Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысандарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 574 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 тамызда № 19197 болып тіркелді

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпараттың нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпараттың нысаны бекітілісін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2019 жылғы "___" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 574 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпарат

      20 __жылғы _______________ ____ сағат ____ минут _________________

      (күні, айы)

      _________________ тасымалдау бөлімшесінің _______ аралығы ____________

      км _____________ пикет ___________________ учаскесінде,________________

      ___________________________________________________________________

      (жүру қауіпсіздігінің бұзушылық жағдайының түрі мен мән-жайы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ жіберілді

      Нәтижесінде ________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (жолдың жоғарғы құрылысының, жылжымалы құрамның және

      құрылыстардың зақымдануы туралы ақпарат)

      Қосымша ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (зардап шеккендер мен құрбандар, қоршаған ортаның ластануы туралы ақпарат)

      ___________________________________________________________________

      Жағдайдың алдын ала себебі __________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________ ______________________________________________

      (күні мен уақыты) (қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      Ескертпе:

      Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 574 бұйрығына
2-қосымша
Нысан

Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат

Күні (күні, айы, жылы), уақыты

Жол бөлімшесінің атауы, оқиға орны (учаске, станция, аралық, километр, пикет), қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылығы орын алған аумақтағы кәсіпорын атауы

Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (қозғалыс қауіпсіздігі жағдайының мән-жайы, зардап шеккендер және құрбандар, қоршаған ортаны ластау туралы, жолдың жоғарғы құрылысы, жылжымалы құрам , жасанды құрылыстардың және. зақымдалғаны туралы мәлімет)

Зауыт, инвентарлық нөмірін және меншік иесін көрсете отырып зақымдалған жылжымалы құрам тізімі

Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылығының түрі

Жол учаскесінің техникалық сипаттамасы

Кешіктірілген жолаушылар, жүк поездары туралы мәлімет (саны, пойыз нөмірі және кідірген уақыты)

Қалпына келтіру жұмысын жүргізу туралы мәлімет

Оқиға орнына шыққан адам (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11











      _________________________________________________ / _________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), (қолы)

      Ескертпе:

      Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір тәуліктен кешіктірілмей жазбаша нысанда беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады