүшелерінің функцияларын көрсете отырып, бункерлік операцияларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық болады.

      33. Мұндай нұсқаулық мыналарды қамтиды:

      1) кемеде бункерлеу операцияларын орындауға арналған құбырлар жүйелерінің, жабдықтар мен құрылғылардың сипаттамасы:

      құбырлардың және клапандардың, сорғылардың, басқару мен бақылау аспаптары мен құрылғыларының, желдеткіш, газ бұру, құю құбырларының орналасу схемалары;

      құбырдың әртүрлі бөліктерін ажырату және оларды пайдалану бойынша әрекет ету тәртібі үшін, операцияны шұғыл тоқтатуға арналған клапанның немесе басқа құрылғының орналасқан жері;

      2) жауапты адамның функциялары;

      3) операцияларды орындау кезіндегі экипаждың вахталық мүшелерінің құрамы мен функциялары;

      4) вахтадан басқа, операцияларды орындау жөніндегі жұмыстарға тартылатын экипаждың әрбір мүшесінің функциялары;

      5) ластануды болдырмау жөніндегі іс-шараларды ескере отырып, кемені, оның жүйелерін, жабдықтары мен құрылғыларын алдағы бункерлеу операцияларына дайындау тәртібі;

      6) іс-шараларды бастау, өткізу және аяқтау тәртібі, танктерді толтыру реті;

      7) бункерлеу операциясы кезінде орын алуы мүмкін төгілуді оқшаулау үшін құралдарды қолдану тәртібі және сипаттамасы;

      8) порттық сулардың отынмен немесе маймен ластануы туралы хабарлау тәртібі;

      9) бункерлеу операциялары кезеңінде теңіздің ластануын болдырмауға ықпал ететін басқа да ақпараттық материалдар, нұсқаулар, ұсынымдар.

      34. Мұнайдың төгілуін болдырмау үшін қолайсыз ауа-райы кезінде (теңіз толқуы және жел) рейдте бункерлеу операцияларына жол берілмейді. Рейдте бункерлеу операцияларын жүргізуге теңіз портының капитанынан рұқсат болуы қажет. Бункерлеу операциясын жүргізу мүмкіндігін ауа-райының нақты жағдайына байланысты бункерлеуші және бункерленетін кемелердің капитандары анықтайды.

      35. Бункерлеуді ақаулар табылған кезде қабылдауды тоқтату мүмкіндігі мақсатында жүктеменің ең төменгі қарқынында бастау қажет. Белгіленген цистерналарға отынның (майдың) түсуін және шланг қосылыстарында ағудың болмауын тексергеннен кейін бункерлеудің қарқындылығы номиналды деңгейге жеткізілуі мүмкін. Қабылдау барысында кеме құбырына кіретін қысымды үнемі бақылау қажет.

      36. Мұнаймен ластанудың мүмкіндігі бар операцияларға қатысатын жауапты адам және оған бағынысты персонал ластануды болдырмау және мұнайдың төгілуіне қарсы күрес әдістері мен тәсілдеріне оқытылуы қажет. Осы мәселе бойынша дағдылар мен білімдер кемеде әзірленген төтенше шаралар жоспарына сәйкес жүргізілетін жоспарлы жаттығулар кезінде пысықталады.

      37. Вахтаға немесе кезекшілікке түсетін капитанның көмекшісі жауапты адамнан операцияларды орындаудың жоспарланған реттілігі туралы және осы жоспардың нақты орындалуы туралы, операцияны одан әрі орындау жөніндегі қолда бар қосымша нұсқаулар мен шешімдер туралы, операцияға қатысатын экипаж мүшелерін орналастыру туралы және олар алған нұсқаудың көлемі туралы және мұнайды беруші немесе қабылдаушы объектінің жауапты адамдарымен, операцияны шұғыл тоқтату бекеттерімен байланысты қолдау тәсілдері туралы толық ақпарат алады.

      38. Рейс кезінде жүкті айдау жағдайында мұнайдың теңізге түсуін болдырмау үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:

      1) пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес рейс кезінде жабылатын кингстондар мен клинкеттердің тығыз жабылуын тексеру;

      2) жүк құбыры мен кингстон магистралі арасындағы борт сыртындағы құю клапандары мен бөлінген клинкеттерін тығыз жабу;

      3) егер жүкті айдау үшін палубалық жүк құбыры пайдаланылмаса, онда ондағы қабылдау-құю келтеқұбырларын бітеу, ал клинкеттерді тығыз жабу қажет;

      4) осы тармақтың 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген клинкеттердің маховиктерінде жүкті айдау уақытында "ашуға болмайды!" деген ескерту тақтайшаларын ілу;

      5) палубаға төгілген мұнайдың борт сыртына ағуын болдырмау үшін барлық палубалы шпигаттарды тығындармен сенімді жабу;

      6) жүкті қайта айдау алдында жүкті қайта айдау процесіне енгізілмеген танктердегі жүк және тазарту құбырларының қабылдау келте құбырларындағы клинкеттерді тығыз жабу;

      7) мұнай айдауды сорғының ағыны аз кезде бастау. Жүктің дұрыс түсуін тексергеннен кейін сорғының ағыны номиналды деңгейге жеткізілуі мүмкін;

      8) газды бұру жүйесіндегі тыныс алу клапандарын (қысым-вакуум) мұнайды айдау кезінде ашық ұстау, ал егер танкідегі жүк деңгейі қуысты өлшеумен анықталса, онда қарау люктерін ашу;

      9) толтырылып жатқан танктердегі жүктің деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу;

      10) айдау кезінде танкердің айналасындағы су бетіне және кильватерлік ағыс ауданындағы су бетіне тұрақты бақылау орнату.

      39. Жүкті қайта айдау Кеменің жауапты тұлғасының бақылауымен жүргізіледі. Жүкті айдау кезінде танктердегі жүк деңгейін бақылау және танкердің айналасындағы су бетін бақылау үшін экипаж мүшелерінің қажетті санын тарту керек.

      40. Әрбір қызмет көрсететін жағалау құралының аумағында мынадай талаптарды қанағаттандыратын жағалау операцияларын басқару бекеті болуы қажет:

      1) жабдықтар мен персоналды жаңбырдан, желден, қардан, теңіз суынан және шлангілер бүлінген жағдайда, мұнайдан сенімді қорғау;

      2) айлаққа, жүк шлангтерінің жағдайына және танкердің орын ауыстыруына жақсы шолу жасауды қамтамасыз ету.

      41. Әрбір жағалау құрылысы айлақта және кемеде жауапты адамдар арасындағы екі жақты дауыстық байланысты қамтамасыз ететін телефон немесе радиобайланыспен жабдықталады. Байланыс екеуіне де түсінікті тілде жүзеге асырылады.

      42. Әрбір жағалау құрылысы мұнайды сақтау үшін пайдаланылатын сыйымдылықтармен операциялар жүргізетін адамдармен бірге екіжақты байланыспен жабдықталады. Бұл байланыс айдау процесінің сипаттамасын тексеру, апатты жағдайда, оларды тез өзгерту және сорғыларды дереу тоқтату үшін қажет.

      43. Әрбір жағалау құрылысы мұнайды қайта айдауды тоқтатуға қабілетті тиісті жеке бөлу құрылғысымен жабдықталады. Бұл құрылғының қосқышы терминал мен танкер персоналы үшін жақсы көрінетін, нашар көріну кезеңінде жарықтандырылған жерде, оңай қолжетімді болуы қажет.

      44. Мұнай танкері мұнай айдауды тоқтату үшін кеме бортындағы жауапты тұлға үшін қолжетімді ұқсас ажыратқыш сөндіргішпен жабдықталады. Мұндай ажыратқыш, егер ол орнатылған болса, жағалау құрылысымен электр, пневматикалық немесе механикалық тәсілмен жалғанады.

      45. Мұнай танкері мен терминал арасында жүргізілген ақпарат алмасу негізінде алдағы операциялардың бірлескен жоспары әзірленеді. Бұл жоспар тексеру парағы түрінде дайындалады және кеме мен терминалдың жауапты адамдары қол қояды. Онда мыналар көрсетіледі:

      1) операцияларды қауіпсіз жүргізу үшін танкер мен айлақ персоналының жеткіліктілігі;

      2) арқандап байлау құрылғылары;

      3) операциялар барысында күтілетін кеменің ең жоғары және ең аз шөгуі;

      4) айлақ пен танкер арасында қауіпсіз және қолжетімді өтпе жолдың болуы;

      5) танктерді тиеу (түсіру) кезектілігі;

      6) шланг құрылғысының, шлангалардың жарамдылығын, олардың орналасуын, шлангқа төсемелердің, тартпалардың болуын тексеру;

      7) танкерде және терминалда жауапты адамдар арасында сенімді байланыстың болуы;

      8) танкерде және терминалда жауапты адамдар арасында келісілген сигналдар мен командаларды нақты орнату;

      9) кемедегі балласт пен қалдықтардың орналасуы мен саны, егер қажет болса, оларды беру;

      10) тиеу немесе түсіру үшін белгіленген кеме құбыржолдары;

      11) шланг құрылғыларының элементтерінің, шлангілер мен фланецтердің тиісті қосылуын қамтамасыз ету;

      12) жұмыс орындары мен жабдықтарын қажетті жарықтандыруды қамтамасыз ету;

      13) жүк сорғы бөлімшесіндегі кингстондарды, борт сыртындағы клапандарды және жүк құбыры мен кингстон магистралі арасындағы секіру клинкеттерін қысу және пломбалау;

      14) клинкеттерді жабу тығыздығын көрсететін бақылау құрылғысын (ол болған кезде мұнай жүгін теңізден бөлетін қосарланған секциялы клинкеттер арасында) жұмыс жағдайына келтіру;

      15) кеме журналында жүк сорғы бөлімшесінің кингстондарына және борт сыртындағы құю клапандарына пломбалар салу фактісін бекіту;

      16) тиелетін (түсірілетін) жүктің (жүктердің) саны мен сипаттамалары;

      17) мұнаймен жүк операцияларын жүзеге асыруға жол берілетін жүк магистраліндегі ең жоғары қысым;

      18) тиеу немесе түсіру қарқындылығы (бастапқы, ең жоғарғы, бір құбырдан екіншісіне ауысу кезінде және аяқталған кезде);

      19) кеме және жағалау сағаттарын салыстырып тексеруді жүргізу;

      20) танкілермен жүк операциялары кезінде беруді бастау, тоқтату және қарқындылығын өзгерту үшін жағалау құрылыстарына қажетті уақыт;

      21) жағалау құрылыстарына жағалау ысырмасын жабу үшін қажетті уақыт ішінде кемеге түсетін жүктің саны;

      22) мұнай базасынан кемеге дейінгі құбырдың ұзындығы мен диаметрі;

      23) кемеге жағалау сорғыларын қосу мен ажыратудың және бір жағалау сыйымдылығынан екіншісіне ауысудың барлық сәттері туралы хабарлау қажеттілігі;

      24) егер шикі мұнаймен жуу жүргізілетін болса, оның реті;

      25) жүк танктерін желдетудің және инертизациялаудың болжамды әдісін жүргізу жүйелілігі;

      26) мұнай төгілген жағдайда іс-қимылдарды келісу;

      27) авариялық жағдайларда мұнай айдауды жылдам тоқтату үшін төтенше әрекеттерді орындау тәртібі;

      28) барлық қажетті тұғырларды тиісті түрде орнатуды және оларды құрғатуды қамтамасыз ету;

      29) шағын төгілуді тез арада жинау және жою үшін қажетті материалдардың болуы;

      30) қысымның артуының сигналдық құрылғысының және кесетін құрылғылардың жарамды жұмысы;

      31) теңізге мұнайдың түсуі мүмкін жүк палубасындағы барлық шпигаттарды өткізбейтін тығындармен немесе бітеуіштермен жабу (атмосфералық жауын-шашын кезінде палубада жиналатын су мезгіл-мезгіл түсіріледі, содан кейін шпигаттар қайтадан жабылады);

      32) жүк операциялары кезінде пайдаланылмайтын палубалық жүк және тазарту құбыржолдарының келтеқұбырларын бітеу;

      33) жүк және тазарту құбырларының, танкердің газ шығару жүйесінің (қысым-вакуум), клапандарды қашықтықтан басқару жүйесінің және танкідегі жүк деңгейін өлшеу құрылғыларының жүк операцияларына дайындығы;

      34) жүк сорғы бөлімшесінде, палубада және жүк танкілерінде клапандардың ашылу және жабылу дұрыстығы;

      35) жүк операцияларында пайдаланылмайтын жүк және тазарту құбырларының учаскелерін жабық клапандармен ажырату және осы клапандардың маховиктерінде "ашуға болмайды!" - деген жазуы бар ескерту тақтайшаларын орнату;

      36) жүк операцияларын жүргізу кезінде жауапты адамдар танкерден және жағалаудан және олар орналасқан жерден жүк операцияларының жүргізілуіне.

      46. Операциялар басталар алдында танкер мен жағалау құрылысының жауапты адамдары осы Қағидалардың 45-тармағында келтірілген тексеру парағының ережелерін тексеруді жүргізеді.

      47. Қосылыстар мен шлангілердің ықтимал ағуын, суда мұнай іздерінің болмауын анықтау мақсатында, сондай-ақ артық қысым болмаған кезде қажетті танкті толтыру үшін Жоспарда көзделген құбыржолдардың іске қосылуының дұрыстығын тексеру мақсатында жүк операцияларын бастау беру (ағызу) қарқындылығы барынша төмен болған кезде жүргізіледі. Тек осы тексеруден кейін ғана беру қарқындылығы жедел жоспарда белгіленген жоғары қарқындылыққа дейін ұлғайтылуы мүмкін.

      48. Жағалаудағы және танкердегі жауапты адамдар:

      1) ағудың болмауына жабдықтар мен жүйелерді, сондай-ақ танкердің және оның борттарының айналасындағы судың бетін, әсіресе, мұнай іздерінің жоқтығына жүк сорғы бөлімшесінің кингстондары ауданын;

      2) қандай да бір ағудың болмауына борт сыртындағы суды ағызуға арналған тесіктерді;

      3) ағудың болмауына тиеуге жатпайтын сорғы бөлімшесін, кофердамдарды немесе танктерді;

      4) артық қысымның жоқтығына құбыр және шлангілерді;

      5) арқандап байлаудың сенімділігін;

      6) жүк шлангының орналасуын;

      7) танктің толтыру деңгейін және жағалаудан алынған деректермен салыстырылатын тиелген мұнайдың мөлшерін;

      8) байланыс жүйесін жиі тексереді.

      49. Жүк операциялары мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) кеменің орнын ауыстыру терминал жұмысы үшін рұқсат етілген параметрлерден асып түссе;

      2) дауылды ескерту алса;

      3) негізгі байланыс жүйесінде айлақ пен жағалау құрылыстары арасында немесе айлақ пен мұнай танкері арасында ақау пайда болғанда және басқа тұрақты байланыс жоқ болса;

      4) су бетінде мұнай іздері байқалса;

      5) от немесе оның пайда болу қаупі анықталса;

      6) жарықта ақаудың пайда болуы немесе айлақтың жарығы әлсіз болса;

      7) мұнай танкерінің құбыршектерінен, қосылыстары мен құбыр жолдарынан немесе палубалық құбыр жолдарынан мұнайдың аққаны анықталса;

      8) тиелген және қабылданған мұнай көлеміндегі түсініксіз елеулі айырмашылық анықталса;

      9) жүк магистраліндегі қысымның түсініксіз төмендеуі пайда болса;

      10) танктің шамадан тыс толуынан туындаған мұнай танкері палубасында мұнай пайда болса;

      11) мұнайдың төгілуіне қауіп төндіретін зақым немесе авария анықталса;

      12) найзағай разрядтары кезінде.

      50. Жүк операциялары тоқтауды туғызған себептер жойылғаннан кейін ғана қайта басталады.

      51. Кеме капитандары қабылдау құрылыстарының операторынан, оның ішінде баржалар мен автоцистерналардан айдалған жуу суының, лас балласттың, қалдықтардың немесе құрамында мұнай бар қоспалардың саны, сондай-ақ айдау уақыты мен күні көрсетілген қолхат немесе куәлік алады. Қолхат немесе куәлік мұнай операциялары журналымен бірге сақталады.

2-параграф. Құйылмалы тасымалданатын зиянды заттармен ластануды болдырмау тәртібі

      52. Мұнай болып табылмайтын химиялық танкерлерде құйылып тасымалданатын зиянды сұйық заттар МАРПОЛДЫҢ II қосымшасына сәйкес санаттарға бөлінеді.

      53. Химиялық тасушы танкерлерде тек Ұйымның Теңіз ортасын қорғау жөніндегі комитетінің МЕРС 119 (52) қарарымен қабылданған түзетулермен бірге Қауіпті химиялық жүктерді құйып тасымалдайтын кемелерді жасау мен жабдықтаудың халықаралық кодексінде (бұдан әрі – ХКХ кодексі) көрсетілген зиянды сұйық заттарды құйып тасымалдауға рұқсат етіледі не оларды тасымалдауға қатысатын елдер арасындағы келісім бойынша МАРПОЛ II Қосымшасына сәйкес олардың зияндылық санатына уақытша баға берілді.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Кеменің конструкциясы, оның жабдықтары, кемеден теңіздің зиянды сұйық заттармен ластануын болдырмауға арналған құрылғылары мен жүйелері МАРПОЛ-дың II қосымшасының талаптарына сәйкес болуы қажет.

      55. ХКХ кодексінде көрсетілген зиянды сұйық заттарды құйып тасымалдауға жол берілетін кемелерді жобалау, конструкция, жабдық, жүйелер, құрылғылар, материалдар және пайдалану осындай заттардың теңізге бақылаусыз тасталуының ең аз мөлшеріне мәліметтер үшін МАРПОЛ II Қосымшаның, сондай-ақ ХКХ кодексінің және Ұйымның Теңіз ортасын қорғау жөніндегі комитетінің МЕРС.20(22) қарарымен қабылданған түзетулермен бірге Қауіпті химиялық жүктерді құйып тасымалдайтын кемелерді жасау және жабдықтау кодексінің талаптарына сәйкес кемені жасауға келісімшарт жасалған күнге және жасау күніне байланысты келуі қажет.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 26.01.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Кеме капитанының сұратуы бойынша ПТӘ алдын ала жууды талаптан алып тастауды ұсына алады, егер ол:

      1) түсіру жүргізілген танк алдыңғы затпен немесе алдыңғы затпен үйлесімді басқа затпен қайта жүктелетініне және тиер алдында танкті жуу немесе балластау жүргізілмейтініне көз жеткізсе;

      2) теңізде тиелген танкті жуу немесе балластау жүргізілмейтініне көз жеткізсе. Алдын ала жуу басқа портта қабылдау құрылысының бар екендігі және осындай мақсат үшін жарамды екендігі жазбаша түрде расталған жағдайда жүргізілсе;

      3) жүктің қалдықтары кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған немесе МАРПОЛ-дың II қосымшасына сәйкес шетелдік сыныптау қоғамдары таныған желдету әдісімен жойылғанына көз жеткізсе ғана ұсына алады.

      57. Құйылатын зиянды сұйық заттарды тасымалдауға куәлік берілген жалпы сыйымдылығы 150 және одан да көп тіркелімдік тонна әрбір кеме бортында кеме қатынасы тіркелімімен немесе шетелдік сыныптау қоғамдарымен танылған теңіздің зиянды сұйық заттармен ластануына қарсы күрес жөніндегі төтенше шаралар жоспары болады.

      58. Жоспар МЕРС қарарымен ұйымның теңіз ортасын қорғау жөніндегі комитеті қабылдаған түзетулері бар Теңіздің мұнаймен және/немесе зиянды сұйық заттармен ластануына қарсы күрес жөніндегі төтенше шаралардың кеме жоспарларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жасалады. Немесе капитанға және командалық құрамның адамдарына түсінікті тілдерде жазбаша түрде беріледі.

      59. Заттарды тасымалдауға жол берілетін әрбір кемеде кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған немесе шетелдік сыныптау қоғамдарымен танылған әдістер мен құрылғылар бойынша нұсқаулығы болады.

      60. Көрсетілген нұсқаулық МАРПОЛ-дың II қосымшасының 4-толықтыруына сәйкес стандартты форматқа ие. Қолданылатын тіл ағылшын, испан немесе француз болып табылмайтын, халықаралық рейстерді орындайтын кемеге қатысты мәтін осы тілдердің біріне аударманы қамтиды.

      61. Әдістер мен құрылғылар жөніндегі басшылықтың басты мақсаты кеменің командалық құрамының адамдарына жүкті өңдеуге, танктерді тазалауға, тұндырғымен жұмыс істеуге, сондай-ақ МАРПОЛ-дың II қосымшасының талаптарына сәйкес келу үшін орындалатын жүк танктерін балластау мен дебалластауға қатысты физикалық құрылғылар және барлық пайдалану рәсімдері туралы мәліметтерді беру болып табылады.

      62. Теңіз портының міндетті қызметтері тізбесінің 7-тармақшасына сәйкес зиянды сұйық заттарды құюмен тасымалдауды жүзеге асыратын кемелер келетін теңіз порттары мен терминалдарында портқа кіретін барлық кемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті, құрамында зиянды сұйық заттардың қалдықтары бар қалдықтар мен қоспаларды қабылдауға арналған порттық қабылдау құрылыстары көзделеді және ол осы кемелердің шамадан тыс босқа тұрып қалуына әкеп соқпауы қажет.

      63. Жүкті түсіруге арналған терминалдар осы терминалдарда зиянды сұйық заттарды түсіретін кемелердің жүк танктерін тазалауды жеңілдететін құрылғылармен жабдықталады. Кемелерден түсірілетін зиянды сұйық заттары бар жүк шлангілері мен терминал құбыржолдары осы заттардың кемеге кері ағуына жол бермейді.

      64. Қазақстандық кемеден шетелдік порттағы порттық қабылдау құрылыстарының МАРПОЛЫН-дың II қосымшаның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген сәйкессіздік туралы Ұйымды хабардар етеді.

      65. Химиялық заттарды тасығыш танкерлердегі жүк және балласттық операцияларға қатысатын, сондай-ақ рейс кезінде оларға тасымалданатын сұйық зиянды заттарды қадағалауды жүзеге асыратын экипаж мүшелері:

      1) жүк танкілерінің құрылғысын;

      2) жүк және тазарту жүйелерінің құрылғысын;

      3) кеменің алдыңғы жақтағы бөлімшелерінің, коффердамдардың, құбырларға арналған туннельдердің орналасуын;

      4) қарапайым және апаттық жағдайларда желдету жүйесін пайдалану тәртібін қоса алғанда, алдыңғы жақтағы бөлімшелердің желдеткіш құрылғысын;

      5) газ бұру жүйесінде автоматты клапандардың орналасу орны және оларды жүк және балласт операциялары кезеңінде және теңіз бен химиялық танкер өткелдерінде пайдалану тәртібін;

      6) өлшеу құрылғыларының орналасқан жері және танкідегі жүктің деңгейін анықтау үшін олармен жұмыс істеу тәртібін;

      7) газдардың (будың) пайда болуы туралы немесе палубаларда немесе кеме үй-жайларында зиянды заттардың газдармен (бумен) газдану нормасының артуы туралы сигнал беретін аппаратураның орналасу орнын және осы аппаратураның іске қосылуы кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуі тиіс.

      66. Тиеуді бастамас бұрын химиялық танкер капитаны жүк жөнелтушіден құю арқылы жүк ретінде тасымалдауға жататын зиянды зат туралы, оның ішінде атауы, тығыздығы, тұтану температурасы, жарылу шегі, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен теңіздің тірі ресурстары үшін заттың зияндылық санаты туралы ақпарат алады.

      67. Жүкті тиеу кеме капитаны бекіткен жүк жоспарына сәйкес тасымалдаудың технологиялық картасы бойынша жүргізіледі. Технологиялық картада жүктің қандай магистральдар бойынша қабылданатыны, жүк клапандарын ашу және жабу кезектілігі, жүк танктерінде қандай бос орындар қалдыру қажеттігі көрсетіледі. Технологиялық картамен жүк операцияларын орындаумен тікелей айналысатын кеме персоналын таныстыру қажет.

      68. Барлық экипаж тиеу көзделген зиянды заттың қасиеттерімен алдын ала танысуы қажет, зиянды зат туралы қысқаша ақпаратты кез келген уақытта экипаждың әрбір мүшесі оқи алатындай жерде кемеде іліп қою керек.

      69. Тиеу процесінде жүк танкілерінің люктері, қарау көзшелері, жуу машиналарына арналған мойындар арқылы жүк палубасына зиянды заттардың булары шығарылмайды.

      Егер химиялық танкер газ бұру жүйесінің автоматты клапандарымен (қысым-вакуум) жабдықталса, онда олардың жұмысын үнемі тексеру қажет.

      70. Химиялық танкер портқа келгенге дейін капитан порт билігінен кеме тапсыруды қажет ететін жүк ретінде танкерде тасымалданатын лас балласты, жуу суын, өзге де қоспалар мен зиянды сұйық заттардың қалдықтарын кемеден қабылдау мүмкіндігі туралы растама алады.

      71. Одан кейін тасталатын қосымша балласты қабылдау үшін зиянды заттарды тасымалдағаннан кейін танктерді жуу немесе танктерді тазалау қажет болған жағдайда осы жууды МАРПОЛ-дың II қосымшасының 8-Ережесіне сәйкес жүргізу қажет.

      72. Әсіресе кәсіптік кемелер болған жағдайда, зиянды заттарды авариялық шығару ауданында кеме капитанына магнитофондық таспаға растау жазбасы бар халықаралық шақыру арнасында ашық мәтінмен эфирге ескерту түрінде хабарлауы және Халықаралық сигналдар жинағы бойынша тиісті сигналдарды беруі қажет.

3-параграф. Теңізбен тасымалданатын қаптамадағы зиянды заттармен ластануды болдырмау тәртібі

      73. №122(75) MSC Ұйымның теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі комитеті қарарымен қабылданған түзетулері бар қауіпті жүктерді теңіз арқылы тасымалдаудың халықаралық кодексінде (бұдан әрі – ҚЖТТХК) теңіз ластаушылары ретінде айқындалған немесе МАРПОЛ-дың III қосымшасында көрсетілген өлшемшарттарға жауап беретін заттар ораммен тасымалданатын зиянды заттар болып табылады.

      74. Қаптама ҚЖТТХК-да зиянды заттар үшін көрсетілген жүк сыйымдылықтарының нысаны ретінде анықталады. Тасымалдау кезінде және порттардағы қайта тиеу жұмыстары процесінде теңіз ортасының ластану қаупін болдырмау үшін орам тасымалдау шарттарына және ондағы зиянды заттың қасиеттеріне сәйкес келуі қажет.

      75. Зиянды заты бар қаптамалар зиянды заттың дұрыс техникалық атауы бар ұзақ мерзімді берік таңбамен таңбаланады немесе ҚЖТТХК тиісті ережелеріне сәйкес зат зиянды зат болып табылатынын көрсететін ұзақ мерзімді берік жапсырмамен жабдықталады. Таңбалау теңіз ортасының әсеріне кемінде үш ай бойы төзімді бояулармен МАРПОЛ II қосымшасының талаптарына сәйкес келеді.

      76. Зиянды зат бар қаптамаларды таңбалау немесе жапсырмалармен жабдықтау әдісі ҚЖТТХК тиісті ережелеріне жауап беруі қажет.

      77. Сондай-ақ зиянды заттарды тасымалдауға қатысты ақпарат ҚЖТТХК тиісті ережелеріне жауап береді және тексеру шеңберінде теңіз портының капитанына беріледі.

      78. Кеменің және борттағы адамдардың қауіпсіздігін нашарлатпай, теңіз ортасына қауіп төндірмеу мақсатында зиянды заттар ҚЖТТХК ережесіне сәйкес орналастырылады және бекітіледі.

      79. Киль 1990 жылғы 31 желтоқсанда немесе осы күннен кейін салынған кемелер құрамында мұнайы бар жауын-шашынға арналған танктер болуы мүмкін күш қондырғыларынан ағып кетуді, ағуды және пайдаланылған майды жинау үшін жеткілікті сыйымды танкілермен жарақтандырылады.

      80. Бұрын зиянды заттарды тасымалдау үшін пайдаланылған бос сыйымдылықтарды, жүк контейнерлерін, алмалы-салмалы танктерді, егер оларда теңіз ортасы үшін қауіп төндіретін қандай да бір қалдықты қамтамасыз ететін тиісті сақтық шаралары қабылданбаса, ластану көзі ретінде қарастыру керек.

      81. Кеме капитаны немесе аға көмекші қаптамада және үюмен зиянды заттарды тиеу алдында экипаж мүшелеріне осы заттардың қасиеттері, теңіздің және адамның тірі ресурстары үшін олардың зияндылық дәрежесі туралы нұсқау береді.

      82. Буып-түйілген зиянды заттарды кеме трюміне тиеу немесе трюмдерден түсіру бұл үшін кеме капитаны арнайы тағайындаған жауапты адамның тікелей бақылауымен жүргізіледі.

      83. Теңізде тасымалдау кезінде қаптамадағы және ақтарылған зиянды заттар олардың теңізге кездейсоқ түсуінің алдын алатындай етіп орналастырылады.

      84. Зиянды заттармен жүк операциялары теңіз порттарында арнайы өндірістік қайта тиеу кешендерінде немесе өндіріс процесінде тиеу-түсіру жұмыстарының талаптарын орындау шартымен әмбебап мақсаттағы қайта тиеу кешендерінде жүзеге асырылады.

      Қаптамада тасымалданатын зиянды заттарды тиеу,түсіру және сұрыптау порттың құзыретті өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      85. Зиянды заттарды тиеу және түсіру осы заттардың сипаттамалары мен қасиеттеріне сәйкес порт әзірлеген технологиялық жұмыс карталары бойынша жүргізіледі.

      86. Кемелердің палубасында тасымалданатын зиянды заттары бар жүк орындары олардың палуба бойынша қозғалу және қолайсыз гидрометеорологиялық жүзу жағдайларында теңізде тастау мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналастырылады және бекітіледі, сондай-ақ теңіз суы мен атмосфералық жауын-шашынның әсерінен жақсы қорғалады.

      87. Орамдағы зиянды заттармен жүк операциялары кезінде ыдыстың бұзылуын және осыған байланысты теңіздің ластануын болдырмайтын барлық шаралар қолданылады.

      88. Қаптамада және үйінді зиянды заттармен тиелген трюмге кіруге және онда зиянды булар мен газдардың концентрациясы белгіленген қауіпсіз нормалардан аспаған жағдайда ғана, жұмыс жүргізуге болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл жүк-жайлар мұқият вентиляцияланады немесе желдетіледі. Булар мен газдардың қауіпті шоғырлануы кезінде аса қажет болған жағдайда трюмге кіруге арнайы сақтық шараларын сақтаған кезде жол беріледі. Қауіпті болып табылатын зиянды заттар тиелген трюмдерде жүк жұмыстарын жүргізу қағидасы ҚЖТТХК регламенттеледі.

      89. Қаптамада тасымалданатын зиянды заттармен жұмыс басталар алдында ыдыстың бүтіндігіне және олардың шашылуы немесе төгілмеуіне көз жеткізу қажет.

      90. Атқару жүк жоспарында кемеге тиеу аяқталғаннан кейін кемеде зиянды заттардың орналасуы нақты көрсетіледі. Жүк жоспарының көшірмесі осы зиянды заттарды межелі порттарда түсіргенге дейін портта сақталады.

      91. Қаптамада және үйінді зиянды заттарды тасымалдайтын кеме капитаны тасымалдау регламентіне сәйкес бортта болған барлық уақыт ішінде жүкті қаптаудың, салудың және бекітудің жай-күйін, жүк-жайларындағы газдылықты және температураны (егер зат өздігінен қыздыру қасиеттеріне ие болса және газдар мен булардың қауіпті шоғырлануының пайда болуы) бақылауды қамтамасыз етеді.

      92. Рейс кезінде палубадағы қаптамада тасымалданатын зиянды заттарға назар аударылады. Қаптаманың зақымдануы анықталған кезде теңізде зиянды заттардың шығарылуын болдырмайтын шаралар қабылдау қажет, ол үшін палубалық шпигаттарды дереу жабу және төгілген немесе төгілген зиянды заттарды жинауға кірісу керек. Зиянды затпен ластанған ыдыстар, палуба, аралықтар және басқа да су үсті зиянды заттардан зиянды заттарды тиеу алдында жүк жөнелтуші кемеге берген нұсқаулықта көрсетілген әдістермен және құралдармен тазартылады.

      93. Зиянды заттар тасымалданатын трюмдерді құрғату құбырларын кесіп өтетін клапандар жабылады, қысылады және пломбаланады.

      94. Зиянды заттар тасымалданатын жүк трюмдерінен лас суларды әрбір сорғызуға жататын лас суларда зиянды заттардың болмауын анықтау мәніне талдау жүргізгеннен кейін кеме капитанының келісімімен және рұқсатымен жүргізіледі.

      Кеме жағдайында лас сулардан сынамалар алу және олардың құрамында зиянды заттардың болу мәніне талдау жүргізу әдістемесі, сондай-ақ қажетті жабдықтар мен препараттар жүк жөнелтуші тиеу портындағы кеме капитанына беріледі.

      95. Кемеде орамда және үйіп тасымалданған зиянды заттармен жүк операциялары аяқталғаннан кейін трюмдер мен палубалар зиянды заттардың қалдықтарынан мұқият тазартылады, ал қажет болған жағдайда газсыздандырылады.

      96. Кеменің трюмінде шашылған немесе төгілген, сондай-ақ үюмен тасымалдаған соң құрғақ тазартудан кейін зиянды заттардың аздаған мөлшері жеке ыдысқа жиналады, ал қалдықтар – лас суларға немесе құдыққа жуылады, содан кейін құрама цистернаға ағызылады.

      97. Құрама цистернаны тек суда жақсы еритін, цистерна дайындалған материалмен әсер етпейтін сұйық немесе қатты заттарды араластыру үшін пайдалануға болады.

      98. Кемеде трюм зығырынан немесе құдықтардан құрамаға ерітіндіні айдауды қамтамасыз ететін автоматты жүйе көзделеді.

      99. Барлық басқа жүйелерден қайтарылмайтын-тиекті клапандармен ажыратылған жүйені пайдалануға жол беріледі.

      100. Егер цистернаның ауа немесе өлшеу құбырлары тұрғын және қызметтік үй-жайлар ауданында шығатын болса, зиянды немесе тез тұтанатын газдар немесе булар бөлетін зиянды заттарды араластыру үшін құрама цистернаны пайдалануға жол берілмейді.

      101. Аса зиянды заттармен жұмыс істеуге арналған сорғылар, ауа құбырлары, сынамаларды алуға арналған тесіктер ҚЖТТХК талаптарына сәйкес тиісті ескерту белгілері мен жазулары бар тақтайшалармен жабдықталады.

      102. Зиянды заттарды өңдегеннен кейін құрама цистерна, құбыр жүйесі, сорғылар және басқа да құрылғылар мұқият жуылады, ал егер қажет болса, онда газсыздандырылады.

      103. Егер өлшеу қолмен жүргізілсе және зиянды зат қауіпті жүктерге жататын болса, онда өлшеу өңделетін зат үшін ҚЖТТХК талап етілетін қорғаныс құралдарын пайдаланылады.

      104. Ыдыстарға зиянды заттардың әртүрлі қалдықтары мен қоспаларын, сондай-ақ құрамында зиянды заттар бар балласты және жуу суларын жинау кезінде заттардың өзара әрекеттесуі, сондай-ақ сыйымдылық материалымен қауіпті әрекеттесу мүмкіндігі ескеріледі.

      105. Зиянды заттардың қалдықтарын, сондай-ақ құрамында жуу және балластты сулардың зиянды заттары бар қалдықтарды жинау сыйымдылықтарынан түсіру және тапсыру порттарда қабылдау құрылыстарына жүргізіледі.

      106. Қауіпті жүкті тасымалдауға арналған кемеде кеме қатынасы тіркелімімен берілген немесе шетелдік сыныптау қоғамдарымен танылған қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кеменің сәйкестігі туралы құжаты болады.

      Қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болмаған жағдайда қауіпті жүктерді теңіз көлігімен тасымалдауға жол берілмейді.

      107. Жүк жөнелтуші зияндылық санатын дұрыс көрсете отырып, қаптамада және үюмен тасымалданатын зиянды заттарға сертификаттарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тасымалдаушыға қажетті жабдықтары мен препараттары бар жүк трюмдерінің мұз суларынан сынамалар алу және талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, егер кемеде ондай жоқ болса ұсынады.

      108. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға зиянды заттардың қаптамасы ҚЖТТХК талаптарын қанағаттандыратынын растайтын құжатты ұсынады.

      109. Тиеу (түсіру) порты кемеден жуу суларын шығару үшін кемеге ыдысты беруі тиіс.

      110. Кеме капитаны тағайындаған, қаптамада және үюмен тасымалданатын зиянды заттары бар жүк операцияларын басқаратын жауапты адам палубаға және трюмге тиелген жүктің дұрыс орналастырылуын және бекітілуін, арнайы жабылуын, әртүрлі зиянды жүктерді бірлесіп тиеу шарттарының орындалуын және тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

4-параграф. Кемелерден ағынды сулармен ластануды болдырмау тәртібі

      111. Кеменің конструкциясы, оның жабдықтары, құрылғылары және кемеден тазартылмаған сарқынды сулармен теңіздің ластануын болдырмауға арналған жүйелері МАРПОЛ-дың IV қосымшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      112. Кемеден ағынды суларды порттық қабылдау құрылыстарына ағызу осы мақсатқа арналған стандартты ағызу қосылыстары арқылы арнайы арналған құбыржолдар бойынша жүргізіледі.

      113. Ағынды суларды ағызар алдында құрама цистернаның ішіндегісі алдын ала араластырылады (қопсытылады).

      114. Порттық қабылдау құрылыстарына сарқынды суларды ағызу алдында жүйенің дайындығы тексеріледі.

      115. Сарқынды суларды ағызуға тыйым салынған аудандарда сарқынды суларды борт сыртына ағызу құбырының бекіту арматурасы жабық күйінде пломбаланады, ал жинау цистерналарын босатуға арналған сорғыларды автоматты іске қосу және тоқтату құралдары қол режиміне ауыстырылады.

      116. Ағынды суларды ағызу аяқталғаннан кейін цистерна, ағызу құбырлары порттық қабылдау құрылыстарына тапсырылып, борт сыртындағы сумен жуылады.

      117. Теңіз порттарында Теңіз портының міндетті қызметтері тізбесінің 7-тармақшасына сәйкес портқа барлық кіретін кемелер үшін жеткілікті тазартылмаған сарқынды суларды қабылдауға арналған порттық қабылдау құрылыстары көзделеді және ол осы кемелердің шамадан тыс босқа тұрып қалуына әкеп соқпауы қажет.

      118. Қазақстандық кемеден шетелдік порттағы порт қабылдау құрылыстары МАРПОЛ-дың IV қосымшасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган көрсетілген сәйкессіздік туралы Ұйымды хабардар етеді.

5-параграф. Кемелерден қоқыспен ластануды болдырмау тәртібі

      119. Кемеде пайда болатын қоқыс осы үшін арнайы тағайындалған құрылғыларға (алмалы-салмалы немесе кіріктірілген) жинауға жатады. Бұл қоқыс порттық қабылдау құрылыстарына тапсырылғанға дейін сақталады.

      120. Қоқысты жинау үшін кемеде жеке таңбаланған ыдыстар қарастырылуы қажет. Бұл ыдыстарда (банкалар, бөшкелер, қаптар, контейнерлер, шелектер) бөлек жиналады:

      – пластиктен жасалған бұйымдар (таза, сондай-ақ пластикалық емес қоқыспен аралас;

      – тамақ қалдықтары;

      – қоқыстың басқа түрлері.

      121. Қоқысты жинауға және сақтауға арналған алмалы-салмалы құрылғыларды орналастыру орындарын кеме әкімшілігі белгілейді. Алмалы-салмалы құрылғылар қоқыстың негізгі пайда болу көздеріне жақын орналастырылады және қоқысты тиеуді және түсіруді қамтамасыз ету үшін кемедегі жүк көтергіш құралдардың әрекет ету ауданында болады.

      122. Босатылғаннан кейін қоқысты сақтауға арналған ыдыс жуылады және жуу суы порттық қабылдау құрылыстарына тапсырылады.

      123. Қоқыстарды өңдеу үшін кемелер инсинераторлармен, престеуге арналған құрылғылармен немесе ұсақтағыштармен жабдықталуы мүмкін.

      124. Қоқысты ұсақтаушы оны көлемі 25 мм аспайтын бөлшектерге дейін ұсақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

      125. Тығыздауға қоқыстың көп бөлігі ұшырауы мүмкін, ерекше жағдайды құрайтын: ұсатылмаған табақ пластик, фибра, картон, сұйық және үйінді жүктерге арналған ыдыстар және қалың қабырғалы металл заттар. Жарылыстың ықтималдығына байланысты герметикаланған сыйымдылықтар нығыздалмайды.

      126. Қоқыстарды жағуға арналған қондырғы (инсинератор) Кеме қатынасының тіркелімімен немесе танылған шетелдік сыныптау қоғамдарымен мақұлданады.

      127. Кемелерде пайдаланылатын инсинераторлар қоқыс пен мұнай қалдықтарын жағуға арналған.

      128. Отын шығынын азайту мақсатында қоқыстар мен мұнай қалдықтарын бір мезгілде жағуға жол беріледі.

      129. Мұнай қалдықтарын жағу кезінде оларды жағу үшін мұнай қалдықтарын дайындау жабдығын пайдалана отырып мұқият дайындау керек. Бұл ретте пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгеннен төмен деңгейге төмендеуіне жол бермей, мұнай қалдықтарындағы мұнай өнімдерінің құрамына назар аудару қажет.

      130. Қоқыстарды жағу кезінде инсинераторға майланған шүберек пен пластиктің көп мөлшерін тиеуге жол берілмейді, себебі бұл реактордағы температураның күрт артуына және шығатын газдардың түтінінің жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін.

      131. Пластикті жағу кезінде пайда болатын күлде ауыр металдардың қалдықтары, сондай-ақ уытты қалдықтар болуы мүмкін. Мұндай күл бортта сақталады және порттық қабылдау құрылыстарына тапсырылады.

      132. Қоқыстарды сақтау аймақтарында инфекциялардың пайда болуының алдын алу үшін үнемі бақылау-алдын алу шараларын жүргізу қажет.

      133. Теңіз порттарында портқа кіретін барлық кемелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті қоқыс қабылдауға арналған порттық қабылдау құрылыстары көзделеді және ол осы кемелердің шамадан тыс босқа тоқтап қалуына әкеп соқпауы қажет.

      134. Кемеден қоқыстарды өткізу порттық қабылдау құрылыстарына жүргізіледі. Порт кеменің алдын ала өтінімі бойынша қоқысты қабылдайды немесе тиелген алмалы-салмалы құрылғыларды қабылдауды және теңіз портының міндетті қызметтері тізбесінің 7-тармақшасына сәйкес оларға қоқысты жинау және сақтау үшін жарамды бос кемеге жеткізуді қамтамасыз етеді.

      135. Егер порт айлағы немесе жүзбелі қоқыс жинаушы қоқысқа арналған құрылғыларды қабылдау және беру үшін жеткілікті жүк көтергіш құралдармен жабдықталмаған болса, онда кеме осы операцияларды өзінің жүк көтергіш құралдарымен орындауы қажет.

      136. Жүк трюмдерін, палубаларды және сыртқы беттерді жууға арналған судағы жуғыш құралдар немесе қоспалар порттық қабылдау құрылыстарына тапсырылады.

      137. Қазақстандық кемеден шетелдік порттағы порт қабылдау құрылыстарының МАРПОЛ-дың V қосымшасының талаптарына сәйкес келмегені туралы хабарлама алған кезде уәкілетті орган көрсетілген сәйкессіздік туралы Ұйымды хабардар етеді.

      138. Жалпы ұзындығы 12 м немесе одан көп әрбір кемеде, сондай-ақ стационарлық және жүзбелі платформаларда провизиялық қоймалар, асхана, кают-компаниялар ауданындағы жақсы көрінетін жерлерде, жүріп өтетін көпірде, басты палубада және басқа да тиісті орындарда қоқыс шығару бойынша қолданылатын талаптар туралы экипаж бен жолаушыларды хабардар ететін 12,5×20 см көлемдегі плакаттар ілінеді.

      Плакаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде және қажет болған жағдайда ағылшын тілінде жасалады.

      139. Жалпы сыйымдылығы 100 және одан да көп тіркелімдік тонна әрбір кемеде және 15 адамды немесе одан да көп адамды тасымалдауға жол берілетін әрбір кемеде, сондай-ақ стационарлық және жүзу платформаларында экипаж орындайтын қоқысты жоюды басқару жоспарының болуы қажет.

      Көрсетілген жоспар кемедегі жабдықты пайдалануды қоса алғанда, қоқысты барынша азайту, жинау, сақтау, өңдеу және жою жөнінде жазбаша ресімделген рәсімдерді көздейді. Онда жоспардың орындалуына жауапты адамдар да көрсетіледі.

      140. Экипаж орындайтын қоқысты жоюды басқару жоспары Ұйымның Теңіз ортасын қорғау жөніндегі комитеті МЕРС қарарымен қабылдаған қоқысты жоюды басқару жоспарларын әзірлеу жөніндегі басшылыққа сәйкес болуы қажет және экипаждың жұмыс тілінде жасалуы тиіс.

      141. Теңіз ортасы немесе кеме қатынасы үшін елеулі қауіп төндіретін аулау құралдарының тасталуы немесе авариялық жоғалуы болған кезде кеме капитаны кеменің туын көтеріп жүзуге құқығы бар мемлекетке және егер жоғалту немесе тасталу жағалау мемлекетінің юрисдикциясындағы суларда болса, онда осы жағалау мемлекетіне хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады